Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы

25 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Мақсаты: 8 - наурыз әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімді арттыру, Үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Халықтың педагогика негізінде қазақ қыздары мен жігіттерінің ұлттық киіммен таныстыру.
Көрнекілігі:
Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Нақыл сөздер, гүлдер, техникалық құралдар.
Нақыл сөздер:
1. Қыз ауылдың көркі.
Жігіт ауылдың серісі,
2. Әже көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
3. Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі.

Мұғалім.
Құрметті асыл аналар,
Қадірлі ұстаздар, оқушылар.
Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше бүгінгі 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде де ананың ақ сүтімен нұр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі дүние абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Ол «Ана» Үш - ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген салалы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тәрбиеленіп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез - келген ана қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар қасиетті аналар.!
Қадірлі аналар бүгінгі «балдырған арулар мен сал - серілер» сайысына хош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызға қатысушы балдырған аруларымыз бен сал - серілерімізді қошеметтеп қарсы аламыз.
Әділдікпен баға берер аруларға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділқазы алқаларын сайлайық
Нақ аруды таңдап бүгін алуға,- деп сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыс шарттарымен таныттырып өтейін
1. Таныстыру
2. Ұлағатты ұлттық ұғымдар (Сұраққа жауап)
3. Қол өнері (құрақ құрау, түйме қадау)
4. Ұлдар сайысы

А) Сұраққа жауап
Ә) Мақал жалғастыру
Б) Күш сынасу
5. Сән думан (Ұлттық киім үлгілерін көрсету)
6. Салт - дәстүр Айтыс
7. Өнерлі өрге жүзер.
Таныстыру
Ұлтымыздың салт дәстүрін қадірлейік,
Жастарды имандылыққа әзірлейік
Тәрбие мен білімді тең игеріп
Болашағы қазақтың деп тілейік – деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысқа мектебіміздің мақтаныштары, он саусағынан өнері тамған сері жігіттеріміз, бен ару қыздарымыз қатысып отыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 808
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×