Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары
(дөңгелек үстел)
Уақыты: 25. 02. 2013 жыл
Қатысқандар: 15 ата-ана
Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! Бүгінгі дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Дөңгелек үстелді бастамас бұрын сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр. Жалпы сіздер суицид дегенді бұрын естідіңіздер ме және ол нені білдіреді? (ата-аналардың ойлары тыңдалады)

Өз-өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді қатты алаңдатып отырған үлкен мәселе. Дүниежүзінде жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қиса, 10-20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Ең жаманы өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың арасында жастар өлімінің көбеюі.
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді.
Әлем бойынша өзін-өзі өлтіруге қол жұмсайтындар жайлы мәлімет келтіретін болсақ өз-өзіне қол жұмсау жоғары және өте жоғары елдер(100 мың адамнан 20-дан көп адам), оны пайызбен көрсеткенде
1 ------- Жапония ---------- 27, 1
2 -------- Венгрия ---------- 35, 9
3 -------- Эстония ----------- 40
4 --------- Ресей ------------ 39, 4(жыл сайын 60 мың адам)
5 ---------- Литва ----------- 42, 1
6 ---------- Латвия ---------- 42, 5

Өз-өзіне қол жұмсаудың қазіргі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталып отыр. Әлемде кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, биік жерлерден секіру, қару қолдану.
Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің мынадай себкебін анықтап отыр: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махабаттағы сәтсіздік, жалғыздық, қорлық, зомбылық көру, мүгедектік т. б.

Өзіне-өзі қол салу үш топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрациялы.
Ашық суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден баз кешу жайлы ойлап, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді.
Демонстрациялы суицидке өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.

Жасырын суицидке өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындар баратын мінез қылығының бір түрі. Жасөспірімдер арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы өз үлгілерін табады да, оларға «көшірме» ретінде еліктейді.

Жасөспірімдердің мінезі тұрақсыз келгендіктен, сенгіш келеді, жел сөздерге еріп, әр түрлі әрекеттер жасайды. Жасөспірім көбінесе өліммен қорқытып, өзінің қарсыласын бағындыру мақсатында және бұл әрекетті ең дұрыс тәсіл деп түсінеді, қайғылы жағдайларға ұшырайды.
Біз жасөспірімдерге өз-өзіне қол салу-табиғаттың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналатынын түсіндіруіміз қажет.

Мен осындай жағдайға душар болған бір баланың хатын оқып берейін.
«Құрметті анам, әкем және бауырларым. Менің істеген ісімнен кешірім сұраймын, бірақ мен сіздердің барлығыңызды жақсы көремін. Өтінемін, өтінемін, өтінемін мені осы үшін кіналамаңдар. Бұл менің қателігім, сіздің немесе басқа біреудің қателігі емес. Егер бұл жағдайды қазір істемесем мен мұны келесі жолы істер едім. Біз барлығымыз бір күні өлеміз, тек мен ертерек өмірмен қош айтыстым.»
Мен сіздерді жақсы көремін, Серік

17 жастағы Серіктің өлімі ауыр жағдай. Жастардың өзіне қол жұмсауы бақытсыз жағдайлар және созылмалы аурудан өлетін жастардан кейін үшінші орында тұр. Соңғы уақытта үкімет және қоғамның назары ұлттық денсаулық сақтау проблемаларының ішінде жастар арасындағы суицидтің көбеюіне байланысты болып отыр. Соңғы онжылдықта ата-анасынан, оқу-тәрбиелік орындардан қашып кеткен, сонымен бірге хабарсыз кеткен балалар үш есеге көбейді. Прокурорлық тексерістер мәліметі бойынша мұндай ауыр тенденцияның көбеюінің негізгі себебі жанұя және қоғам тәрбиесінің жоқ болуы; үлкендер және құрдастарының аяусыз қарауы, жасөспірімдерді қашуға және оларды суицидке итермелейді.

Рухани және дене күшімен күштеу, тәрбиелеудің төмендеуі, адамдық қасиеттерін төмендету көптеген балалар мен жасөспірімдер жанұясында және білім беру орталықтарында көп кездеседі. Мемлекеттік статистика мәліметі бойынша өзіне қол жұмсаған балалар және жасөапірімдер саны 12, 7%- ті құрайды. Соңғы бесжылдықта кәмелетке толмай өзіне қол жұмсағандар саны-14157. Әрбір осындай болған жағдай артында-апат, шешім таба алмау, өмір алдындағы үрейді өлім үрейінің жеңіп кетуі. Кәмелетке толмағандардың өзіне қол жұмсау себептерін, қылмыстық істер және жағдайды тексеру анализін басты прокуратура көрсеткендей барлық өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің 62%- ті жанұядағы кикілжің және жағдайдың болмауы, үлкендер жағынан қорлық көруден қорқу, мұғалімдермен, кластастармен, достармен кикілжің, қоршаған қатігездігі құрайды. Мұндай қадамға негізінен көп үндемейтін, өзін жалғыз сезінетін тез ренжігіш жасөспірімдер, өзінің керек еместігін сезінетін, стресстер және өмір мағынасын жоғалтқандар барады. Мұндай жағдайды болдыртпау үшін дер кезінде психологиялық көмек және оның жағдайына шынайы қатысу қажет.
Егер адам өзіне қол жұмсауды нақты ойланса, онда оны бірнеше себептер арқылы тауып, оларды үш топқа бөлеміз: ауызша, мінез-құлық, ситуациялық.

