Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!

21 мам 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Соңғы қоңырау сценарииі

Мектеп директорының тәрбие оқу жөніндегі орынбасары:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 11 - ші сынып түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
11 «АБ» сынып оқушылары.
Флеш моб билейді
Жұлдыз: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
Бүгін - «мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Бүгін - арман қуып алысқа аттанар күн.
Жұлдыз Нұрсұлтан: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Нұрсұлтан: - Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, оқушылар! «Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.
Жұлдыз:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Нұрсұлтан:-- Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Жұлдыз: - Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Нұрсұлтан: --- Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.
Хор «Ұстазым»
Маназля апай: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиынымызға 1969 жылы бітірген мектеп түлектері ортамызда.
Балалық шақ - бәрі ыстық, ортақ бәрі
45 жыл болды жапқалы сол қақпаны
45 жыл болды мектептен түлеп ұшып
Әрқайсысы сан тарау жол тапқалы
Осыдан 45 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан 1969 жылы бітірген 10 «аб» сынып түлектерін қол соға қарсы алайық.
Маназиля апай: - Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі 45 жылдық түлектерге беріледі.
Нұрсұлтан: Ұстаздарға алғыс айта отырып, барлық ұстаздардың құрметіне Темірланның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Жұлдыз: -- Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан:--- Асылбек ағаға беріледі..
Ән: «Алтын анам» орындайтын Айбар
Нұрсұлтан: - Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 2014 жылғы «Алтын белгі» үміткері Көсем Гүлдана 2015 жылғы түлектерге тапсырады.
Гүлдана: - Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»
10 сынып: - Қанатын қағар ақ жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес кетті,
Сәт - сапар болсын жолдарың.
Намазбекті «Құрдасым» әнімен қарсы алыңыздар.
Жұлдыз:
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.
Бәрі – сын, араласың, өмір ауылың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың

Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін! жүктеу
3 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 - сынып оқушылары мектеп алдына 1 - сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Сыңғырла  соңғы қоңырау
Сыңғырла соңғы қоңырау
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық балалар әуез мектебі «фортепиано»класының оқытушысы Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Семей қаласы, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ Бастауыш сынып мұғалімдері: Әбдыханова Ш. С Сүйеукенова Ш. Ш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×