Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үкілі домбыра атты күй сайысының сценарийі

17 маусым 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Үкілі домбыра» атты күй сайысының сценарийі
Қазақ биі
Фанфары ойнайды.
Ортаға жүргізушілер шығады.
1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті өнер сүйген қауым, ұстаздар, оқушылар! Бүгін оқушылар сарайында алғаш рет қаламыздың мектеп оқушылары арасында өткелі отырған «Үкілі домбыра» атты күй сайысына қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Қазақтың қара домбырасының үні - күй өнері, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т. б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десеңші!
1 жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың осы ата – бабалар тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз, сондықтан да осы бүгінгі сайысымыздың мақсаты күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.
2 жүргізуші: Балаларға мейірімді оқушылар сарайы аясында өткелі отырған сайысымызға қала мектептерінен бірнеше оқушылар қатысуда. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

Кезекпен – кезек жүргізушілер шақырып тұрады
1 номерде С. Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Ғаппар Диасты қарсы алыңыздар!.......

1 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік. (жүргізушілер кезек – кезек)
 Күй өнерін аса қадірлейтін, қазақ өнерінің жан ашыры Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі «Домбыра - терме» үйірмесінің жетекшісі Сагидуллаев Балтабай Кеңесович.
 Өнер мектебіндегі, домбыра сыныбының ұстазы Мукышов Ержан Сагынбекович.
 Өнер мектебіндегі, домбыра сыныбының ұстазы Оразалин Махмут Батырханович.

2 жүргізуші: Осы сайысымызды ашып беру үшін құттықтау сөз Оқушылар сарайының директоры Сансызбаева Гульнара Султановнаға беріледі. Сайыскерлерімізді қошемет көрсетіп, сахна сыртына шығарып салайық!
Ал, құрметті көрермендер сайысымыздың өткізу тәртіптері мен шарттарын таныстырып өтейік, сайыс жас ерекшелігіне байланысты бағаланады, олар кіші, орта және жоғары топтар, ескертіп кететін жағдай осы 3 жас ерекшелігінің ішінен бір ғана бас жүлде болады және топтарға қарай І, ІІ, ІІІ дәрежелі орын болып саналады. Оқушы өзі ойнай алатын аспапта, қалауы бойынша 1 күй орындайды.
Бағалау шарттарымен таныс болыңыздар, бірінші орындаушылық шеберлігі, орындалатын күйдің көркемдік деңгейі және сахналық мәдениеті, киім сәні.

1жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе – деп Қасым Аманжолов ағамыз айтқандай бірінші кезекте кіші топтардың өнерін тамашалаймыз. Олай болса, ортаға бірінші сайыскерімізді қошемет көрсетіп қарсы алайық. С. Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 3 сынып оқушысы Ғаппар Диастың орындауында халық күйі «Келіншек». Жетекшісі Усейнова Фариза Гиниятовна.

2 Жүргізуші: Келесі сайыскерімізді қошеметпен сахна төріне шақырамыз. №16 жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Арыстанбекова Әсемай.
Әсел Төлеубаеваның күйі «Атама»

1жүргізуші: Күй — қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қыл қобызын беу — беулетіп, қос ішегіне тербеткен халық, әрқашан осы өнерді пір тұтқан. Саз әуенімен жүрек сырын, ел тағдырын бейнелеген. Қазақта күйші алуан түрлі болған. Олар «Сүт емген, Ит емген» болып бөлінсе, «Сүт емген» күйшілер бесіктен белі шыққаннан, осы өнерді құрметтеп өскен. Оларға қанмен дарыған болса, «Ит емген» күйшілер шәкіртіне бойындағы бар өнерін үйретіп болып, қолдарына аспап ұстамай, өздері дәруіш болып кеткендер.

2 Жүргізуші: №16 жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Әлібек Әлжәнібектің орындауында Халық күйі «Жастар биі».

1 жүргізуші: Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Үкілі домбыра атты күй сайысының сценарийі. жүктеу
10 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Нағыз қазақ – домбыра» Дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешінің сценарийі
«Нағыз қазақ – домбыра» Дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешінің сценарийі
Қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихымен зерттеп, рухани азық беру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қазақы киіз үй жабдықтары, шарлар.
Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер
Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер
Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу.
Күй анасы
Күй анасы
1. Күй анасы атанған композитордың домбырашылық өнерін түсіндіру. 2. Динаның күй тарту дәстүріндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Нағыз қазақ - домбыра
Нағыз қазақ - домбыра
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Қазақ күйлері мен күйшілері
Қазақ күйлері мен күйшілері
Күй - бұл қазақтың көне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен ең киелі де қастерлі өнері. Ұлы күйшілер: Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған, Құрманғазы, Дина.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×