Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатикадағы шахмат

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы, Еңбек негізгі мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Ыбраева Айман Амалбекқызы

Тақырыбы: Информатикадағы шахмат
Мақсаты: мәтіндік редактордың әр түрлі мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктерін қалыптастыру
Көрнекілігі: ДК құрылғыларының, шахмат фиугараларының суреттері, сұрақтар мен тапсырмалар жазылған қима қағаздары
Әдісі: сұрақ - жауап
Түрі: жалпылау сабағы
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, әдебиеті, сурет, шахмат
Бастаушы: Құрметті қонақтар, қош келдіңіздер. Ойынға қатысушылар, сіздерге сәттілік тілей отырып ойын шарттарымен таныстырып өтемін. Шахмат ойынының тәртібі бойынша фигураларды жүре отырып, парақтың сыртында фигура суреті бар тапсырмаларды орындайды.

Барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару, психологиялық жағымды ахуал туғызу
II. Дебют
III. Миттельшпиль
IY. Эндшпиль
Y. Қорытынды

Бастаушы: Шахмат тақтасының екі жағына ақ және қара түсті фигуралар орналастырылады. Әр ойыншының сегізден пешкасы, бір - бірден королі, бір - бірден ферзасы, екіден аты, екіден ладьясы, екіден пілі болады. Шахмат тәртібі бойынша жүре отырып, жүрген ойыншы тапсырмасын алады, компьютерде орындайды.
Барысы мынадай бөлімдерден тұрады. Дебют – ойынның басы, миттельшпиль - ойынның ортасы, эндшпиль - ойынның аяқталу сатысы

Пешка тапсырмалары: суретті тапсырмалар (бұл не -?)
Аттың тапсырмалары: сұрақтар:
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? (компьютер)
2. ЭЕМ - нің неше буыны бар?(5)
3. Бит дегеніміз не?(ақпараттың өлшем бірлігі)
4. Компьютердің негізгі бөліктерін айтып бер (жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақта)
5. Компьютерге қандай ақпаратты енгізуге болады? (графикалық, мәтіндік, дыбыстық)
6. Microsoft Word қандай редактор? (мәтіндік)
7. Мәтіндік редакторға сурет қоюға бола ма? (ия)
8. Пернетақта компьютердің............ құрылғысы (енгізу)
9. Жыпылықтап тұратын тік сызық (курсор)
10. Компьютердің жанындағы өсімдік (кактус)
11. Компютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (монитор)
12. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
13. Компьютердің атасы (Чарлз Бэббидж)
14. Мониторға қалай қарау керек? (жоғарыдан төмен қарай)
15. 1 килобайт қанша байтқа тең? (1024)
16. Компьютермен жұмыс істеу кезінде неше сағат сайын үзіліс жасау керек?
(әр сағат сайын)
17. Курсордың сол жағында тұрған символды өшіретін перне? (Backspace)
Ойынның ортасында оқушыларға «французша амандасу» сергіту сәті жүргізіледі

Ладьяның тапсырмалары 1 - топқа
1. Білімнің……- бейнет,…… зейнет
2. …………. aйтпа, ………….. айт
3. Жердің сәні - ………, ердің сәні -………….
4. ………….. aлтын қазына
Керекті сөздер: оқығаныңды, егін, білім, басы, кітап, соңы, тоқығаныңды

Жауаптары
1. Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет
2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт
3. Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім
4. Кітап - алтын қазына

2 - топқа
1. ………. білім жоқ,……… күнің жоқ
2. Көп ………….. білмейді, көп …………….. біледі
3. Тіліңмен ……………., біліммен……………..
4.…………- білім бұлағы, ………………- өмір шырағы
Керекті сөздер: оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
2. Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі
3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
4. Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы

Пілдің тапсырмалары
Мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін пайдаланып, жұмбақтың шешуінің суретін сал

1 - топқа
1. Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады (жұлдыз)
2. Ішіне тамақ салынған, есігі тастай жабылған (жұмыртқа)

2 - топқа
3. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады (балапан)
4. Ағаштардың көркемі
Мәңгі жасыл бұтағы
Мекен ғып тау - өлкені
Кәусар ауа жұтады (шырша)

Ферзінің тапсырмалары 1 топқа
1. 6х4 өлшемді кесте құр
2. Кестеге екі бағана қос
3. Кестеге 5 пен 6 қатарларының арасына қатар қос
2 топқа
4. 5х3 өлшемді кесте құр
5. Кестеге үш бағана қос
6. Кестеге 2 пен 3 қатарларының арасына қатар қос

«Менің бейнем» пікір алмасу
Қорытынды. Жеңіске жеткен топ «шах», ұтылған топ «мат» атағына ие болады. Тең ойын болса, «пат» деп атанып, қатысушыларды марапаттап, ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Толық нұсқасын жүктеу
3 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттың тығыздығын есептеу
Заттың тығыздығын есептеу
Заттың тығыздығын есептеу. Заттың тығыздығы деп аталатын физикалық шамамен таныстыру, оның дененің массасына және көлемдеріне тәуелді екенін сипаттайтын шама екенін түсіндіру, өлшем бірлігімен танысады.
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары.
Реттік сан есім. Шахмат әліппесі
Реттік сан есім. Шахмат әліппесі
Шахмат әліппесі туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Ақтөбе қаласының, №48 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Төребекова Мейрамгүл Қуандыққызы
Кім білімді, кім күшті, кім жылдам?
Кім білімді, кім күшті, кім жылдам?
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қалиева Зейнегүл Борамбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×