Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

25 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Темирбекова Ақмарал Жусипалиевна

Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Мақсаты:
1) балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
2) оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу;
3) оқушыларды ата - баба мұрасын жалғастырушы болуға дәріптеу.
Көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, мақсаты жоспары; тіл туралы нақыл сөздер; буклеттер. Сөнбес жұлдыздар Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, (А. Құнанбайұлы, М. Әуезов, А. Байтұрсынұлы, т. б.) суреттер, интерактивті тақта.

Барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар бір - біріне жылы лебіздерін айтады.
Мұғалім: Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз – Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт – бейбітшілік, ол бақыт – тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік мәртебесін асырайық, - деп өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Басты мақсаты, оқушыларды туған тілін сүюге, ата - баба мұрасын жалғастырушы болуға тәрбиелеу.
– Ал, балалар, ұлы Абай атамыз
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас» деп нені айтқан?

Оқушылар: Тілімізді айтқан.
Олай болса тіл дегеніміз не ол? Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді екен?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Тіл: Ұлттық қазынамыз, Әдебиет, Мәдениет, Арымыз, Намысымыз, Байлығымыз, Достық көпірі, Халықтың күре тамыры, Қарым - қатынас құралы. Мұғалім: Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Тіл тағдыры – өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі» деп атап көрсеткен.

1 - жүргізуші: Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
Ал қазір әлемде қазақ тілінде сөйлейтін халықтар жайлы мәліметтермен таныс болайық. (Дүниежүзілік карта бойынша деректер беріледі).

2 - жүргізуші: Ал, енді осы ана тілімізге байланысты мынау сыр сандықтың ішінде бірнеше викториналық сұрақтар бар екен. Сол сұрақтарға жауап беріп көрейікші.
1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (22. 09. 1989ж.)
2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды? (11. 07. 19978ж.)
3. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (А. Байтұрсынұлы)
4. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не істеу қажет деп ойлайсыңдар?

1 - оқушы: Тіл мәртебесін көтеру үшін біздің сыныбымызда «Тіл сақшылары» атты топ жұмыс істейді. Біздің міндетіміз – жер - жерлерде қате жазылған сөздерді, экологиялық дағдарысқа ұшырап тұрған сөздерді тауып, тіл тазалығын сақтау. Біз аралай жүріп, тілге тиген кеселдерді таптық. (Өзгеруге ұшыраған сөздер тақтаға ілінеді).

2 - оқушы: Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай, - деп ана тілімізге титтей де болса жанашырлық танытып жүрген сендерге көп рахмет.

3 - оқушы: Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп санаңыз.

4 - оқушы: Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

5 - оқушы: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.

6 - оқушы: Көрмегенің, ана тілі, аз ба сенің?
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.

7 - оқушы: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

8 - оқушы: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. Ән: «Балалық шақ»

1 - жүргізуші: Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ал, қазір «Мақал – сөздің маржаны» деп ақын - жазушылардың тіл туралы жазған өлеңдерінен үзінді оқиық, ал мақал - мәтелдерді сіздер жалғастырыңыздар.
1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы...... (Әбділдә Тәжібаев)
2. Сүйемін туған тілді........ (С. Торайғыров) 3. Ана тілің – арың бұл....... (Қадыр Мырзалиев)
4. Өнер алды....... (қызыл тіл) 5. Тіл тас жарады....... (тас жармаса бас жарады)
6. Көре - көре көсем боласың....... (сөйлей - сөйлей шешен боларсың)
7. Таза мінсіз асыл тас........ (су түбінде жатады)
8. Бас кеспек болса да......... (тіл кеспек жоқ)
9. Көп сөз – көмір......... (аз сөз алтын)
10. Жүйелі сөз жүйесін табады............. (жүйесіз сөз иесін табады.)

2 - жүргізуші: Сіздерді «Кім жүйрік?» деген ойын ойнауға шақырамын. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің баламасын кім жылдам айтады екен? Ит арқасы қиянда – (Алыс)
Қой аузынан шөп алмас – (Жуас)
Бір тұтам – (Кішкентай)
Қызыл кеңірдек – (Дауласу)
Аузын қу шөппен сүрту – (Сараңдық)
Ауыз күю – (Өкіну)

Қорытынды.
Мұғалім: Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қызыл тіл.
Әз Жәнібек, Қойлыбай
Сөйлеп өткен ғажап тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен, Баба тілі асыл дүр, - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
25 410
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (шығарма)
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (шығарма)
Дүние есігін шыр етіп ашқаннан соң әлдилеп анамыз бізге бесік жырын айтып тербеткен тілді өмір бойы жүректің төрінде сақтап, көкейіңде қалдыру керек.
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады.
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×