Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсауының алдын алу

03 қаңтар 2016, Жексенбі
Категориясы: Психология
Жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсауының алдын алу.

Шалқар қаласы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
педагог - психологі
Жадрасинова Мнира Жанайқызы

Соңғы жылдары адамдардың өз - өзіне қол салу фактілерінің жиілеп бара жатқаны байқалуда. Әсіресе көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Суицидтік мінез - құлық – кең мағыналы түсінік, суицидтен басқа, суицидтік қастандық, суицидке талпыныс пен көріністерді қамтитын ұғым.
Соңғы 15 - 20 жылда жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында өзіне - өзі қол жұмсау санының өсімі ерекше үрей туғызады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жергілікті бюросының мәліметтері бойынша соңғы 15 жылда 15 - 24 жастағылардың өзіне - өзі қол жұмсау саны 2 есеге өсті және экономикалық дамыған мемлекеттерде өлім - жітімнің басты себептерінің қатарында суицид 2 - 3 орында тұр.
Суицидке бейім «тәуекел тобына» жататын жасөспірімдер:
- Тұлғарарлық қарым - қатынасы бұзылғандар немесе «жалғыздық күйін кешушілер»;
- Ішімдік және есірткі пайдаланушылар, басқалардан өрескелдеу немесе бұзақы тәртібімен көзге түсушілер, күштеуге, басқаларды ұрып - соғуға бейімдер;
- Көп уақыт бойы депрессивті көңіл - күйде жүргендер;
- Өз - өзіне тым сыни көзқараста қарайтын жасөспірімдер;
- Созылмалы және өлімге апарып соғатын аурудан, қайғылы оқиғадан немесе намысын таптаған жағдайдан өз - өзіне келе алмай, қайғырып жүргендер;
- Әлеуметтік - сәтсіз отбасынан шыққандар, отбасынан қашып кеткен немесе ата - аналары ажырасқан;
- Суицид жағдайы бұрын тіркелген отбасындағы жасөспірімдер.
Суицидке негіз болатын көңіл - күй бұзылуының белгілері:
- тәбеттің жойылуы немесе керісінше қомағайлық;
- ұйқысыздық немесе керісінше соңғы күндері қатты ұйқысы келе беруі
- өз - өзін нашар сезінетіні туралы жиі шағымдану (іштің ауруы, басы ауруы, үнемі шаршап тұруы, үнемі ұйқысы келе беруі;)
- өзінің сыртқы келбетіне айырықша менсінбей қарауы;
- үнемі жалғыздықты қалауы, уайымшыл, кінәлі, әрі қайғылы күй кешуі;
- күндегі ортада ішінің пыса беруі немесе бұрын рахат алатын жұмысының нәтижесіне енді көңілінің толмауы.
- Қарым - қатынастан, байланыстан қашу, достары мен отбасынан аулақ жүру, «жалғыздық күй кешетін» адамға айналуы
- Істеген жұмысының сапасына көңіл аудармауы;
- Өлім туралы жиі ойлауы;
- Болашаққа жоспар құрмауы;
- Болмашы нәрсе үшін қатты, әрі тез ашулануы;
Суицидке бейім жасөспірімдерге көбіне сезім жетекшілік етеді. Олар болашаққа
сенбейді, солай бола тұрса да, өзін біреудің аман алып қалатынына үміт артады.
Өлімге дайындалудың белгілері
- Өз - өзіне қол жұмсау мүмкіндігінің мынадай белгілері бар:
- Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлан түю. Адам қалай болса солай
жүріп, бірақ бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды. Соңғы дайындықтарды жасай бастайды.
- Қоштасу. Өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.
- Сыртқы қанағаттанушылық - энергияның құйылуы. Өзіне қол жұмсау туралы
жоспарын толық жасалынса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс энергия пайда болады. Күш қуат көбею жағдайы терең депрессияға қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін.
- Жазбаша түрде хатта, күнделікте, жазған
- Сөзбен көрсету немесе қорқыту.
- Жоғарыда көрсетілген белгілердің орындалуына себеп болған жақын адамынан
айырылу. Үйінен айырылу.
- Ұйқысыздық.
- Тұйықталу,
- Еш нәрсеге қызықпаушылық,
- Үнемі мазасыздану, ашуланшақ, ұйқысыздыққа қарсы дәрілерді қолдану т. б.
Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері:
Дәл қазіргі кезде жастар арасында өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жиі белең алып тұр. Бірі маскүнемдіктің құралы болса, бірі жат қылықтың жетегінен шыға алмай қор болуда. Уақытша қиындыққа төзе алмай, тосын оқиғаға тап болып, өмірімен ерте қош айтысып жатқандар қаншама. Сонда олар үшін өмірдің мәнінің бір тиындық құны болмағаны ма? Әлде жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаны ма?! Шыдамдылықтың шегінен шығып, тағдырдың тосқауылына төзе алмауларына не шара?!
Ал енді өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтеріне тоқталсақ.
• Көмек іздеу – өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін
өзі өлтіруді олар бір нәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу).
• Үмітсіздік – өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда
өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы
