Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан желі

31 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Желтоқсан желі»
Залды безендіру: кітап көрмесі, дәйексөздер.
Көрмеге қойылатын кітаптар: «Менің елім Қазақстан», « Қайсар рухты Қайрат», «Тәуелсіздік тартулары», «Декабрь. 1986», «Желтоқсан ызғары», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Желтоқсан. 1986».
Өткізу жоспары:
1. Желтоқсан оқиғасы туралы түсінік.
2. 1986 ж. 16 желтоқсан күнгі бейнебаян.
3. Тәуелсіздіктің келуі.
4. Тәуелсіздік жайлы өлең жолдарын оқу.
Әлқисса. 1986 жылы 17 - 18 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Совет өкіметі тұсында бұрын - соңды болмаған құбылыс. «Алматыда демонстрация. Брежнев алаңында қаптаған жұрт. Көшеде сап түзеген жастар»,- деген сөздер ел құлағына жетті. Елеңдеген ел не үшін болып жатқан оқиға екенін түсінбей дел-сал болды. Бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің көтерілісіне ұқсап, қазақ декабристер көтерілісі атанып кетті.

Бұл көтерілістің себебі, былай болған еді: 1985 жылғы қайта құру мен жариялық процестері әмірдің барлық саласын қамтып, жаңа өзгерістер болып жатты. Кадр мәселесі қатты қолға алынып, басшы қызметкерлері бірі орнынан алынып, бірі жауапқа тартылып жатса, енді бірінің жұлдызы жанып жоғары өрлеп жатты. Осы кезде республика жұртын мазалаған жағдайдың бірі - Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев жасы келгеніне байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босау - босамауы еді. Аяқ астынан пленум болатындығы туралы хабар сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бесінші пленумі 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйым мәселесі қаралатын күн жетті. Пленум Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына шеттен әкелінген Геннадий Васильевич Колбин сайланды. Ескі тәртіп бойынша ешкімнің лебізін тыңдамай жоғарыдан шешіліп қойылған ұсыныс бойынша болды. Өзара іштей өткізілген пленумды Қонаевтың өзіне жүргіздіртпей, Совет Одағының Компартия Комитетінің сол кездегі хатшысы Разумовский Қонаевқа қысқаша ғана алғыс айтып, оны босату, ал орнына Колбинді сайлау жөнінде ұсыныс жасады.(Осы пленумға қатысқан (КОКП) Орталық Комитетінің ұйымдық партиялық жұмыс бөлімінің сектор меңгерушісі Н. Ф. Мищенко текке бақылап отырмапты).

Пленум жөніндегі алғашқы ақпарат сол 16 желтоқсан күні сағат 15 - те республикалық радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17 желтоқсанда «Социалистік радиодан берілді»және «Казахстанская правда»газеттерінде жарияланды. Онда Колбиннің өмірі қысқаша баяндалды.
Өкіметтің осы жасырын істеріне ашынған қазақ халқы, әсіресе жастар қауымы 17 - желтоқсанда таңғы сағат 8 - де бұрынғы Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200 - 300 шамасында еді. Бара - бара жастар саны көбейе бастады. Көп кешікпей алаңға қарулы күштер әкелінді. Астанаға кірер жолдардың бәрі жабылды. Шеруге жиналған жастар саны бірте - бірте арта түсіп, түстен кенін 5000 - ға жетті. Сағат кешкі 7 - лер шамасында жастарды қуу, тарату қимылы басталып кетті. Өрт сөндіру машиналары келіп су шаша бастады. Ал жастар болса, қаймықпастан машиналарға қарай лап қойды, сол күнгі айқай шу таң атқанша басыла қоймады.

Енді көрініске назар аударсақ.
Немере: Әже, неге мұнша күңіренесіз, неге күрсінесіз? Әже, маған Тәуелсіздіктің 21 жылдығына байланысты Қазақстанның тарихынан шежіре айтып беріңізші.
Әже: Е, балам, бұл ескерткіш тақта 1990 жылы17 - желтоқсанда «Желтоқсан құрбандарына»арнап орнатылған еді. Иә, бұл күнге жету үшін ата - бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан ұрпаққа табыс етті...

Немере: Әже, неге тоқтап қалдыңыз? Мен тыңдауға әзірмін.
Әже: Е, е балам, қасиетті қазақ даласы талай дүниелерді, қанды оқиғаларды бастан кешті ғой! 260 жыл патшалық Ресейдің отары болдық, 70 жыл әміршіл - әкімшіл үкімет үстемдік етті, тілімізден, дінімізден айырылу қаупі тұрды. Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.
1916 жылы ұлы дүрбелең болды. Қазақ жігіттерін майданға қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 - маусымдағы жарлығына қарсы Жетісуда, Торғайда т. б. өңірлерде ұлт - азаттық көтеріліс зор қарқын алды.
1920 - 21, 1931 - 32 жылдары ұлтымызға қолдан жасалған аштық болды, зорлық - зомбылықтан елінен безіп, өз отбасын, руын, туған - туысқандарын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.
1937 жыл. Сталиндік репрессия өз білгенін жасады. Қазақстаннан шыққан беделді азаматтарды «Халық жауы»деген жаламен атқызды, қуғынға салды.
Ал 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Немере: Иә, әже, мен ССРО - Германия соғысына қатысқан батырларды білемін, олар: Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.
Әже: 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында қазақ жеріне көптеген ұлт өкілдері қоныстанды. Тың игеруге келген басқа ұлт өкілдерін қазақ халқы құшағын жайып қарсы алып, кеңдігін көрсетті.
Осыдан 26 жыл бұрын дәл осы алаңда өз пікірлерін білдіруге шыққан жастардың бейбіт шеруі өтті. Бірақ ол шерудің аяғы қанды қырғынға ұласты. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыргелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген - мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Е, балам - ай, 1991 жылы 16 - желтоқсанда «Егемен болмай ел болмас, Тәуелсіз болмай тіл болмас» демекші, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық.
Немере: Әже, «Осы тақтаға қолыңды қойып, арман айтсаң орындалады» деген рас па?
Әже: Ой, құлыным, рас, арманыңды ойлап жіберші қане...
Жүр, балам, арманыңды айтып болсаң қайтайық үйге.
Немере: Әже, нендей арман ойлағанымды айтайын ба? Мен елімізде тек тыныштық болып, соғыс өрті жерімізді шалмасын, бейбітшілік болсын дедім!
Әже: Балапаным - ай, біз көрген қиыншылықты сіздердің бастарыңа бермесін, Жер - Анамыз тыныш болсын құлыным!
Осы оқиғаға байланысты өлеңдерге кезек берейік.

Әсия:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет,
Жас бүлдіршін, мұз жамылған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары нары жоқ
Ал біреулер намысы жоқ жігер қауқар қары жоқ
Кемсітпеші «Желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Өткізгендер: Нұртазаева Қалдығыз Бегимбетова Нұргүл
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Желтоқсан ызғары
Желтоқсан ызғары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақобда ауылы Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×