Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...»
Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
Ел тарихын білу. Қазақ еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, Отанын сүюге шақыру. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға дағдыландыру
Тәрбиелік шараның түрі: Жұптық сайыс

І. Ұйымдастыру бөлімі: (тәрбиелік шараның жүру барысымен таныстыру)
Тәрбиелік шараның жүру барысы: (оқушыларды екі топқа бөліп өткізу)
1 - бөлім: "Мен елімнің патриотымын! " Тәуелсіз ел мерекесіне арнау.
2 - бөлім: " Ертеңгі елдің тірегі - білімді ұрпақ " (сұрақ - жауап)
3 - бөлім: " Кім көп біледі? "
4 - бөлім: "Мен елімді әнге қосып мақтан етемін!!! " (мерекелік тарту)

ІІ. «Ой шақыру» стратегиясы
Жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Таныды тепе - тең деп тереземді.- дегендей, Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар және де тәуелсіз еліміздің тірегі еліміздің білімді болашағы, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. 1991жылы 16 желтоқсан - тарихындағы ұлы күн. Тәуелсіздік - біздің ең басты бақытымыз. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Тәуелсіздік - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Енднше тарих бетіне тағы бір зер салсақ
бейнеролик: / Желтоқсан оқиғасына дейін/

Жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіретті мен ар - намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға - бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаев. 1986 жылғы Желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз - жігіттер құрбан болды. Ендеше, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, елге деген құрметімізді білдіруге арналған 1 - бөлімімізді бастайық... Мәнерлеп оқу "Мен елімнің патриотымын!" (үй тапсырмасы) Екі топ оқушылары дайындап келген өлеңдерін оқиды.

Жүргізуші: Қасиетті Қазақстаным мекенім,
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Болашағым, өнер - білім, өркенім - дегендей, әрі қарай ІІ - бөлім: " Ертеңгі елдің тірегі - білімді ұрпақ "

I топ.
1. Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл?
2. Қазақстанда қанша облыс бар?
3. Қазақстан Республикасының елтаңбасы авторлары кімдер?
4. Қ. Р Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні мен туған жылы.
5. Қ. Р шекаралас мемлекеттерін ата.
6. Астанадағы “Бәйтерек” монументінің биіктігі қанша?
7. Қ. Р.- ның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет

IІ топ.
1. 2008 жыл Астананың сол жағалауындағы әсем де, зәулім ғимарат бой көтерді. Бұл қай монумент?
2. Мемлекет рәміздерін ата
3. Мемлекеттік әнұран авторлары кімдер?
4. Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген
5. Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастарынан кімдерді білесің
6. Қ. Р Халықаралық ұлттық валютасы теңге енгізілген жыл
7. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданған жыл.
8. Қайраттың соңғы сөзінен үзінді келтір.
3 - бөлім: " Кім көп біледі? " Мақалдың жалғасын тауып, шешендік сөздерден жарыс өткізу.

I топ. Білекті бірді жығады,.................................... IІ - топ. Қына тасқа бітеді,.......................................
Әдептілік белгісі,........................................... Ер бір өледі,....................................................
Жақсыдан үйрен,................................ Талап - талмас...................
Шешендік сөздерді аяқтайды және мазмұнын толық ашады.
I - топ. 1 Сөздің атасы – бірлік,........................... (анасы - шындық) IІ - топ. Қай шешеннің айтқан төрелігі екенін табады.
2 Арадан шыққан жау қиын,......................... (таусылмайтын дау қиын) 1 «Жақсы жігіт белгісі: түзде – мырза, үйде – құл» (Төле би)
2 «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» (Қазыбек би)
4 - бөлім: "Мен елімді әнге қосып мақтан етемін!!! " (мерекелік тартуды мұғалім алдын ала дайындап қояды) 1 Ән айту. 2 Би билеу

Қорытынды.
Жүргізуші: Тағдыры тұтас, тілегі ұқсас Қазақстан халқы осы кезеңде ғасырлық мәні бар ғаламат табыстарға жеткізіп отыр. Біз Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасындағы ұланғайыр далада бірлігі бекем, ұлысы ұйысқан, қуатты мемлекет құрдық Құбылған заманда құбылысынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті. Аз уақытта алапасы артқан алаш жұрты әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі биік, беделі зор айдынды елге айналды. Батыс пен шығысты еліміз өркениеттер үндестігінің жерұйық биігі саналды. Есілдің бойындағы еңселі Елордамыз Еуразиядағы байсалды тұрақтылықтың алтын арқауына байланды. Ізгілік нұрын шашқан Астана рухы күллі әлемге бейбітшілік пен келісімнің киелі кілтін ұсынды. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы атап өтетін Қазақстан осылайша жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Осының бәрі біздің ұрпақтың маңдайына жазылған, пешенесіне бұйырған айрықша бақ екенін сезінуіміз керек, ұмытпауымыз керек.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (слайдттағы бейнероликке барлық бала қолдарында жалаушаларымен әнге қосылады)
Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар!

Атырау облысы, Атырау қаласы,
№12 Ф. Досымова атындағы орта мектебінің
бастауыш сыныптары бойынша оқу ісінің меңгерушісі:
Даулетова Айгуль Кенесовна

Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі... жүктеу
1 907
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Жамбыл облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×