• Шешімін таппаған мәселелері көбейіп кеткенде – оны барлығы маңызды, бірақ
шешу мүмкін емес, әрқайсысын жеке алып қарастыруға мүмкіндіктің болмауы.
• Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау – «Олар әлі өкінеді».
Кейде адам, өз - өзіне қол жұмсау арқылы, өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
Батылдығы мен күшін көрсету – тек батыл және күшті адам ғана өз - өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.
Жасөспірімнің суицидке бой ұрынуына қарсы тұрушы факторлар
Тұлғаның өзіне – өзі қол жұмсауына қарсы тұратын факторлар – өмірге қалыптасқан оң көзқарасы, өмірдегі ұстанымы, тұлғалық сипаты және мінез - құлық ерекшелігі, сонымен қатар өзіне - өзі қол жұмсауға қарсы тұратын ішкі толқулары, сезімдері. Оған мыналар жатады:
- Өзіне өте жақын туыстары мен жақындарына деген айрықша құрмет сезімі;
- Жауапкершілік, аманат сезімін сезінуі
- Өз денсаулығына мән беру, өзіне зақым келтіруден қорқуы;
- Қоғамдық пікірмен есептесу және араласатын ортасының өз - өзіне қол жұмсауды
масқара деп танығандықтан, оны дұрыс емес нәрсе деп қабылдайтындықтан әңгіме талқысынан қашуы.
- Өмірдегі мүмкіндіктерді толыққанды игеріп үлгермедім деген сенімі;
- Өмірлік, шығармашылық, отбасылық және басқа да жоспарларының, ойларының болуы;
- Рухани, тәлім - тәрбиелік ойлардың мазалауы;
- Мінездің жұмсақтығы кез келген нәрсеге бейімделіп кету қасиеті, психикалық
ауыртпалықты еңсеру тәсілдерін қолдана білуі;
- Өмірлік құндылықтардың белсенділігі, мақсаттың болуы;
- Өмірге деген құштарлығының жоғары болуы;
- Діни сенімнің деңгейі және өз - өзіне қол жұмсау күнәсінен қорқуы;
- Жарқын болашағы мен өмірін жоспарлай білуі;
- Ойша өз - өзіне өлтіргеннен кейінгі сыртқы кейіпіне деген жиіркеніші.
Жасөспірімнің бойына өмірге деген құштарлық және жоғарыда аталған факторлар
қаншалықты көбірек кездессе, соншалықты оның «Психологиялық қорғанысы» және іштей өз - өзіне сенім күшті болады.
Өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу
Баланың бойында өз - өзіне қол жұмсау белгісінің пайда болуына әрқашан үлкендер кінәлі!
Суицидке апаратын белгілер пайда болса, оған айрықша мән беру керек. Өйткені бұл – көмекті қажет ететін дағдарыстағы адамның жан айқайы. Жасөспірімдер депрессиясының алдын алуда ата - ананың рөлі зор. Баланың көңіл - күйі болмаса немесе одан жан күйзелісі белгілерін байқасаңыз, оған тез арада көмектесуге тырысу керек.
Біріншіден, баланы әңгімеге тартып, оның жағдайын сұрап, оған түрлі сұрақтар қойып, болашақ туралы сөз қозғап, жоспар құру қажет.
... Егер сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл – болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Осыған орай ұсынылатын психологиялық кеңестер:
• Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.
• Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына
қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар.
• Оның сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі
туралы көп айтыңыз. Оның сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.
• Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа
немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.
• Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған
көп көмегін тигізеді, себебі ол жарқын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.
Депрессия адамда ауыр өтуі мүмкін. Дегенмен одан сауығып кетуге әбден болады. Адам бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын ол біле бермейді.
Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстың қуана сайрағанын сезінесіз..
16 862
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адам өмірі – басты құндылық
Адам өмірі – басты құндылық
Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге және достарына көмектесуге тәрбиелеу.
Жасөспірімдер арасында суицидті әрекетті алдын алу
Жасөспірімдер арасында суицидті әрекетті алдын алу
Суицид (ағылшын тіліндегі suicide сөзінен шыққан, аудармасы өзіне - өзі қол жұмсау) дегеніміз бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды.
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Өмірді сүйе білейік
Өмірді сүйе білейік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебі әлеуметтік педагог Роза Сатығалиева
Өз-өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Өз-өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Ақтөбе облысы. Ойыл ауданы. Сапақкөл орта мектебінің психологі Есмұханова Индира Наурызбайқызы
Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары
Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×