Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күләш Ахметова - Талапкерге

27 мам 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Сценарий
Күләш Ахметова - Талапкерге

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек,
Енді басқа жиын - той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа оп - оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз ол күн есіңде сақталары,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
Күтпейді тек кластың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп.

Уақыт та емтихан алар,
Ол сын қорқыта алмас.
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал тәуекел деп.
Емтиханда, өмірде жолың болсын.
6 129
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
Жез қоңырау сыңғыры
Жез қоңырау сыңғыры
Бұйыртады тағдыр, шіркін, әр адамға несібін, Кеше емес пе ед мектеп - ұя бұларға ашқан есігін. Енді, міне, содан бері зулап жылдар өтіпті, Мектебімен қоштасар сәт бұларға да жетіпті.
«Жыр Күләші» (Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кеш)
«Жыр Күләші» (Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кеш)
Құрметті ұстаздар мен жыр сүйер қауым! Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кешімізге қош келдіңіздер. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кемде емес. Солардың бірі - өлең өлкесінде өзіндік өнерімен ерекшеленетін, қиялға қанат сермеген
Тойға арналған тілектер
Тойға арналған тілектер
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңі
Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермаганбетова Марал Маратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×