Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Менің Отаным"

21 желтоқсан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Отаным - менің Қазақстаным!
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме.
Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер.
Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсің бе шуағын төккен күн?
Сәлеметсің бе Жер ана?
Сәлеметсің бе қамқорлықты көк аспан?
Сәлеметсіңдер ме мейірімді достарым? (балалар осылайша бір – бірімен құшақтасады)
Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Қазақстан – Республикам менің» деп таныстырған соң сұрақ – жауап арқылы Отан деген сөзді балалардың қалай түсінетіндіктерін байқайды.

Отан деген не?
Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған – туыс, бауырымыз, ауыл – қаламыз, өзіміз, туып өскен жеріміз.
Педагог ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып береді.
Отан сенің - ата – анаң.
Отан – досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң.
Отан – аудан, ауылың.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан - өлең, Отан – жыр,
Көтерген көпке ел даңқын.
Отан осы достарым,
Көңілге оны түйе біл!
Отан деп өсіп жас жаның.
Оны ардақтап сүйе біл!
Балалар, біздің ұлтымыз кім?

Біздің ұлтымыз – қазақ.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.
Біз елімізді жақсы көреміз бе?
Жақсы көреміз.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан тәуелсіз, көпұлтты мемлекет. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған. Қазақстанда 100 – ден астам ұлттың өкілі тұрады.
Балалар сендер елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
Елімізде тыныштық болсын!
Еліміз бай болсын!
Соғыс апаты болмасын!
Бейбітшілік болсын!
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев
Бас қала қай қала?
Бас қала – Астана қаласы.
Біздің елордамыз – Астана қаласы. Ол бұрын Ақмола деп аталған. Астанамыз жас қала, әрі бас қала. Астанамыз жылдан жылға көркейіп, әсемденіп келеді. Қазір осы Астана қаласын біз бейне таспадан көріп тамашалаймыз.
 Астана қаласының суреттегі түрлі түсті бейнесін балаларға таратып беріп, оның әдемі зәулім ғимараттары, фонтандары, кең көшелері, ескерткіштері жөнінде әңгімелейді.

Балалар, Республикамыздың қандай рәміздері бар?
(балалардың жауабы)
Рәміздерім елдігімнің белгісі.
Білу керек бала – дағы ең кіші,
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба.
Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.
Н. Қалқа
6 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Жамбыл облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын
Мен өз Отанымның патриотымын
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан Асыл өлкем ерекше, Қазақстан – мекенім! Беп - белгілі емес пе, Сенің ғажап екенің!
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Джетимекова Сауле Аскеровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×