Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тағзым саған, ұлы жеңіс!

21 сәуір 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тағзым саған, ұлы жеңіс!
Көрініс: (Ардагер ата мен немерелерінің келе жатқандағы әңгімесі)
Немере: Ата, қандай ән айтып келе жатырсыз?
Ата: Соғыс туралы ән, ботам.
Немере: Соғыс деген не өзі?
Ата: Соғыс дегенді, балам, бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Соғыс басталған кезде біз мектеп бітіріп, түлектер кешін өткізіп жатқан едік.../Атасының елесі../
Сахнада көрініс: «Мектеп бітіріп жатқан оқушылардың вальсі»
Радиодан Левитанның соғыс туралы хабарламасы естіледі
Бірінші оқушы:«1941 жыл. Ақпан»
1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз, ауылымызды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді аттандатқан
«Аттан!» деді, ол ертең аттанады.
Аттанады еңбектің ақтабаны
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің рөлін атқарады
Ол ертең аттанады.
Көрініс: «Соғысқа аттандыру...»
Немере: Ата, соғыс кезінде біздің қаламыздың жағдайы қалай болды?
Ата: Қаламызда 314 - атқыштар дивизиясы құрылып, біраз жерлестеріміз сол соғысқа аттанса, ал елде қалғандары тылда қызу жұмыс істеді. Сол кезде Ресейден келген зауыттарда жасы мен кәрісінің бәрі де күні - түні еңбектеніп, қару - жарақ жасап, киім - кешек, азық - түлік жинап майданға аттандырып, олар да жеңіс жолында өз үлестерін қосты.
Немере: Ата, сонда қаламыздағы Ленин, Киров, Куйбышевзауыттары Ресейден келген екен ғой.
Слайд жүріп тұрады: Петропавл қаласының соғыс ардагерлері туралы деректер... 314 - атқыштар дивизиясы және зауыттар туралы...
Немере: Ата, соғыс кезінде жауынгерлер туралы отбасы қалай хабар
Ата: Иә, қарғам, ұялы телефон болған жоқ, соғыста жауынгерлердің үйіне үш бұрышты хат келетін...
Би: «Весточка»
Сахналық қойылым: «Қара қағаз». (Бомбаның дүрсілі, сахнада ауыл көрінісі... ауыл адамдары қырманда.,,)
Пошташыбала:- Апа, сізге хат келді (ақырын, қинала сөйлейді)
Әже: Әу, балам, тыныштық болса жарар еді?! Асаным менің Алла берген жалғызым ғой. Кадиша, құлыным, сен маған қарағанда сауаттысың ғой, кел оқышы.
(Асан Хамзин Ленинград үшін шайқаста қаңтардың 15 - і ерлікпен қаза тапты.) Би: қара киім киген бишілер қаралы хабарды бейнелейді.
Әже:«Қадиша, енді ағаң жоқ... Оны зұлмат соғыс жұтты... Ол сенің жолыңда өз жанын құрбан етті... Сен жасыма, басыңды көтер, қарғам! (Немересін жылап тұрып жұбатады)
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Монтаж: Бірінші оқушы:
Жарты ай тұр шар аспанда тозған таға,
Үскірік үрлей ме, әлде қозғалта ма?!
Әжем жүр, туған жердің топырағын
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға.
Жалынған, ғазиз анам сұрап қалған.
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін «Әкең өлді» дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
Екінші оқушы: Үшінші оқушы:
«Борыштымыз»
Қанды майдан, қызыл өрт борандаған...
Талай боздақ сол өрттен оралмаған.
Мен бүгінде бақытты болып жүрсем,
Бұл – солардың қызығы көре алмаған.
Уақыт – тұлпар күндерді ала қашып,
Жеңістен соң жетпіс жыл ара қашық.
Қашқан сайын уақыт олар жақын,
Ұлы істерге бізбен жүр араласып.
Үшінші оқушы:
Бүгінгі олар ұрпақтың ән - жырында,
Арайлап атқан әрбір таң нұрында.
Аяулы махаббатта, ақ арманда,
Әр адамның қанында, тағдырында.
Мәңгілікке айналып өткенімен,
Керуен тартып көгілдір көк төрімен,
Қайтқан құс боп қиқулап туған елге
Оралады әр жылдың көктемімен.
Кеңге сілтеп құлашты, өрісті біз.
Ғарышқа да аудардық қонысты біз,
Бейбіт күннің әр таңғы тынысы үшін
Біз олардың алдында борыштымыз.
Немере:- Ата, жауды жеңіп, жеңіске жеткендеріңіз туралы естігенде қандай сезімде болдыңыз?
Ата:- Ол күн ешқашан да ұмытылмайтын күн болды. Әлі есімде Жеңіс! деген хабар келгенде барлық жауынгерлер қуаныштан жүрегіміз жарыла жаздап, бір - бірімізді құшақтай ала жыладық. Бұл - қуаныштың жасы болатын. Ол қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу қиын... Сендерің бастарыңа ондай қиындық бермесін. Білім алып, тату - тәтті, бейбіт өмірде өмір сүріңдер.
Немерелері: Рахмет ата! Бүгін орталық алаңда Жеңіс күніне шеру өтеді, сонда сізді алып барамыз. Жүріңіз ата бізбен...
/Сахнадан немерелері атасын алып шығады/
Хор: «Жеңіс күні» әні

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі
Темирханова Шынар Сеитовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 773
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Желбіре, жеңіс жалауы!
Желбіре, жеңіс жалауы!
Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіс мерекесі
Ұлы Жеңіс мерекесі
Сол бір күн жадыраған жаз болатын, Адамдар жанарынан нұр таматын. Кенеттен соғыс ашып фашистер, Бұзды ғой бейбіт күннің салтанатын.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдыбаева Құндыз Батырқызы
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Мақсаты: Оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы, ауылымыздан қатысқандар батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру.
Сарғайса да тарихтың  ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гүлнара Жамалбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×