Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным - менің болашағым

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Менің Қазақстаным – менің болашағым. (тәрбие сағаты).

І. Менің Қазақстаным - менің болашағым.
«Өз Отаныңның патриоты болу
дегеніміз – Қазақстанды
жан - жүрегіңмен сүйе білу»
Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты: Отанды сүюге, Отан алдындағы борышын түсіне білуге тәрбиелеу. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің сүйікті Отанының қорғаушысы болуға міндетті. Өскелең ұрпақ болашақта білімді, отансүйгіш патриоттары болуы керек.
Әдісі: Тарихи - әдеби музыкалық кеш, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: Музыка аспаптар, рәміздер, слайд, гүл, шарлар сюжетті фильм, техникалық құралдар.
І Жерұйық - алтын мекенім
ІІ Ерлікке тағзым
ІІІ Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік – жігіттің қасиеті.
ІҮ Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Ү Бүгініміз баянды, болашағымыз жарқын

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Армысыздар, ардагерлер лектегі,
Өмірлерің - ерлік - күрес мектебі!

2 - жүргізуші: Аяулы да ардақты ұстаздар, білімді ұрпақтар.
Бүгінгі сіздердің назарларыңызға «Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты тарихи - әдеби музыкалық кешімізді ұсынамыз.
Өтегенін ескермеген өшеді,
Өтегенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

1 - жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2 - жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Қазақ елі сонау Алтайдан Пиреинеге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бобырдың елі.

1 - жүргізуші: 1723 жыл: Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елін, жоңғар қалмақтары шабуыл жасап қазақ халқын қан жылатты, шұбырынды халық ақтабан болды. Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Ән: «Елім - ай»
Билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. (Сахнада)
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» Туған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпейік, бір жеңнен қол шығарып бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық»- деді Төле бабамыз.
2 - жүргізуші: Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, Орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би Ұлы жүздің ақсақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді,

1 - жүргізуші: Қайран, қазақ елі! - Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, мың бұралған ағаштар.
оқушы: Қазақ жері - қонақжай төрелер жері,
Қазақ елі - қас қақпай ерлер елі.
Елі кедей болмаған - жері байтақ
Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі
Қазақ жері өнерлі қасиетті
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз,
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті, киелі, қасиетті.
Ән: «Ауылым»

ІІ Ерлікке тағзым. Слайд. Фильмнен үзінді (1минут үнсіздік)
1 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 - сінде фашистік Германия Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады, елін, жерін қорғау үшін халық майданға аттанды, тылды еңбек етті. «Бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» – басты ұран болды.
2 - жүргізуші: Отанға жау кенеттен оқ атқанда
Ойран салып, бау - бақшаны қиратқанда.
Жөнелді қыршын жастар қан майданға.
Ақ ниетті, асыл мақсат алға бастар.

1 - жүргізуші: Қазақстандықтар да өздерінің қаһарман халық екенін көрсете білді. Осыған байланысты 500 – ге жуық Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры деген атағына ие болды. Олардың 98 - і қазақ. Кейбірулерінің есімдерін айтып кетейік: Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Нұркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы. Әлия мен Мәншүк қыздардан дара шыққан шығыстың қос шынары, дара тұлғалары.
Ән: «Катюша»
2 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, біздің Жаңажол ауылынан 1941 - 45 жылдардың аралығында 88 азамат соғысқа атанып, солардың 55 - іне туған жердің, елдің бір уыс топырағы бұйырмай, майдан даласындағы жаумен қанды шайқаста қаза тапқан.

1 - жүргізуші: Ауыл азаматтары Отанды қорғай отыра фашизімнің жолын кесіп ұрыс даласынан сағынышты өлең жолдарымен хаттар жолдаған, сол хаттардың легі біздің елге де келген. Соның бір - екеуін оқып берейік.
Сейтенов Қажықанның жазған хаты.
Шет жерде ұлы майдан болып жатыр,
Майданға кеткен адам толып жатыр.
Бейнет пен мехнатты көріп жатыр,
Жалғыз ем, бір әкеден Қажықан атым.
Дәм жазып мен шықтым оң сапарға.
Артымда Аймушка мен Шұғай атты құлыным қалды.
Кім білер алдағы істің не боларын
Хабар жоқ ендігісін өзің ойла!
Оқушы: Өлең «Ардагерлер»
2 - жүргізуші - Сүйіншіге, сүйінші!
Шаттан, ата – анамыз,
Шаттан, ата – бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті Жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той – мереке
Ән: Жеңіс күні (Әскери марш)