Ауызша белгілері:
Өзіне қол жұмсағысы келіп жүрген адам өз жан-дүниесі туралы жиі айтады:
«Мен өзіме қол жұмсаймын»;
«Мен әрі қарай өмір сүре алмаймын»;
«Мен ешкімге масыл болмаймын»;
«Енді сен мен туралы уайымдамайсың»;
Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп қалжыңдайды.
Өлім туралы сұрақтарды көп қояды

Мінез-құлық белгілері:
1. Адамдарға өзіне қымбат заттарын таратады, істерін аяқтап, бұрын конфликтіге түскен адамдармен достасуға тырысады.
2. Мінез-құлықта түбегейлі өзгерістер болады. Олар: тамақта-шамадан тыс аз немесе шамадан тыс шамадан көп тамақтану; ұйқы-аз немесе көп ұйықтау; сыртқы бейне-ұқыпсыз болу; әдеттерде-сабақтан қалу; жанұядан және достарынан оқшайланып қалу және т. б.
3. Дәрменсіздіктің, үмітсіздіктің және қажу белгілерінің көрінуі.

Ситуациялық белгілері:
Адам өзіне қол жұмсауға дайын болады, егер:
1. Әлеуметтік оқшаулану (достары болмау немесе тек бір досы бар), өзін қоғамнан тыс қалдым деп сезінуі;
2. Тепе-теңдік күйде өмір сүрмеу (жанұяда маңызды кризистін болуы-ата-аналарға немесе ата-анасының бір-бірімен қарым-қатынасы; алкоголизм-жеке немесе жанұялық проблема);
3. Өзін зорлық-зомбылық құрбаны ретінде сезіну-физикалық, жыныстық және эмоциональдық.
4. Суицидтік жағдай бұрын болған.
5. Достарының біреуі, таныс адамы немесе жанұя құрамындағы біреу суицидтік әрекетке барған болса, онда осы адам да өзіне қол жұмсауға әрекет етуге бейімделуі мүмкін.
6. Ең жақын адамын жоғалту (тумаларының біреуінің өлімі, ата-аналарының ажырасуы)
7. Өзіне деген сынның шамадан тыс болуы

«Жол» ертегітерапиясы.
Дөңгелене отырамыз. Ертегі тыңдағыларыңыз келе ме?
Ертеде бір адам болыпты. Енді ғана өмір есігін ашып, тәй-тәй басып келе жатқан кезде бейкүнәге жолығыпты.
Бейкүнә:
- Сәлем, балақай. Сенің жолыңда жақсылық, қуаныш кездесуіне тілектеспін-дейді. Осылай жүріп келе жатып жеткіншек шаққа кездеседі, жетеді. Оған бір өткем дауыс:
- Тоқта, қайда барасың? Кері қайт-естіледі. Бұл-ашу-ыза екен! Осы кезде бір сыбырлаған дауыспен:
- Бері кел, мен саған ашу-ызадан бөлек жақсы жас тауып берем дейді. Қараса-үлкен көздер екен.
- Сен кімсің? – дейді.
- Мен қорқынышпын дейді.
- Мен адамдардың ашу-ызаның жолына түсіп кетпеуі үшін осы жерді күзетіп тұрамын дейді. Бала сол жолмен жүріп келе жатады. Алдынан ну орман шығады, бірте-бірте жол көрінбей тұйыққа тіреледі. Осы жерде қатты жылап отырған қызды көреді.
- Сіз кімсіз? – дейді
- Мен қайғымын – деп тіл қатады.
- Сізге не болды?
- Менің дертім ашу-ызаның жолынан бұрып алып мені осында алып келді. Мен адасып қалдым-дейді.
- Онда сіз менімен жүрініз.
- Дертімді не істеймін – дейді.
- Сен оны ну орманға қалдыр. Сөйтіп қайғы мен жігіт кейін қайтады. Алға қарай қадам басқан сайын бойлары жеңілдей түседі. Ашу-ыза:
- Алға қарай қадам бассаң қиын болады, кейін қайт дейді.
Жігіт: Енді мен ешнәрседен қорықпаймын, кей күні сынасайық дейді.
Қорқыныш:-Сен мен көрсеткен жолдан неге қайтып келдің?
Жігіт: Мен өзімнің даңғыл жолымды тапқыш келеді. Осы кезде, ашу-ыза сылқ етіп отыра кетті. Мен сенің ерік-жігеріңді, табандылығыңды байқадым. Жүре бер өз жолыңмен. Осылайша ашу-ыза, қорқыныш жолдан шығып кетеді. Жігіт қайғыға қараса күліп тұр екен.
- Сіз кімсіз? – дейді.
- Мен қуанышпын-дейді.(күлімсіреп)
Ойтолғау (ата-аналар сұраққа жауап беру арқылы өздерінің ой-пікірлерін айтады)
«Өмір туралы» флэштренинг көрсетіледі.

