Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары

17 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: қазақ мүсін өнерін қалыптастырушымен таныстыру, мүсіншінің көркем шығармаларын талдау, мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру;
ә) дамытушылық: мүсін өнері жөніндегі білімдерін кеңейту және анықтау;
б) тәрбиелік: оқушылардың мүсін өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікке үйрету
Сабақтың әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс,
Көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, мүсін түрлері, интерактивті тақта, слайдтар.
Қолданылатын құралдар: Презентация, ермексаз, тақтайша.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, құрал - жабдықтарын тексеру, оқушылардың назарларын сабаққа аудару, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
Мүсін – кеңістікте жан - жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі Римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді.
Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев – қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұстаз, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көпшілік қауым жақсы тани бермейтін азамат тарихи тұлғалардың мүсіндерін сомдауда зор табыстарға жеткен. Әр тұлғаның бейнесін, жан дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылды. Осы салада қажырлы еңбек еткен, жан - жақты зерттеулер жүргізген мүсіншінің өмір жолы өнегелі істерге толы.

Х. Е. Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұлыкөл ауылында дүниеге келген. Сұм соғыстың алғашқы жылдарымен тұспа - тұс келген мүсіншінің балалық шағы бақташының, темірші - ұстаның ауыр жұмыстарын істеумен өтеді. Оның шебер болып қалыптасуына бұл жағдайдың да әсері болды дей аламыз. Ұзақ күн мал бағып, далада жүрген бала жігіт табиғат әсемдігін танып, сұлулықты бойына сіңіріп өсті. Ал темірді қалағанынша балқыта иіп, ұсталықпен айналысуы түрлі мүсіндерді соғуға машықтандырады. Өнерге деген талпынысын сезген үлкендердің көмегімен Мәскеудегі суретшілер дайындайтын арнайы мектепте білім алып, өнердің басқа да қыр - сырымен танысады.

Кейіннен 1943 жылы Алматының көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Осы училище қабырғасында жүргенде Хакімжан Наурызбаев Украин суретшісі Ольга Николаевна Кудрявцеваның шеберханасында сабақ алады. Сол кісінің кеңесімен 1945 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсін факультетіне оқуға түседі. Хакімжан Есмаханұлы ұстазының өзіне деген қамқорлығына қатты риза болғандығы жөнінде: «Ольга Николаевнаның туындыларымды мұқият талдап, құнды кеңес берген хаттарын ардақты ескерткіш ретінде аялап сақтап жүрмін», - деп сүйсіне еске алады. О. Н. Кудрявцеваның басшылығымен жұмыс істеп жүрген кезінде «Көкпар», «Бүркітші жігіт», «Жеңімпазды қарсы алу» т. б. композицияларын жасайды.

1951 жылы институтты бітірген Хакімжан Наурызбаев отанына оралады. Мүсінші маманның творчестволық жолы Алматы қаласында басталады. ХХ ғасырдың 50 - жылдарынан бастап өмірінің ақырына дейін еліміздің мәдениетіне өз үлесін қосып, табиғат дарытқан қасиетті өнері арқылы туған жұртына қалтқысыз еңбек етті. Х. Наурызбаевтың алтын қолдарынан дүниеге келген бірнеше мүсіндерге тоқталып өткеніміз жөн болар.

Абай ескерткіші. ХХ ғасырдың 60 - жылдары бой көтерген Абай ескерткіші Алматының ең көрікті көшелерінің бірі Абай даңғылында орналасқан. Көктөбе жотасынан түсіп келе жатып ұлы ақынның өзіне тән мінезін, сабырлы жүзін, ашық ажарын, ақылды, ойлы жүзін, жан дүниесінің тереңдігін, рухани байлығын көре аласыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
Екі заттан құрылған натюрморт
Екі заттан құрылған натюрморт
Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту. Мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой – қиялдарға және шығармашылық ізденістерге баулу.
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж оқытушысы Менликулов Нур Машарапович
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Пәні: Бейнелеу Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×