Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әуелбек Қоңыратбаев. Балуан

30 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Тақырыбы: Ә. Қоңыратбаев. Балуан

Мақсаты: 1. оқушыларға қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы түсінік беру.
2. Шығарманың негізгі ойын ажыратуға үйрене отырып, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Спорттың пайдасы жөнінде айтып, денсаулықтарын шыңдауға бағыт беру.
Көрнекілік: Қазақтың балуаны Қ. Мұңайтпасұлының суреті, карта, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, Сто элементтері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Н. Жүнісбай «Алғашқы кездесу»
Сұрақ – жауап әдісі арқылы тексеру
- М. Өзтүрік кім?
- Өзтүріктің ата – анасының туған жерден жарыққа кету себебі не?
- Ол туған халқымен қалай қауышты?
- Мұстафа туған жерге келу себебі жөнінде не деді?
- Мұстафа неліктен Өзтүрік атанған?
- Мұстафа спорттың қандай түрін таңдап алды?
- «Таэковандо» спорт түрі ме, әлде төбелес әдісі ме?
- Спорттың тағы қандай түрін білесіңдер?

Сергіту «ТАЭКВОНДО» қимылы

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Күш атасын танымайды» - деген мақалдың кімдерге айтылатынын білетін шығарсыңдар? / балуандарға/
- Алып күш иелеріне байланысты төменгі сыныпта өткен «Алып бала», «Қажымұқан» әңгімелерінде басты кейіпкер кім еді? /жауап/
Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?
Кесте арқылы «ой қозғау» жұмысын жүргізіп көрейік. Кәне, нені білесіңдер, кестені толтырайық.
Балуан туралы біршама таныс екендеріңді байқаттыңдар.
Енді нені білгілерің келеді, соны ортаға салайық. /оқыту/
Бұл мәліметтермен өздеріңмен бірлесе отырып талдаймыз.
Алдымен балалық шағына саяхат жасап көрейік.

1871 жылы қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Жоқшылық салдарынан жастайынан еңбекке араласқан Қажымұқан /өз аты Мұқан/ Қызылжарда И. Масликов дейтін саудагерге жалданып жұмысын істейді. Малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Қыстың күні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып қалады. Ол дәу шана шөпті бір өзі сүйреп ауылға жеткізеді. Қаршадай ғана баланың мына қылығына үлкен - кіші түгел таңданады. Осыдан бастап оның аты шыға бастайды.
Мына «Тау тұлға» телехабарынан күш атасы Қажымұқан туралы естеліктер тыңдай отырып, алып күш иесіне көз жеткізесіңдер.
Осындай танымал балуандық жолға түсуіне түрткі болған себептерді анықтап көрелік.

Қажымұқан он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық циркте өтіп жатқан балуандар күресін көреді. Орыстың кәсіпқой балуандарының бірі А. И. Злобин көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма деп сұрайды. Кілемге жас өспірім Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде Қажымұқанды әрең жеңеді. Осы «тұсау кесерден» соң - ақ оның спорттағы үлкен жолы басталады.

«Елін сүйген ер» қасиеті туралы тағы да телехабарға көз салайық. /ұшақ жасатуы/

Ұлы Отан соғысы жылдарында ол көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаржыны қорғаныс қорына жіберді. Бұл қаржыға құрастырған О - 2 ұшақта қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 әскери әуе тапсырмасын орындады.

Адамның аты абыройына байланысты деп ырымдайды қазақ. Мұқан қалай «Қажы» атанды, оның сырына үңілейік.
Қажымұқан туған жерінің кілемі үстінде өз өмірінде тұңғыш рет түрік алыбы Нұрлының жауырының жер иіскетті. Балуандық асқан қасиеті үшін оған «Қажы»есімі берілді. Бүкіл дүние жүзіне атағы жайылған балуан бұдан былай «Қажымұқан» деген атпен түсетін болды. Бұл атпен 1912 жылы мамырдың – 3 - і күні Ресейде Саратов қаласында шықты.
Ерлік іс ешқашан елеусіз қалмайды. Елі елеп, елі қалап осындай атақтар, марапаттар берген.
• Қазақ балуаны
• әлем чемпионы
• Кәсіби күрестер
• «Құрмет Белгісі» ордені
• Классикалық күрестің шебері
• Әйгілі «Сигизмунд» белбеуін алды
• «Қазақ даласының батыры» атағы

Алып жайлы аз айтылған жоқ. Солардың бірі бүгінгі біз өтетін балалар жазушысы Әуелбек Қоңыратбаевтың «Балуан» атты естелігі. /мазмұны айтылады/.

Мағынаны тану
Жапондардың «жию – жицу» күрес түрі екен. Спорттың бұл түрі жайлы спорт мұғалімі түсіндіріп береді.
Түртіп алу әдісі /жаңа сөздермен жұмыс/
• Бейхабар
Сұрақтармен жұмыс:
• Қажымұқан қай елде болған сайысын еске алады?
• Сайыс қалай аяқталды?
• Медальдары жөнінде естелікте не айтылған?
• Қажымұқанға достары білдірген ризашылық сезімдері мен көрсеткен қамқорлықтары жөнінде кім әңгімелеп береді екен?

Ой қорыту.
Елі үшін еткен еңбегі еленбей қалмайды. Өмірден өтсе де артында өшпес ізі қалдырды.
Классикалық күрестен /Қажымұқан атындағы жүлде жыл сайын сарапқа салынады.
Жолын қуған бүгінде еліміздің намысын қорғап жүрген классикалық күрестен «Олимпиада чемпионы» атағына қол жеткізген кімді білесіңдер? /Жақсылық Үшкемпіров/
Бейжің Олимпиадасында еркін күрестен Таймураз Тигиев күміс медальға қол жеткізді.
Өздерің спортың қандай түрлерін ұнатасыңдар?
Сонымен Батыр атамыздың өмірі біз үшін үлгі - өнеге, атамыздың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астанада, Семейде, Ақмолада балуан атымен аталатын көшелер бар.
/Интерактивті тақтадан көрсету/
ІV. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, мазмұнын айту.
V. Бағалау.
9 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорттың пайдасы
Спорттың пайдасы
Jқушыларды салауатты өмір салтына, спорттың өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Мәтінді түсініп оқып, Қажымұқанның өмірі мен күрестегі жеткен жетістіктерін үлгі ету, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінің тақырыбы мен идеясы
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінің тақырыбы мен идеясы
Шығармадағы Балуан Шолақтың бейнесін, тарихтағы орнын, автордың бейнелеу шеберлігін оқушыларға таныту. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру
Ғажайып адам
Ғажайып адам
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
Әуелбек Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»
Әуелбек Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»
Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Искакова
Cпорт
Cпорт
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г. Ш.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×