Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физикадан практикалық жұмыс

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқып білген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және оларға сапалық, сандық есептерді шешуге үйрету.
Дамытушылық: Өткен тақырыпты талдап, салыстыра отырып есеп шығару қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және ұжымшылдыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ішкі энергияны механикалық жұмыс істеу жолымен өзгертудің өлшемі қалай аталады?
2. Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін қалай айтамыз?
3. Массасы 1кг заттың температурасын 10С - қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті несі деп аталады?
4. 1 г суды 10С - қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін қалай айтамыз?
5. Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Есептер шығару.
Эстафеталық білім картасы.

Аталуы ---------------------------------------- Белгіленуі ----------- Өлшем бірлігі
Жылумөлшері
Дененің массасы
Дененің көлемі
Заттың тығыздығы
Абсолют температура
Заттың меншікті жылусыйымдылық

№1. Массасы 10 кг кірпіш 10 ºС – тан 35 0С - қа дейін қыздырылған. Бұл үшін қандай жылу мөлшері керек болған?
(Ж: Q = 220кДж)
№2. 5 т шойынды 10 ºС – тан 70 ºС – қа дейін қыздыру үшін қанша жылу керек?
(Ж: Q = 162МДж)
№3. Оқушы бала суды 15 ºС – тан қайнағанша (100 ºС) қыздырғанда оның ішкі энергиясы 178, 5 кДж – ға көбейгенін байқады. Қыздырған судың массасы қандай еді.
(Ж: m = 0, 5 кг)
№4. Массасы 20 г алюминий кесегі суыған кезде оның ішкі энергиясы 1 кДж – ға азайды. Осы мәліметтер негізінде алюминийдің температурасы қанша градусқа өзгергенін табыңдар.
(Ж: ∆t = 200 ºС)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
43 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы
Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы
Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруінің маңызын түсіндіру Оқушыларға қатты денелердің балқу температурасы жөнінде түсінік бере отырып, ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан дамыту. Оқушыларды табиғаттағы қатты денелердің маңызын ескере
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исабекова Бибинур
Жылу мөлшері тақырыбына есептер  шығару
Жылу мөлшері тақырыбына есептер шығару
Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп Қызылорда обылысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы. Физика пәнінің мұғалімі: Кәдірбаев Оңдаш
Заттың меншікті жылусыйымдылығы
Заттың меншікті жылусыйымдылығы
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бекетова Ғалия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×