Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ардақтайық аялайық ананы!

25 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ардақтайық аялайық ананы!
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеуге, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке, баулу;
Тұлға бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, Қатысушылардың өз ойын ашық жеткізуді, бір - бірінің пікірін құрметтеуге бейімдеу;
Жеке тұлғаның рухани өсуіне тәрбиелік - педагогикалық жағдай жасай отырып, өмірдің құндылығын ұғынуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мател
Сабақтың түрі: Кездесу сабағы.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
«Шаттық шеңберіне шақыру» Аналар өз есімдерін таныстыра отырып, есімдерінің бас әрпінен басталатын тілек сөз айтады.
Оқушылар тарапынан «Мен анамды... теңеймін!» өз теңеулерін айтып өтеді. Топтарға бірігеді. Көктем гүлдері арқылы. Бәйшешек, қызғалдақ, раушан гүлдері.
Құрметті Ұстаздар, ата - аналар, қош келдіңіздер. Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік дендеріңізге саулық тілейміз! Бүгінгі «Ардақтайық аялайық ананы!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз - әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең - дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Адамды дүниеге әкелетін, өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз
Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң.
Шырылдап жерге түскеннен - ақ, сенің ең жақының, ең адал сырласың, ең бірінші ұстазың болған адам. Ол кім? Ол – анаң.
Біз мәңгілік сіздерге, қадірлі аналарымызға борыштармыз. Сіздерге балалық жүректерімізден мың да бір алғыс.
Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән. Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған оқушыларымыздың өлеңдеріне кезек берейік.
Бейнежазбаны тамашалау. «Анаң сенің пейішің» бейнежазбасынан топтар түйінді ой айтады.
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды талатпай.
Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін,
Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің.
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,
Қандай бақыт ортамызда жүргенің.
Келесі бөлімге береміз. Сен білесің бе?
Топтарға сұрақтар қойылады.
І топ
1. Балдан тәтті не? (Бала)
2. Тәрбие мен білім ордасы (Мектеп)
3. Үйдегі алтын қазық кім? (Ана)
4. Бес асылды атаңдар (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы (достық)
ІІ топ
1. 18 жасқа толмаған адам (Бала)
2. Қара шаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)
3. Үш арсызды атаңдар? (Ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі? (Үйде халық, қарт, бала қадірлі, елде хан, әкім, ұстаз қадірлі)
ІІІ топ
1. Үш мұрат: (жол мақсаты – жету қыз мақсаты - кету, сауда мақсаты - ұту)
2. Үш даусыз: (мінез, кәрілік, ажал)
3. Жеті ата: ( ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене )
4. Бес дұшпан (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ).
5. Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

«Монтайтас» жалпы орта мектебі
Сынып жетекшісі: Л. Кенжебекова

Толық нұсқасын жүктеу
5 545
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Тақырыбы: Аялайық ананы
Аялайық ананы!
Аялайық ананы!
СҚО, Айыртау ауданы, Бірлестік ОМ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршын Жылқайдарқызы
Ардақтайық ананы
Ардақтайық ананы
БҚО, Ақжайық ауданы. «Айгөлек» МДҰ І санатты тәрбиешісі Жұмабаева Г. К.
Ана - отбасының ұйытқысы
Ана - отбасының ұйытқысы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Ана - отбасының ұйытқысы
Ана - отбасының ұйытқысы
Ана – отбасының ұйытқысы Мақсаты: әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×