Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Информатика және Физика» апталығы
"Бақытты сәт" білім сайысы
Ойын сайысының мақсаты:
1. Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Түрі: топтық жарыс
Типі: Ойын түрінде
Қолданылатын технология: ақпараттық технология
Көрнекілігі: мультимедия, интерактивті тақта, эмблемалар, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Командалар
І топ – “Ньютон»
ІІ топ – “Паскаль”
1 - топ – «Ньютон»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
2 - топ – «Паскаль»
Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».
Сайыстың өту кезеңдері:
1 - кезең “Жалғастыра жарысу”
2 - кезең “Жұмбақтар әлемі”
3 - кезең “Белгісіз ғажайып”
4 - кезең “Кім озып келер”
5 - кезең «Кім тапқыр?»
6 - кезең «Өнерпаз болсаң...»

Ұйымдастыру:
Ойын шарты: Бұл сайысқа 6 оқушы қатысады және олар екі топқа бөлінеді:
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Назарларыңызға “Бақытты сәт” атты сайысымызды ұсынбақпыз.
Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын. Олай болса, бүгін сіздер физика мен информатиканы жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын берер әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық – деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

1 - топ – «Ньютон»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
2 - топ – «Паскаль»
Ұраны: « Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 6 бөлімнен тұрады: ұлы ғалымдар, сәттілік кезең, тіл – өнер, біліктілік сайысы, кім тапқыр, өнерпаз болсаң.
Ал енді І бөлімді бастайық.

І Жалғастыра жарысу
І бөлім: «Ойымды жалғастыр...» сайысы (Әр команда шапшаң жауап беруі керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Төртеу түгел болса төбедегі келеді, (алтау ала болса ауыздағы кетеді)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 967
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика – ғасыр талабы атты интеллектуалдық олимпиада.
Информатика – ғасыр талабы атты интеллектуалдық олимпиада.
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Қызықты математика
Қызықты математика
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Урисбаева Жанат Алдамуратовна
Білімді сынып
Білімді сынып
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Ляззат
Математикалық сандық
Математикалық сандық
Дайындап өткізген 3 - курс студенттері Күзенбай Б.Ғ., Ерденова Н.Е.
Анықталған интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Анықталған интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Интегралды есептеу үшін Ньютон - Лейбниц формуласын қолдану бойынша білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, білімдерін нақтылау.
Математика әлемінде
Математика әлемінде
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы, Шаған ЖОББ мектебі математика пәні мұғалімі Ермухамбетова Луиза Орынбасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×