Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Империялық одақтан - Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына

17 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Империялық одақтан - Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына
(ТМД құру Декларациясы 21. 12. 1991ж)
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, ел азаттығының тарихи және халықаралық маңызы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы қолда бар құжаттарды, тарихи зерттеулерді пайдалана отырып, тереңірек түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Қазақстанның тәуелсіздік жариялануы алдындағы саяси жағдайын еске түсіру, ХХ ғғ. мемлекеттік қайраткерлерді тану, қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы басты оқиғаларын білу және тарихи тұжырым, қорытынды жасай білу.
Дамытушылық: Балалардың бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам
жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін, еркіндіктің қадірін түсіне білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ түрі: онлайн тарихи - танымдық тәрбие сағаты.
Оқыту әдісі: әңгімелеу; пікір алмасу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик, фостер

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
2) Тақырыпты хабарлау

II. Кіріспе
1) Әңгімелеу
2) Телекөпір «Жамбыл Қазақ - Түрік есеп экономикалық колледжінің тарих пәні мұғалімі»
3) Тапсырма (Тарихи картотека жасау)
4) Бекіту

III. Пікіралмасу онлайн
(чат, блог т. б әлеуметтік желілер арқылы пікір алмасу)
IV. Фостер қорғау
V. Қорытынды
VI. Рефлексия

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Сабақтың кілт сөзі:
«Тәуекелi тұратындардың ғана қолы жетпесе Тәуелсiздiк бола ма?
Азаппен, арпалыспен келмесе Азаттық бола ма?
Оңайлықпен келсе оның қадiрi бола ма?
Қадiрi жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?»
Н. Ә Назарбаев.

2) Тақырыпты хабарлау
Қайырлы күн, құрметті балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Империялық одақтан - Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына» деп аталады.

II. Кіріспе:
1) Әңгімелеу: Балалар бұдан дәл 25 жыл бұрын, Қазақстан Тәуелсіз Мемелекет ретінде өзінің тәуелсіздігін жариялады. Балалар бейнебаянға назар аударайық, (өткен тарихқа тоқталу). Сол жылы 1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматыда бұрынғы кеңестік он бір республиканың басшылары маңызды стратегиялық шешім қабылдады. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттерінің арасында Алматы декларациясы өмірге келді.
2) Телекөпір «Жамбыл Қазақ - Түрік есеп экономикалық колледжі»
Балалар қазір бізде тікелей онлайн эфирде Жамбыл Қазақ Түрік есеп экономикалық колледжі. Сендерге осы аталған коледждің тарих пәнінің мұғалімі Садықова Әлия апай ТМД мемлекеттерінің құрылу тарихын таныстырып өтеді. Қайырлы күн Алия апай! Мереке құтты болсын!
Қайырлы күн, құрметті тәрбиеленушілер! Сіздерді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын!
(Келесі видеороликке назар аударайық)
Бұл құжатты жасау үшін себеп болған оқиғалар сол кездегі КСРО - дағы әлеуметтік - саяси және экономикалық үдерістердің келмеске кетуі болды. Кеңес Одағының республикалары арасындағы 80 жылдардың соңында қалыптасқан жаппай және одан әрі ұстап тұруға болмайтын орталықтан сыртқа тепкен саяси үдерістер көптен күткен «егемендік шеруінің» басталуына жол салды, ол тұтастай алғанда КСРО кеңістігіндегі келе жатқан өзгерістерден жіті хабар берді. Одақты құтқарып қалудың соңғы әрекеттерінің бірі ретінде оны Егеменді мемлекеттердің одағы формасында орталықсыздандырылған федерация етіп құру арқылы түбегейлі реформалау ұсынылды. Ол үшін өзінің егемендігін жариялап үлгерген республикалар жаңа одақтық шартқа қол қоюлары қажет еді. 1991 жылғы 20 тамызда жаңа Одақтық шартқа Белоруссия, Қазақстан, РСФСР, Тәжікстан және Өзбекстан қол қоюы, ал күзде оларға басқалары да қосылуы тиіс еді,. Алайда 18 - 21 тамыз күндері болған төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің мүшелері КСРО Президенті Михаил Горбачевті күштеп тайдыруды жүзеге асырудың сәтсіз болуы бұл жоспарды бұзып жіберді.

Тараз қаласы
Қ. Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиешісі
Пирманова Турсынкуль Жарылкасыновна

Империялық одақтан - Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына. жүктеу
1 857
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Қазақстан егеменді - мемлекет
Қазақстан егеменді - мемлекет
Тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан - жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×