Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен сенің өміріңнің жалғасымын

23 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Мен сенің өміріңнің жалғасымын»
Cабақтың мақсаты:
Әке мен баланың арасындағы сыйластықты көрсету. Өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа ата - анамен байланысты қамту. Отанды қорғау отбасынан басталатындығын мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Әкені құрметтеуге, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.

Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөлу
1 - кезең «Сөзжұмбақ шешу»

2 – кезең «Сөз атасы мақал». Бұл кезеңде берілген мақалдың сыңарын табу керек.
1. Әдепті бала – ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала – ата - анасын қақсатар.
2. Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды
3. Үйінде ұл – қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
4. Шамның жарығы түбіне түспес,
Жақсының қадірі жақынына білінбес.
5. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
6. Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің,
Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

3 - кезең «Сұрақтарға жауап». Жеке жұмыс
1. Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
2. Анаңның туған күні қашан?
3. Үйдегі адам саны қанша?
4. Бауырың неше жаста?
5. Үйде ыдысты кім жуады?
6. Үйді кім жинастырады?
7. Таңертең сені кім оятады?
8. Әкеңнің туған күні қашан?

4 - кезең «Менің отбасым». Топтық жұмыс.

5 - кезең « Сен білесің бе?»
1. Оның ағасы маған жезде, мен оған кім боламын? (құда бала)
2. Екі қыздың балалары бір – біріне кім болады? (бөлелер)
3. Жеті атаны ата: (Ата, Әке, Бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
4. Анаңның туыстары саған кім болады? (нағашы)
5. Ағамның әйелі маған..... (жеңге)
6. Үйленген апамның баласы маған...., мен оған.... (жиен, нағашы)

6 – кезең « Жұмбақтарды шешу»
Әлпештеп өзіңдей өсірген
Нағашы әжеңнің баласы
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім?

Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған Ол кім?

Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті - ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп Ол кім?

Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге Ол кім?

4. Қорытынды. Бүгін мен қандаймын?
5 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ата - аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата - аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аяулы әже ардақты ана ару қыз
Аяулы әже ардақты ана ару қыз
Адамға ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата - ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.
Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Дара және күрделі сын есімдер туралы түсінеді Оларды бір - бірінен дұрыс ажырата білуге дағдыланады
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Әжмұханбетова Айгүл
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гаухар Кажгалиевна
Ана - отбасының ұйытқысы
Ана - отбасының ұйытқысы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×