Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы – тәрбиенің ұясы

25 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Отбасы – тәрбиенің ұясы»
Мақсаты: Бала тәрбиесінің алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың басты ұстазы екенін түсіндіру;
ә) Оқушылардың сана - сезімін дамыту, ата – ана мен баланың өзара түсіністіктерін арттыру, ата – ана, ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланысты қалыптастыру;
б) Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата - анасын қадірлей, құрметтей білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, мақал - мәтелдер, интерактивті тақта.

Барысы:
1 жүргізуші: Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Баланың бас ұстазы – ата - ана. Ұлтымызда « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата - анасы да қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.

2 жүргізуші: Ата - ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп оларды бақытқа бөлейді. Ата - анаға баладан артық ешкім жоқ. Ал енді «Отбасы – тәрбиенің ұясы» атты тәрбие сағатымызда бастаймыз.
1 жүргізуші: осынау іс - шараға келіпсіздер жиылып,
Сәлем бердік сіздерге біз де міне.
Ұлың өсіп келеді, ата - ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.

2 жүргізуші: Қыз бой жетіп келеді шуақ шашып әр үйге
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне.
Ата – ананың жүрегі «бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.

Өмірбек: Мұзафар Әлімбаев. «Ата - ана үміті»
Қипақтайда қит етсе анаң, әкең:
Қайтсем ғана осыны адам етсем?
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойым емес, оллаһи, біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен.
Туа сала тұлпардың жалын тартқан
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау,
Болмаса да топжарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен.

1 жүргізуші: Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, қайтсем де баламды адам етем деген ата - ананың үміті, арманы баласымен бірге орындалады.
2 жүргізуші: Бүгінгі сабағымызда бала тәрбиесіндегі ата - ананың, отбасының орны жайында ой бөлісеміз
1 жүргізуші: Тәрбие баламен әңгімелесумен, сөйлесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды. Тәрбие - тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсету. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат - мүддесімен байланысты болу керек. Ендеше ата - аналарға сұрақтар беру арқылы ойларын тыңдап көрейік.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қызыққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп ойлайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті ойлайсыз?
3. Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін не қажет деп ойлайсыз?
4. Бақытыңды балаңнан ізде деген сөздің мағынасы қалай түсінесіз?
(Ата - аналар пікірлері тыңдалады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 239
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мықты отбасы – мықты мемлекет
Мықты отбасы – мықты мемлекет
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Отбасы – тәрбие бастауы
Отбасы – тәрбие бастауы
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Ата - ана бақыты - бала тренинг
Ата - ана бақыты - бала тренинг
«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата – ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
Музыка пәні мұғалімі Гульназия Сагынганова
Мен және жанұям
Мен және жанұям
Ақмола облысы, Зеренді ауданы КММ "Пухальск негізгі мектебінің" бастауыш сынып және химия, биология пәндері мұғалімі Абдрахманова Жадыра Серкбаевна
Тәуелсіз елдің білімді отбасы
Тәуелсіз елдің білімді отбасы
Астана қаласы, №45 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Амиржанова Махсут Жақанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×