Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы

31 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жігітке жеті өнерде аз.
Балғын сұлтан – 2019 байқауы.

Оқу іс әрекетінің түрі: Байқау
Кіріктірілген білім саласы: Денсаулық Қатынас Әлеумет, Шығармашылық.
Білім бөлімдері: Дене шынықтыру, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, музыка, аппликация, мүсіндеу.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді сахна мәдениетімен таныстыра отырып, өз өзін ұстауға, салмақтылық пен әдептілік ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
Білімділігі: Қоршаған орта туралы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу мәдениетін, тілін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Құрбы - құрдастарымен біріге жұмыс жасауға, үлкендерді құрметтеуге, өзін өзі көпшілік алдында ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мерекеге сай безендірілген зал, шығармашылық жұмыстарына қажет материалдар, графа проектор, қанатты сөздер.
Әдіс тәсілдері: дәстүрден тыс педагогика, қалдық заттармен шығармашылық жұмыстары, витражға сурет салу, квиллинг әдісі.

Барысы:
Ән:"Сарбаздар"
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қорғамақ
Жігіттер шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата - аналар, қонақтар. Бүгінгі «Жігітке жеті өнер де аз» атты жігіттер сайысына қош келдіңіздер. Алғашқы құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Р. Т. Жанадиловаға беріледі.
Береке де осында
Мереке де осында
Болып жатыр той - думан,
Қырандардың қасында

Жүргізуші:
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанекей қырандар,
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар.
деп көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші:
1. Білімді алғыр ақылды
Танитын алыс жақынды
Бақшамыздың мақтаны
Шақырайық Арсенді

Жүргізуші:
2. Ақ ниетті мейірлі
Игерген бар өнерді
Жолың болсын Ерсұлтан
99 Өнеріңді төк енді

Жүргізуші:
3. Бекнұрдай Текті ұрпақ біздерде бар
Өнерімен барша жұртқа жар салар
Шақырайық шерудің ортасына
Ақылымен бұл кешті таныстырар

Жүргізуші:
4. Кіп кішкентай болсаң дағы
Елді аузыңа қаратшы
Таныстырып өтер өзін
Қарсы алайық Дәуренді

Жүргізуші:
5. Алтыншы жігіт салмақты
Бар жақсыны алмақшы
Шерудің төре жігіті
Біздің Нұрасыл болмақшы

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1. Тегін білу тектілік (таныстыру).
2. «Ата көрген - оқ жонар...» (Қол өнер сайысы)
3. «Тепсе темір үзер.» ( серпіліс жасау)
4. «Мергендік сайысы»
Байқау соңында жігіттердің биін тамашалаймыз
Байқауымызды бастамас бұрын біздің сайысымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
Балабақша меңгерушісі: Р. Т. Жанадилова
Ата ана:
Мектеп мұғалімі:
Ары қарай сайысымызды жалғастыру үшін Арсен мен Аяжанды ортаға шақырамыз.
Би «Аққу»
Арсен.
Жігіттер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Жігерленіп келіп жетті
Әндетіп, ізетпенен табысуға.
Сайысымыздың I - кезеңі таныстыру жігіттеріміз өздерін таныстырып өтеді.
1. Барлыбай Дәурен:
Бас иіп сәлем берем баршаңызға
Бас ию ежелден болған баршаңызға
Барлыбай дәурен мен боламын
Әрқашан әділдікке басымды ием
Бәйтерегім саялы Ақбөпе анам
Нұрлыбек асқар тауым, аяулы әкем
Қатысамын "Жігіттер сұлтаны" байқауына.
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы. жүктеу
2 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Балалардың бойында балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Перспективалық жоспар
Перспективалық жоспар
Дене шынықтыру. 1. Педагогтың артынан жүру және бірқалыпты жүгіруге уйрету. Жолақтың үстімен жүруде тепе - теңдікті сақтау. Қос аяқтап секіру
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балаларының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға,
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×