Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылдық тосын сый

20 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жаңа жыл - 2019
Мақсаты: балалардың көңіл - күйлерін көтеру, Жаңа жыл мерекесін сезінуге үйрету, киіпкерлерге қызығышылығын ояту, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Музыка ойнап тұрады.
Сайқымазак: (ортаға шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавал иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, қонақтар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, апппақ жапалақтап»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Балалар: тақпақтары айтады.

Нурсая:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Аиша:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Арай:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Түлкі атып шығады.)
Түлкі: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!

Ойын: «Кім шапшан» (қар лақтыру)
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Балалар сендер мында нені тойлап жатырсындар? Сендердің даыстарынды естіп, сонау орманнаң әзер жеттім.
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын! Мен ешқашан ешкіммен амандаспаймын.
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аязата: Балалар, менің Ақшақар қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?
Балалар: тақпақтар.
Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес. Сайқымазақ балам, сыйлықтарын берейікші, бізді балалар күтіп қалдығой, сыйлықтарымыз қайда? Бір дыбыс естіледі.
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:

Ойын «Аққала»
Аяз - Ата: Қызым сен менің сыйлықтарымды көрген жоқсын ба?
Ақшақар: Жоқ - жоқ көргем жоқпім, бірақ біреудің ізін көрдім.
Музыка әуенімен ортаға тауық кіреді.
Тауық: Сәлеметсіңдер ме балалар, сенднр мында нені тойлап жатырсындар, биыл менің жылымғой, мен жай келгенім жоқ, мен сендерге
Жолда бір қапшықта сыйлықтар тауып алдым.
Аязата: Иә ол менғой жолда шаршап жоғалтып алдым, сен маған береғойшы
Ол балаларға арналған сыйлықтарым болатын.
Тауық: Жоқ мен саған жай бермеймін, маған балалар өз өнерлерін көрсетіп менімен бір би билесін..
Аязата: Жарайды біздің балалар биді жақсы көреді.

Би: «Шөжелерім»
Ән: «Жаңа жыл!»

Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.

Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Жүргізуші: Осымен біздің ойын - сауғымыз аяқталады.
2 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Сәуле Сатыбалдықызына беріледі. Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Армысың, Жаңа жыл!
Армысың, Жаңа жыл!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жеткергенова Құралай Жұмабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×