Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр болсаң - талас жоқ

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Музыкадан кластан тыс іс - шара 4 а, б кластарына арналған «Тапқыр болсаң - талас жоқ» сайысы

Мақсаты; 1. Симфониялық шығармалар жайлы жүйелі де, жан - жақты білімдерін оқушылардың өздеріне талдату арқылы білімдерін тексеру.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін ән, бейнелеу, музыка арқылы дамыту.
3. Мәдени мұраны жақсарту мақсатында кәсіби музыканы тыңдауға, оның маңызын түсініп, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сайыстың түрі; Жарыс сабақ.
Көрнекіліктері; көркем жазылған тақырып, сазгерлердің суреттері, симфониялық шығармалар жазылған кассеталар, нақыл сөздер.

Сайыстың барысы:
Қош келдіңіздер қымбатты ұстаздар, қадірлі көрермендер, бал - бұл жайнаған бүлдіршіндер. Сіздердің дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі эстетикалық пәндер бірлестігінің 10 күндігінің жоспарына сәйкес өткізілгелі отырған «Тапқыр болсаң - талас жоқ» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Бұл сайыста оқушылар І - тоқсан бойынша өткен «Қос арна» тақырыбынан алған білімдерін ортаға салады. Музыка әлеміндегі екі арна - халық музыкасы мен кәсіби (профессионалды) музыка сөз болады.
Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық;

Кел балалар күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Балдырғанбыз демейік,
Өмір сырын білейік. деп келген 4а сынып оқушылары………………,
4б сынып оқушылары ……………………………ортаға үлкен қошеметпен шақырайық.

Жердің бетін жадыратсын күлкіңіз,
Жаңа ғасыр бұзылмасын шырқымыз.
Жер анамыз тыныштықты тербетсін,
Жарқырасын қазақ деген ұлтымыз. деп бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрайымы: ………………………

Сонымен халық музыкасын қарағанда құрылысы жағынан күрделірек, көлемдірек, симфония, опера, балет, оратория, хор музыкалары туралы білгенімізді ортаға салатын сәт туды. Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Білгенге маржан»- сұрақ - жауап бөлімі.
2. «Бұл кім?» сазгерлерді өмір - тарихы арқылы айыру бөлімі.
3. «Музыка тыңдай білеміз бе?» бөлімі, яғни симфониялық музыканы жанрына қарай ажырату.
4. «Әнді сүйсең - менше сүй» бөлімі, тыңдаған әннің атын табу, 1 шумағы мен қайырмасын орындап беру.
5. «Білімді мыңды жығар» бөлімі музыка сауаты бойынша алған білімдеріңнің ережелерін тексереміз.
Ал, олай болса балалар іске сәттілік тілей отырып«Білгенге - маржан» бірінші бөлімімізді бастаймыз
Сұрақтар 4а сынып оқушыларына беріледі.
1. Оратория неше бөлімдік тарихи музыкалық шығарма?(бірнеше)
2. Әншілердің қосылып ән салатын үлкен тобын ата.(хор)
3. Әйелдердің жіңішке, биік дауысы не деп аталады?(сопрано)
4. Ерлердің жуан дауысы не деп аталады?(бас)
5. Жыраудың әңгімесі не айтатын жыры?(баллада)
6. Симфониялық оркестрдің құрамындағы ысқышпен ойналатын, сырт пішіні скрипкаға ұқсас, бірақ одан 3 - 4 есе үлкен төрт ішекті аспап.
(виолончель)
7. Симфониялық оркестр орындайтын шығарма (симфониялық музыка)
8. Опера, балет, ораторияның әдеби - поэтикалық мәтіні (либретто)
9. Ыбырай Сандыбайұлының әні (Гәкку)
10. «Қыз Жібек» операсын жазған кім? (Е. Г. Брусиловский)
11. Оркестрдың жетекшісі? (дирижер)
12. Қ. Мусиннің симфониялық поэмасы (Жайлауда)

4б сынып оқушыларына
1. Әйелдердің қоңыр, төменгі дауысын не деп атайды? (альт)
2. Ерлердің биік, жоғары дауысын не деп атаймыз? (тенор)
3. Бір әуенді бірнеше дауыстардың қайталау ережесін не деп атаймыз?
(канон)
4. Музыкалық шығармада негізгі әуеннің құбылып отыруы (вариация)
5. «Ғасырлар үні» ораториясының екінші бөлімі не деп аталады?
(Шабуыл)
6. Күрделі музыкалық шығарманың түрі (симфониялық музыка)
7. Музыкалық шығармадағы негізгі әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы? (лейтмотив)
8. Мұхит Мералы ұлының әні (Дүние - ай)
9. «Ғасырлар үні»ораториясын жазған кім? (Сыдық Мұхамеджанов)
10. «Ақсақ құлан» хор поэмасы кімдікі? (Мыңжасар Маңғытаевтікі)
11. Музыкалық шығарманың шарықтау шегі (кульминация)
12. Әуенді хорға немесе басқа аспаптың орындауына ыңғайлап өндеу.
(аранжировка)

Екінші бөлім «Бұл кім?»
Тапсырма 4а сыныбына беріледі?
1. Ол Торғай қаласында дүниеге келген. Ол жас кезінен өлең жазып, домбыра тартқан. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жүріп ақ, математикаға қабілетті екенін байқатты. Алайда оның музыкаға деген құштарлығы басым болып, біржола өнер жолына түседі. Оның балаларға арналған көптеген әндері бар Мысалға; «Айгөлек», «Біз - Отанның бөбегі». Әңгіме кім деген сазгер туралы? (Бақытжан Байқадамов)

