Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының рәміздері

14 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Білім көздері: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Рәміздерді танып, біліп, айтып беруге үйрету. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті, слайд.
Әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.

Сабақтың жүру барысы:
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Бір шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Сұрақтарға жауап алу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктемде қандай өзгерістерді байқайсыңдар? т. б.
Кіріспе әңгіме
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Бас - қаламыз қай қала?
- Біздің елбасымыз Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев - өзі еңбекқор, білімді, іздемпаз. Ол өзінің осындай еңбекқорлығының арқасында мемлекетіміздің басшысы болып отыр.
Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Біз әнді орындаған кезде қолымызды жүректің тұсына қоямыз. Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз.

Тудың түсі - көк, тудың сол жақ жиегі қазақ халқының оюымен өрнектелген. Тудың ортасында сары түсті шұғылалы алтын күн. Алтын түспен сары түс байлықты, молшылықты білдіреді. Күннің астында бүркіт, қыран құс - еркіндік, бірліктің белгісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

Бәйтерек 2002 жылы Астана қаласында ашылды. Бәйтерек Астанадағыең биік ғимарат. Бәйтеректің жоғарғы жағында алтын түстес шар орналасқан.
- Балалар, рәміздер, қалалар туралы қандай тақпақ, мақалдар білесіңдер?

Гауһар: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Айару: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада - аспан әлемі.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектептің
шағын орталық тәрбиешісі Сүндетова Күнзира Рахымқызы

Қазақстан Республикасының рәміздері. жүктеу
1 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Арайланып таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×