Ата-аналарға кеңестер ұсынылады.
Ата – аналарға арналған кеңес:
• Ата-аналар үшін стресс болмайтын жайттардың балалар үшін стресс алу себептерінің бірі болуы әбден мүмкін. Әрбір ата-ана әрбір қадамын ойланып жасауы қажет;
•Баланың көзімен әрбір жайттарды көруге тырысыңыз;
• Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз;
• Жатар алдыңда баланы қандай жағдайлар мазалап жүргені туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіруі үшін оны үндемей тыңдауға тырысыңыз;
• Балаға көп уақыт бөліңіз, сырласыңыз. Баланың ойымен санасыңыз. Бала әр кезде бала болып қалуы керек;
• Балаға үнемі қол ұшын созыңыз. Бала сіздің қорғаушы, көмекші, келеңсіз жағдайларда кеңесшісі екеніңізді білуі керек;
• Баланың әңгімесіне іс – әрекетіңе назар аудара жүріңіз (өлім туралы әңгімелер, өзінің өлімі туралы түс, адам өлтіру құралдарына аса қызығушылықпен қарау, өмір мағынасын жоғалту жайында ой толғаулары, өмірмен, жақындарымен қоштасу мазмұнындағы хаттар т. б.)
• Баланың физикалық әлсіреуі, өмірде тәжірибесіздігінен қиындықтарды жеңуге икемсіздігі т. с. с.
• Баланың көңіл – күйінің өзгеруі, абыржушылық, асығыстық, т. с. с.
• Ұйқысының тынышсыздануы (кейде баланың қорқынышты түс көрулері т. б.)
• Баланың үнсіз жүруі, оқшаулануы;
• Өзіне – өзі сенімсіздік сезімінің болуы;
• Достарының жоқ болуы;

Баламен сөйлесу барысында келесі заттарға сендіру қажет:
А) қазіргі таңда басынан өтіп жатқан жағдайдың өткінші екендігін айту;
Б) оның өмірі туғандарына, тумаларына және достарына керектігін, егерде бұл өмірде болмай қалған жағдайда қоршаған адамдарға соққы екендігін жеткізу;
В) өз өмірін қалай құру керектігін құқылы екенін айту, бірақ өмірден кетуді кейінге қалдырып, барлығын толық ойлану қажеттігін айту.

«5 құндылық» тренингі
«Мейірімділік» флэштренинг
Бірге ән шырқайық. «Құстар қайтып барады»
«Сыйқырлы карандаш» Сіздің қолыңызға Ғажайып әлемнің карандашын ұсынамын. Осы карандашты қолыңызға ұстағанда өмір туралы құнды бір сөз айтасыз.
Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлең жолдарымен бүгінгі дөңгелек үстелімді аяқтағым келіп отыр.
Өміріме өзімнің таңданамын
Қалмаймын деп қатардан қарманамын
Бүгінгіні өткізсем қиындықпен
Ертеңіме үмітпен алданамын

Сіздің өміріңіздің мәні-бала, сәні-бала! Салтанаты, махабаты, мәртебесі-бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке-өмірлік қазық» деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген, өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.
31 370
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адам өмірі – басты құндылық
Адам өмірі – басты құндылық
Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге және достарына көмектесуге тәрбиелеу.
Жасөспірімдер арасында суицидті әрекетті алдын алу
Жасөспірімдер арасында суицидті әрекетті алдын алу
Суицид (ағылшын тіліндегі suicide сөзінен шыққан, аудармасы өзіне - өзі қол жұмсау) дегеніміз бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды.
Жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсауының алдын алу
Жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсауының алдын алу
Соңғы жылдары адамдардың өз - өзіне қол салу фактілерінің жиілеп бара жатқаны байқалуда. Әсіресе көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай.
Өмірді сүйе білейік
Өмірді сүйе білейік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебі әлеуметтік педагог Роза Сатығалиева
Өз-өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Өз-өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Ақтөбе облысы. Ойыл ауданы. Сапақкөл орта мектебінің психологі Есмұханова Индира Наурызбайқызы
Қазақстан Республикасының заңдары
Қазақстан Республикасының заңдары
Құрметті ұстаздар!   Сіздер білесіздер жақыннан бері білім министрінің бұйрығы бойынша барлық мұғалімдер аттестациядан өтулері тиіс. Осы аттестация барысында мұғалім біршама сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сұрақтар тест түрінде ұйымдастырылады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×