2. Халық композиторы. Осы күнгі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ақбақай деген жерде дүгиеге келген.
Бала жасынан әнге, домбыраға құмар, іздеп жүріп жыр тыңдап, ауыл сыртында кетіп бара жатқан жолаушының салған әнін бір естігеннен қағып алатын болған. Әкесінен тараған алты ағайындының алтауының да домбыра мен әнге ықыласы ауып, күй шертпейтіні, әу деп ән салмайтыны болмаған. Жасы 25 - ке келгесін аты шыға бастаған, ал 30 жасында өз жанынан ән шығаруға, шығармашылық жолға түсуге бет алады. Оның «Дүние - ай» әні «Қыз Жібек» операсында Жібектің лейтмотивіне пайдаланылды. Ол кім? (Мұхит Мералыұлы)

Тапсырма 4б сынып оқушыларына беріледі?
1. Дондағы Ростов қаласында туған. Музыкалық қабілеті мен музыкаға деген сүйіспеншілігі анасы арқылы берілген. Ленинград консерваториясын бітіргеннен кейін жас композиторды 1933 жылы Ахмет Жұбанов Алматыға шықырып, жас композиторларды шығармашылыққа үйреткен. Махамбет Бөкейхановтан, Лұқпан Хамитовтан атақты күйші - домбырашылардан халық әндері мен күйлерін жазып алды. Өмірінде 5 опера жазған сазгер. «Қыз Жібек» операсын 1934 жылы алғаш рет сахнаға шығарды. Сабақта оның «Қос қарлығаш» әнін үйрендік. Ол кім деген композитор. (Е, Г. Брусиловский)

2. 1860 жылы бұрынғы Көкшетау уезінде дүниеге келген. Жас кезінде молдадан оқып, хат таныған, одан әрі көп оқи алмады. 8 - 9 жасынан ән салған. Әкесі кедей, аздап ұсталық құрған, ағаш шебері болған. Алғашқы әндері; «Алтыбасар», «Қарақат көз», «Арар - ай». Ол шығармаларын Ақан, Біржан сияқты ән үлгісінде жазған. Оның халыққа көп тараған әндері «Жиырма бес», «Желдірме». Ол 1925 жылы Бурабайда СМ, Сейфуллинмен кездеседі. Екеуі Оқжетпестің баурайында отырып, көп әңгімелеседі, сол сәтті С, Сейфуллин өзінің «Көкшетау» поэмасында: Әнші бар Көкшетауда талай
Әні бар Гәкку деген аңқылдаған,
Аққудай айдын көлде қаңқылдаған,- деп оның әншілігін, ақындығын көрсеткен. Ол кім деген халық сазгері?
(Ыбырай Сандыбайұлы)

3 - бөлім «Музыка тыңдай білеміз бе?» яғни симфониялық шығармаларды жанрына қарай ажырату.
1. «Елім - ай» әніне №1 вариация. Нағым Меңдіғалиевтікі.
2 Құрманғазы күйіне жазылған Бақытжан Байқадамовтың аранжировка «Ақбай»

4 - бөлім «Әнді сүйсең - менше сүй» Бұл бөлімде мен баян аспабынан әннің әуенін тартамын сендер сол әуеннің атын тауып, бірінші шумағын қайырмасымен айтып бересіңдер.
1. «Балдырғандар әні» Б. Дәлденбаевтікі.
2. «Отаным - Қазақстан» А. Исағұлованікі.

5 - бөлім «Білімді мыңды жығар» Бұл бөлімде музыка сабағында өткен ережелерді еске түсіріп айтып береміз.
4а сыныбына
1. Музыкалық шығармадағы негізгі әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы. (лейтмотив)
2. Әуенді хорға немесе басқа аспаптың орындауына ыңғайлап өңдеуді не дейміз? (аранжировка)
3. Халық өмірінен алынып, тарихи шындықты, бостандық үшін күресті немесе табиғат көріністерін баяндайтын бір бөлімді шығарманы не дейміз? (симфониялық поэма)
4б сыныбына
1. Музыкалық шығарманың шарықтау шегі дегеніміз не?
(кульминация)
2. Құрамында ішекті, үрмелі, ұрып ойнайтын аспаптардан тұратын оркестрдің жетілдірілген түрі. (симфониялық оркестр)
3. Сахнада қойылу үшін жазылған, басынан аяғына дейін әнмен өрнектелген, көлемді музыкалық - драмалық шығарманы не дейміз? (опера)

Ал енді әділ қазылар бір шешімге келгенше
Сайланып келіпсіздер мына бәрің,
Арналып, шырқалады сендерге әнім,
Тілеймін талаптарың құтты болсын,
Сайысқа дайындықпен келген бәрің,- деп айтатын Құралайды «Жаса, Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз.
Сайыс қорытындыланып, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.
5 487
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр болсаң – тауып көр
Тапқыр болсаң – тауып көр
1 - жарты жылдықта өткен тақырыптары бойынша жүйелі де, жан - жақты білімдерін оқушылардың өздеріне талдату арқылы білімдерін тексеру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін ән, музыка арқылы дамыту.
Тапқыр болсаң  тауып көр
Тапқыр болсаң тауып көр
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы Бахрадинова Құндыз
Түйе мен тышқан
Түйе мен тышқан
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Білімің, ұшар қанатың
Білімің, ұшар қанатың
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурсеитова Арайлым Кабаровна
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гульсара Кубашевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×