Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам өмірі – басты құндылық

30 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге және достарына көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақ формасы: дөңгелек үстел (8, 9, 10 кл.)
Сабақ көрнекілігі: суреттер (суицидқа байланысты), кесте, жадынамалар (өлең жолдары), плакаттар (нақыл сөздер), шелек, ақ қағаз, слаид шоу.

Сабақ барысы:
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.
Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)
1, 2, 3 деп соғайын (қол соғу)
Қарсы тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын (бір – біріне)
Қарсы тұрған көршімнің
Маңдайынан сипайын (бірінің маңдайынан сипау)
Күлімдеп бір қарайын (жымияды)
Құшақтасып алайын (құшақтайды)

- Қандай сезімде болдыңыздар?(көңілдерін сұрау). Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Бүгін сабағымыздың тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық деп аталады. Тақырыпты бұлай алу себебім, қазір суицид әрекеті жасөспірімдер арасында кеңінен алып отыр.
- “Суицид” сөзін ағылшын тілімен аударғанда “өзін – өзі өлтіру ” деген мағынаны білдіреді. Соңғы 5 жылда өзінің өмірін қиғандар саны 14157 - ге жетіп отыр. 2009 жылдың I жартжылдық қорытындысы бойынша, Республикада кәмелетке толмағандар арасында 216 суицид жағдайлары мен суицидке ұмтылу әрекеттері тіркелген. Жыл сайын әлемде 20 сек. адам өмірімен қоштасады екен.
Енді назарымызды тақтаға аударайық (таблица түсіндіру):
Енді сіздерге бірнеше сұрақтар қоям, осы сұрақтарға өз ойларымызды айтып, ортаға салайық:
1. “ Суицид ” ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Адамдар не себепті суицидқа барады?
3. Суицидтің қандай жолдары бар?
4. Суицид әрекетінің куәгері болған жағдайда қандай күйде болар едің?
5. Суицид әрекетін алдын – алу үшін не істер едің?
6. Қоғамда немесе мектепте суицидқа қарсы қандай шаралар атқарылу керек деп ойлайсын?

Слаид көрсету.
Адамның өмір бір – ақ беріледі. Қамшының қысқа сабындай ғана өмірде сәнді
де мәнді өткізу әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ол үшін өзімізге мақсат қойып, сенімді болайық. Қандай жағдай болса да өмірден бас кешіп, бәрінен жалығуға, түңілуге болмайды. Тығырықтан шығатын жолдың бар екенін ұмытпаңыздар. Ол үшін жанымыздағы адамдарға, жолдастарымызға көңіл бөліп, жанын не жаралайтынын білген жөн.

Адам өмірі – басты құндылық. жүктеу
7 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы
Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы
Оқушыларға тіктөртбұрышты параллелепипед және текше туралы түсініктерін қалыптастыру; санның кубын есептеп үйрету.
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Судың маңызы
Судың маңызы
Судың адам өміріндегі маңызы, сусыз тіршілік жоқ екендігін ұғындыру, суды қорғауға үйрету
Математикадан өткенді қайталау
Математикадан өткенді қайталау
Логикалық есептердің адам өмірінде тиімділігін дәлелдеп, қазіргі кезде олардың қолдану жайында анықтау және әр сабақта, кез - келген уақытта қолдана білуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділіктерін арттыру
Бір – бірінен қарама – қарсы қозғалысқа берілген есептер
Бір – бірінен қарама – қарсы қозғалысқа берілген есептер
Бір – бірінен қарама – қарсы қозғалысқа берілген есептер
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің мұғалімі Жансая Серікқалиқызы Бакибаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×