Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шахмат – ми гимнастикасы

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шахмат үйірмесінің тәрбие сағаты

Тақырыбы: Шахмат – ми гимнастикасы.
Мақсаты: Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін жетілдіру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Әдісі: Жарыс - сайыс, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, тастары, шахмат ойынына арналған белгілегіш сағат, магнитті шахмат тақтасы мен тастары, сұрақ таңдауға арналған көрнекі тор көз қағаз фигуралар.
Пәнаралық байланыс: Математика, дене шынықтыру, бейнелеу өнері.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Оқушыларды екі топқа бөлу.
ІІІ. Әділқазы алқаларымен таныстыру.

ІV. Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгін шахмат үйірмесіне қатысатын 5 - сыныптар, 6 - сынып, 7 - сыныптар оқушыларының «Шахмат - ми гимнастикасы» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
Ортаңызға екі топ сайысқа түскелі отыр. Олай болса сайысымызды бастайық.
Екі топтың сайыскерлеріне шахмат тастары бейнеленген ақ және қара түсті тәж кигізіледі.
І топ. «Шах» (Ақ түсті тәж)
ІІ топ. «Мат» (Қара түсті тәж)

Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Жүлде алып, ел намысын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпен ақтасын,- деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
Таныстыру.(Топтың аты, ұраны)
І. Бәйге. Викториналық сұрақтар. (Әр топқа бес сұрақтан қойылады)
ІІ. Көкпар. Сұрақ жауап.(Шахмат тақтасында тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау)
ІІІ. Жорға.(Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру)
ІV. Шахмат жарысы.(Әр топтан бес оқушыдан шығып, екі топ шахмат ойнаудан жарысқа түседі) Қорытындылау.

Кезеңдерімен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
Жарыс десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол жарыстан қанып тұрар.
Сегіз қырлы бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді деп өзін - өзі таныстырар,- дей келе кезекті таныстыруға берейік.
Ақ тәж киген «Шах» тобының ұраны: Шахматты біз ойнаймыз,
Амал тәсіл ойлаймыз.
Патшаға қауіп төндіріп,
Шах жасауды қоймаймыз.
Қара тәж киген «Мат» тобының ұраны: Жекпе - жекке түскенде,
Ұнатамын жеңгенді.
Жүрістердің төресі,
Матқа кім тең келеді.

І. Бәйге.
Викториналық сұрақтар. Әр топқа бес - бестен сұрақ қойылады. Соған жауап берейік. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.
І топқа:
І. Шахмат ойынында қанша түрлі тас бар? (Пешкі, піл, ат, тура, уәзір, патша)
2. Ми жұмысына арналған қазақтың ұттық спорт түрін атаңыз? (Тоғызқұмалақ)
3. Шахмат ойынында қандай тас және қай жағдайда басқа тасқа айнала алады? (Пешка. Жаудың төріне шыққанда)
4. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64)
5. Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)

ІІ топқа:
6. Шахмат ойынында пат ұғымы нені білдіреді? (Тең түсу)
7. Қазақстандық шахмат жұлдыздары кім? ( Динара, Жансая)
8. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)
9. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)
10. Шахмат ойынының тұмар белгісінде қандай фигура бейнеленген? (Ат)

ІІ. Көкпар.
Сұрақ - жауаптар. Көрнекі шахмат тақтасындағы тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау. Кез келген бір тасты таңдап алып, ондағы сұраққа жауап береміз. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.
а) Шахмат ойынының басты мақсаты не? (Патшаға мат қою)
ә) Шахматта дебют термині не ұғым береді? (Ойынның басқы кезеңі)
б) Егер ат бұрышта тұрса оның неше жүріске мүмкіндігі бар? (Екі жүріске)
в) Егер піл бұрышта тұрса оның неше жүріске мүмкіндігі бар? (Бір жүріске)
г) Патшаға шабуыл қалай аталады? (Шах)
ғ) Миттельшпиль ойынның қай кезеңіне жатады? (Ойынның ортаңғы кезеңі)
д) Шахмат тастарының орналасуын атаңдар? (Тура, ат, піл, уәзір, патша, піл, ат, тура, екінші қатарда пешкалар)
е) Шахмат ойыны ең алғаш қай елде пайда болған? (Үндістанда)

ІІІ. Жорға.
Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру. Әр топтан бір - бір баладан шығып, магнитті шахмат тақтасындағы қысқа этюдті әрі қарай жалғастырады, үш пар ойыншыдан қатысады, жеңген топ сайыскеріне 5 ұпай беріледі.

ІV. Шахмат жарысы. Әр топтан бес ойыншыдан шығып, арнайы дайындалған үстел үстінде шахматшының уақытын есептегіш сағаттарды белгілеп отырып, екі топ жарысқа түседі.
Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Шахмат жарысындағы сағат бойынша іріктелген жеңімпаздармен, ұпай бойынша жеңген топ марапатталады.
22 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары.
Қазақстандық спорт
Қазақстандық спорт
Спорт тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу.
Реттік сан есім. Шахмат әліппесі
Реттік сан есім. Шахмат әліппесі
Шахмат әліппесі туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Информатикадағы шахмат
Информатикадағы шахмат
Мәтіндік редактордың әр түрлі мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктерін қалыптастыру
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Ақтөбе қаласының, №48 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Төребекова Мейрамгүл Қуандыққызы
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×