Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл оқушысы сайысы

07 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Жыл оқушысы» сайысының ережесі
Мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру және насихаттау;
Өтетін уақыты: мамыр
Сайыстың шарттары:
І. Өзін - өзі таныстыру - 5мин
(презентация түрінде, өлең жолдарымен т. с. с.)
ІІ. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
( Интеллектуалдық блиц - сұрақтар)
ІІІ. «Көкпар»- 3 мин
«Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» өз ойларын ортаға салу.
Сайыскерлер «Портфолио» дайындау қажет.
(оқушының жетістіктері, «Менің отбасым», «Мені қызықтыратын әлем», «Менің бос уақытым» т. б тақырыптарды қамту қажет)

«Жыл оқушысы» сайысының жоспары.
Мақсаты: жыл қорытындысы бойынша әр сыныптардан белседі, лидерлік қабілеті мен қоса білім де жетістіктері бар оқушыларды анықтау; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұжымның намысын қорғай білетін және еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу;
Көрнекілік: 1Плакаттар: "Өнерлі бала - сүйкімді", "Өнерлі өрге жүзер", "Білімді мыңды жығар".
2. Залдың іші шарлар мен гүлдермен безендірілген
3. Әділқазылар бағалайтын көрсеткіш сандар
4. Проектор, компьютер

Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Жыл оқушысы» сайысына қатысушы жас қырандар!
«Асыл тастан, өнер жастан» деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі дәстүрлі «Жыл оқушысы» сайысына қатысатын оқушылар өз білімдерімен ой ұшқырлығын сараптау мақсатымен білім сайысына түспекші. Орта сайыскерлерімізді шақырайық!
Музыка ойналып, ортаға оқушылар шығады.
Жүргізуші: - Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешқашан да қайтпайтын, - деп әділқазылар мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Музыка. Әділқазылар мүшелерін таныстыру.
Жүргізуші: - сайыстың ережесімен таныс болыңыздар.
І. Өзін - өзі таныстыру – 5 мин.
ІІ. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (1 минуттың ішінде неше сұраққа жауап береді). 10 сұрақ оқылып, дұрыс жауабына 10 ұпай беріліп отырады.
ІІІ. «Көкпар» - 3 мин. Сөз сайысы. «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» - өз ойларын ортаға салу.
Ән шашу.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп «Таныстыру» бөлімін бастайық. Сайыскерлер өздерін таныстырады. Таныстыру бөлімінен соң 1 - музыкалық сәлем жолдау.
Сөз әділқазыларға беріледі, бағалары жарияланады.
Жүргізуші: - Сіздерді сайысқа шақырамыз
Сұрақпенен бастарыңды қатырамыз, - деп екінші бөлім – «Жүзден жүйрік, мықнан тұлпар» - бастайық. Әр оқушыға 10 сұрақ оқылады, дұрыс жауабына 10 ұпай беріліп отырады.

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда
Сөз сайысы. «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз», - өз ойларын айту.
Әділқазылар қорытынды шығарғанша музыкалық сәлем жолдау.

Жүргізуші: Ұлылардың ізін басар
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші бүгінгі сайыскерлеріміздің жан - жақты екенін көрдік. Ойының аты ойын. Ойын болған соң жеңімпаз болады. Сайыскерлеріміздің еңбегін бағалау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Марапаттау. «Жыл оқушысы» жеңімпазын анықтау.
Сайыскерлерге мақтау қағазымен, жеңімпазға төс лентасы тағылады.
Жүргізуші: - Құрметті оқушылар! Мектептегі «Жыл оқушысы» сайысы өз мәресіне жетті. Ертеңгі күнге ескерткіш болсын деп барлығыңызды суретке түсуге шақырамыз.
29 536
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Айгөлек ән байқауының сценарийі
Айгөлек ән байқауының сценарийі
Қызыққа толы көктемнің, Сан қырларын ашайық. Мерекесін көктемнің, Думандатып бастайық!
Жеті атаңды білесің бе?
Жеті атаңды білесің бе?
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Матикова Роза Сариевна
Ең сүйкімді бүлдіршін
Ең сүйкімді бүлдіршін
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гаухар Кажгалиевна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Өнерлі өрге жүзер
Өнерлі өрге жүзер
Атырау қаласы, Құрманғазы селосы Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің ағылшын және музыка пәні мұғалімі Абилтаева Гүлхат Имуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×