Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сағынам» атты Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған ән кеш

29 тамыз 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі
Изтлеуова Замзагүл

«Сағынам» атты М. Ералиеваны еске алуға арналған ән кеші
Сахна тақырыпқа сай безендірілген. М. Ералиеваның суреті ілініп, жанына «Сағынам» деген тақырып ілініп қойылған.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым!
Жүргізуші: Хош келдіңіздер ауыл тұрғындары!

Жүргізуші:
Ертерек сөнді, мезгілсіз ақты бір жұлдыз,
Маңдайға симай Мәдина кетті бұл - бұл қыз.
Қараша айда қайғырып тұрды қара аспан,
Сұп - суық болып қабағын түйді сұп - сұр күз.

Өшті - өшті Мәдина үні мәңгі енді,
Нәзік әнсіз атырамыз ба таңды енді.
Таспадан енді - таспадан енді тыңдармыз.
Мәдина үні естіле тұғын әндерді.

Жүргізуші: Ия, тағдырдың салған әніне не істерсің, жаным не істерсің деп өзі шырқағандай өзіміздің жерлесіміз, қазақ халқының сүйікті әншісі М. Ералиеваны еске алу үшін «Сағынам» атты кешіне жиналып отырмыз.
Мәдинаның жұлдыздай жарқырап, баяғы Шашубай, Нартай бабалары, Майра апасы секілді қолына баян, гармон ұстап, сыбызғыдай сызылған үнімен, тау суындай мөлдір, бұлақ суындай сыңғырлаған әндерді орындап, халқының жүрегін жаулап алған еді. Мәдина жергілікті композитор Бексұлтан Байкенжеевтің «Ақбаянын» айтып ән әлеміне «Ақбаян» болып еніп еді. Сол аппақ қалпына кіршік түсірмей, өнердегі тазалық пен өмір сүріп ол тойдың әншісі емес, ойдың әншісі болатын. Оның даусы ешкімге ұқсамайтын, ешкімге еліктемейтін сыңғырлаған болатын. «Алдың жарық болсын, ән әлемінің Ақбаяны».

Ән: «Сағым жылдар»

М. Ералиева 1954ж 2 тамызда Қызылорда обылысы қазалы ауданы Мұратбаев колхозында дүниеге келген 1974ж Қызылорда педагогикалық училищесінің музыка бөлімін, 1978ж Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітіріп, 1978жылдан. 1984 жылға дейін Қазақстан ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына қызмет етіп, әрі оның аспирантурасын тәмамдады. М. Ералиеваның еңбегі бағаланып 1990ж 20 сәуірде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды. Шетелдерде болып, халқымыздың ұлттық ән өнерін дәріптеді.

Еліктейтін ерке едің,
Көрікті едің - ау ертеңің.
Әлі талай жайылатын,
Жайылмады - ау өркенің.
Сырдың әсем ақ құсы едің,
Ән боп атың кетті сенің
Сағыныш боп сыңғырлаған
Үнің қандай тәтті сенің.

Ән: «Есіңе мені алғайсың»

Мәдина сахнаға шығып өнер көрсеткен де, әдемілік пен сән салтанаттың, талғам мен сезімдігі сұлулықтың үйлесімді галереясын жасайды. Бірде үкілі Кәмшат бөркі мен бүрмелі көйлегі желбіреп, шашбауы сыңғырлап, халықтың көркем салтын әспеттей сақтаған ерке қыз болып жаныңа ләззат берсе, енді бір сәт қазақы дастарханға шақырған ізетті келіндей иіліп, сыйластық дәстүрін Тарту етеді.
Ия, өнер адамның құдіреттілігі де осы туа біткен дарынын да, оны қажымай талмай дамытып, елінің игілігіне бағыштай алуында болса керек.
Ал Мәдинаның өмірі тақтайдай тегіс жол емес, бұралаң - бұлтарысы көп. Абай атамыз айтқандай: «Соқтықпалы соқпағы жеткілікті нағыз өнер жолы екен».
Он үшінде анасынан айырылып, сегіз жасар сіңлісін жетектеп жолы жайсаң адамдардың қамқорлығымен кәмелет жасына жеткен жас қыздың ән әлеміне келуінің өзі ерлік пен бара - бар.
Осыдан талай уақыт бұрын туған «Ақбаян, Қырғыздың, Сағындым, Қиялдағы қалқа», әндерін өз дауысына лайықты жаздырған. Мәдина ән бесігінде армансыз тербелген еді.

Әнінен аласарып қыран шыңы,
Шыңылдап ең бір таза тұрар шыңы.
Табиғат қалай қиып Бере салған
Соншама Жаны нәзік ұлы әншіні.
Басылған өміріне өнер мөрі,
Жұлдызды тағы сондай көрерме еді.
Даланың бұлбұлына даңқ сыйлаған,
Қол созып үлкен сахна көрермені

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Бала деген бір бақыт!
Бала деген бір бақыт!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Өмірі өнермен өрнектелген
Өмірі өнермен өрнектелген
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясы музыка пәнінің мұғалімі Абдушева Армангүл Айдарқызы.
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×