ІІІ Ерлік - елдің қасиеті, Жүректілік - жігіттің қасиеті.
Ауған жауынгерлерінің гимні, слайд
Биыл 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 23 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Ауған соғысының қасіретті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші. Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924 - і ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар - ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды. Қазіргі таңда ауылымыздың интернационалист - жауынгерлері Хамзин. К., Сейфиев О., Кошегалин Б. Елдің бір - бір жауынгерлері.
2 - жүргізуші: Білеміз, жас өседі, туады ерлер
Жолын қуады ерлер
Тумайды, сіздерден соң, тумасын - ақ
Соғыс деген сұм тажалға куәгерлер!
1 - жүргізуші: Аққулардай асыққан мөлдір көлге,
Соғыстың азабын жеңдіңдер ме?
Тұңғиықтың түбінен шықтың бүгін,
Туған жерге, ағалар, келдіңдер ме?
Аса қадірлі қонақтарымыз, ардагер ағаларымыз біздің ауылымыздың интернационалист – жауынгерлеріміз, ауған соғысының ардагерлері: Хамзин Кемел, Сейфиев Орал, Кошегалин Бақыт, сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.(Естелік сыйлықтар тапсыру)
Ән: «Сарбаздар»

ІҮ.«Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы!» (слайд «Желтоқсан оқиғасы»)
2 - жүргізуші. 1986 жыл желтоқсан атты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 - жүргізуші: Қазақ жастарының қарсылық шеруі Тәуелсіздік алуымыздың бірден – бір себепшісі болды.
2 - жүргізуші. Бұл желтоқсан көтерлісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбековты, Сабира Мұхамеджанова Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1 - жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып ----
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер қайрат қыршым кеткен күн!
Оқушы: Қайрат Рысқұлбековтің ақтық сөзі
2 - жүргізуші: Өсер ұлдың әр сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауыІ
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!!!
Ән: «Желтоқсан желі»

Ү. Бүгініміз баянды, болашағымыз жарқын (слайд)
1 – жүргізуші: Асқар тау да сенікі,
Бақша бау да сенікі,
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
1 - жүргізуші: 1994 жылы 10 маусымда қазақ халқының екінші қыраны, ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
2 - жүргізуші: Келді міне ерлікті бағалар күні,
Аруағы қолдады бабалардың,
Ғарыш шарлап оралды Тоқтар батыр
Мұратына ие бол, балаларым!
1 - жүргізуші: Өтіп елдің талай сынақ азаптан,
Атты ақыры азат болып ғажап таң
Бақытты ел барма екен қазақтан
Егемен болмай – ел болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Оқушы: Халқымның жүрек қанына сіңген ақ ниет,
Атадан мұра балаға қалған өсиет.
Жиырма бірінші ғасырға кірді, еркін ел!
Рухы қайсар, төрінде биік – қасиет!
Ғажап елім – ғарышқа жолды тастаған,
Қаһарман елім ержүрек қолды бастаған!
Данышпан елім – жаралған ар мен намыстан,
Аспандап биік – жайнасын туым Астанам.
Бақытым, бағым – Қазақстаным, – Қазағым!
Өміріңді өшпестей тасқа жазамын.
Шарықтасын Бабаның берген тілімен,
Атамекен жерінде ғажап өз әнің!
Ән: «Өз елім»
2 - жүргізуші: Бүгінгі күні елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Әлемде өтіп жатқан дүбірлі додаға спортшыларымыз тек қана жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрақ туымыз желбіретіп, ән ұранымызға асқақтатып Қазақстанды әлемге танытты. Олимпиада мақтандырған, шаттандырған жұлдыздар.
1. Александр Винакуров Қазақстандық велошабандоз 250 шақырымдық топтың жарыста алтын медальдан олимпиада чемпионы.
2. Зулфия Чиншанло ауыр атлетикадан олимпияда рекордын жаңартып, алтын медаль алды.
3. Маия Манеза ауыр атлетикада Олимпиада рекордын жаңартқан алтын медаль алды.
4. Светлана Подабедова – ауыр атлетика Олимпиада чемпионы атанды.
5. Илья Ильин алдына жан салмаған, ауыр атлетикада екі рет әлем рекордын жаңартты, алтын медаль жеңіп алды.
6. Ольга Рыпакова үш қарқып секіруге шығып, алтын медаль жеңіп алды.
7. Серік Сәпиев боксшы алтын медаль алды.
Қызылжар қаһарманы.
Кеп жатыр Винокуров алтын алып,
Жетуге бұл атаққа жанын салып
Екі жүз қырық сегіз шақырымда
Топ жарған тумамыз ғой бұл бір алып!
Қуанып бөркімізді аспанға аттық,
Ерекше кеудемізді кернеп шаттық,
Көргенде көк байрақты көтерілген,
Толқыдық, көзімізге жас ап жаттық
Аялап туған жердің атар таңы
Ардақтап кәрі – жастың жатар бәрі
Өзіңді төбемізге көтереміз,
Тусаң ту, Қызылжардың Қаһарманы!

1 - жүргізуші: Самға, қазақ, Тәуелсіздік көгінде,
Рух – жігерің таусылмайтын өмірде.
Абыроймен желбіресін жалауың
Алтын тұғыр – Астананың төрінде
2 - жүргізуші: Ата - баба жанын қиып қорғаған,
Ақ тілегін ұрпағына арнаған
Қазақстан - алтын ұя Отаным
Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан!
Ән: «Атамекен»
25 104
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Өсер ұлдың қай сәтте де, Бірлік болмақ қалауы, Лаула - лаула желтоқсанның Мұзға жанған алауы.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті,№3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Менің Қазақстаным - менің болашағым
Менің Қазақстаным - менің болашағым
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×