Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ару қыздар байқауы

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ару қыздар байқауы
«Лицей аруы» 8, 9, 10 сыныптар арасында

Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Бармағынан бал тамған»
(сайыскер өз асханасында торт немесе тәтті бәліш әзірлеп әкелу, әзірлеу барысын 5 минуттық видеороликке түсіру қажет)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
5. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
6Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Рауан: - Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!
Мақсат: - Білесің бе, Рауан, 8 - Наурыз неге аналар мейрамы болып белгіленгенің?
Р.: - Әрине білемін 1908 жылы 8 наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью - Йорк еңбекші аналар демонстрацияға шыққан. Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен аналардың Екінші Халықаралық Конференциясында 8 наурызды әйелдер күн» деп белгілеген, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды.
М.: Ал ендеше сайысымызды бастайық! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Лицей аруы - 2014» байқауына қош келдіңіздер!.
(әуен ойналады)
Р.: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

М.: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Р.: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

М.: Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
4.
5.
Р.: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

М.: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Р.: Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді аспаздық шеберлігімен таңғалдырмақшы.

М.: Байқаудың ІІ кезеңі «Бармағынан бал тамған»
сайыскер өз асханасында торт немесе тәтті бәліш әзірлеп әкелу, әзірлеу барысын 5 минуттық видеороликке түсіру қажет
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Р.: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей
Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі.

«Абай атындағы
жалпы орта білім беретін мектеп - лицейі»КММ
Ұйымдастырушы: 10 сынып
Сынып жетекшісі: Макенова Н. Б.

Ару қыздар байқауы. жүктеу
6 075
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ару қыздар байқауы
Ару қыздар байқауы
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Ару қыздар байқауы (8 наурыз сценарий)
Ару қыздар байқауы (8 наурыз сценарий)
Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Мектеп аруы - 2011
Мектеп аруы - 2011
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×