Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық Үшкемпіров

08 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Спорт саңлақтары
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген.

Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандығын қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі.
1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.

Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын.

Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.

Түрлі халықаралық турнирлерде өзімен тең түсетін қарсыластарымен шыққан ұзақ та, титықтатқан күрестер, содан кейінгі Одақтық біріншіліктегі чемпион атанған табысынан кейін ғана Ж. Үшкемпіров, өмірінде бірінші рет Олимпиада ойындарына кандидаттық жолдама алды.

Ж. Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін Олимпиадаға қатыстуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен төрт адамның кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж. Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Резанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды.

Олимпиада күндері Ж. Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайша қазақ қазақ болғалы қолын тұңғыш «Олимпиада чемпионы» деген атаққа Жақсылық Үшкемпіров жеткізді.
8 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов
Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов
Белгілі кеңес жазушысы Қасым Қайсенов сәуірдің 23күні 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу - Бұлақ аулында дүниеге келді. Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1934 жылы Өскемен қаласында Саяси - ағарту техникумына түседі.
Реттік сан есімнің жасалуы. Күрес
Реттік сан есімнің жасалуы. Күрес
7 сыныптың қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары. Ұлттық ойын туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Қазақтың белгілі спортшылары. Реттік сан есім
Қазақтың белгілі спортшылары. Реттік сан есім
Жезқазған қаласы, №3 орта мектебінің қазақ тілі пән мұғалімі Жунусбекова Ботакөз Хабитовна
Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Әуелбек Қоңыратбаев. Балуан
Әуелбек Қоңыратбаев. Балуан
ШҚО, Аягөз ауданы, Малкелді ауылы, Т. Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп КММ бастауыш класс мұғалімі Бейсенбаева Гүлжихан Тоғызбайқызы
Қазақша күрестің әдістері
Қазақша күрестің әдістері
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Кайырбеков Сагдат Исламғалиевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×