Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту

Арайланып таң атты
Алтын сәуле тартты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балар,
Қайырлы таң, қонақтар

Бәрі бірге қайталап амандасады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру. 1. Мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын әңгімелеп беру.
Қазақстанның Республикасының рәміздеріне: Ту, Елтаңба, Әнұран жатады
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тудың көгілдір түсті болуы - бұл әлемнің, ашық аспанның түсі.
Тудың ортасында – шұғылалы алтын күн.
Күннің астында – алғыр қыран құстың бейнесі.
Қыран құс – еркіндіктің, бірліктің үлкен арманның белгісі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген. Ою қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және ұлттық салт - дәстүрге деген құрметті білдіреді.
Күн, қыран құс, ұлттық ою – алтын түстес - бұл көп ұлтты Қазақстан Республикасының байлығы мен бақытын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан таралатын түстес уықтар – күн сәулесі сияқты.
Қанатты тұлпар - бұл болашаққа мәңгілік ұмтылысты білдіреді. Елтаңбаның авторлары – Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын Шәмші Қалдаяқов аталарын жазған.
Қанекей орнымыздан тұрып, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді ән ұранды орындау арқылы білдірейік. Балалар Әнұран салтанатты жағдайларда орындалады.
Балалар Ту, Елтаңба, Әнұран Отанымыздың мақтаныштары.
2. Отан туралы мақалды хормен қайталайық. Балалар түсінгендерін қайталайды.

Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.
Балалар ән ұранды орындайды
Отан оттан да ыстық.

Отан туралы өлең білесіңдер ме?
3. Дәптермен жұмыс:
1. Б. Үсенбаев «Менің туым» және С. Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады.
Балаларға тудың суретін бояту

Отан туралы өлең айтады.
Әліппе – дәптердегі тапсырманы орындайды.
Қорытындылау.
Өзін – өзі бағалау. Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Сұрақтар мен тапсырма:
1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты - жөнін ата.
2. Әнұран қандай жағдайларда орындалды?
3. Біздің еліміздің туының түсі қандай?
Шаттық шеңберін құру. Сұрақтарға жауап.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау – саламат болайық!

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.
Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән - мағынасын түсіну.
Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал - мәтелдерді жатқа айту
4 840
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Рәміздерді танып, біліп, айтып беруге үйрету. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының рәміздерін білу – менің міндетім
Қазақстан Республикасының рәміздерін білу – менің міндетім
Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере отырып, тілдік құзіреттілігін дамытуға жағдай жасау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×