Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр болсаң – тауып көр

09 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» музыка пәнінің мұғалімі
Сапарғалиева Айгул Мантиқызы

Тапқыр болсаң – тауып көр.
Музыкадан кластан тыс іс - шара 4 а, б кластарына арналған «Тапқыр болсаң – тауып көр» сайысы.

Мақсаты: 1 - жарты жылдықта өткен тақырыптары бойынша жүйелі де, жан - жақты білімдерін оқушылардың өздеріне талдату арқылы білімдерін тексеру.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін ән, музыка арқылы дамыту.
3. Мәдени мұраны жақсарту мақсатында дәстүрлі және кәсіби музыканы тыңдауға, оның маңызын түсініп, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сайыстың түрі; Жарыс сабақ.
Көрнекіліктері; көркем жазылған тақырып, сазгерлердің суреттері, слайд, үнтаспа.
Сайыстың барысы:
Қош келдіңіздер қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жаратылыстану бірлестігінің 10 күндігінің жоспарына сәйкес өткізілгелі отырған «Тапқыр болсаң – тауып көр» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Бұл сайыста оқушылар музыка пәнінен 1 - жарты жылдықта өткен тақырыптары бойынша алған білімдерін ортаға салады. Олай болса:
Кел балалар күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Балдырғанбыз демейік,
Өмір сырын білейік,- деп келген 4а сынып оқушылары «Алғырлар» тобы және 4б сынып оқушылары «Тапқырлар» тобына қошемет көрсетіп қояйық.

Жердің бетін жадыратсын күлкіңіз,
Жаңа ғасыр бұзылмасын шырқымыз.
Жер анамыз тыныштықты тербетсін,
Жарқырасын қазақ деген ұлтымыз,- деп бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1
2.
3
Қазылар алқасының төрайымы: ………………………

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1.«Білгенге маржан»- сұрақ - жауап бөлімі.
2. «Бұл кім?» сазгерлердің өмір - тарихы арқылы айыру бөлімі.
3. «Музыка тыңдай білеміз бе?» бөлімі, тыңдаған музыкаларын анықтау.
4. «Білімді мыңды жығар» бөлімі музыка сауаты бойынша алған білімдерінің ережелерін тексереміз.

5 «Әнді сүйсең - менше сүй»ән сайысы. Тыңдаған әннің атын табу, 1 шумағы мен қайырмасын орындап беру.
Ал, олай болса балалар іске сәттілік тілей отырып«Білгенге - маржан» бірінші бөлімімізді бастаймыз.
Сұрақтар 4а сынып «Алғырлар» тобына беріледі:
1. Арқа өңірінің әншілік дәстүрін жалғастырушыларды ата?
2. Қобыз күйлерін орындап жеткізушілер кімдер?
3. Қаратау өңірінің дәстүрлі ерекшелігі неде?
4. Батыс өңіріндегі әншілік және күйшілік дәстүрін жалғастырушылар айтып бер?
5. Ұстаз бен шәкірт дегенді қалай түсінесің?
6. Қазіргі дәстүрлі орындаушылардан кімдерді білесің?
7. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құру кімнің үлесіне тиеді?
8. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?
9. Домбыра аспабының қандай түрлері пайда болды?
10. Қобыз аспабының қандай түрлері пайда болды?
11. Оркестр құрамындағы үрмелі аспаптарды ата?
12. Оркестр құрамына қандай ұрмалы аспаптар енеді?

4 б сынып «Тапқырлар» тобына:
1. Құрманғазы «Адай» күйін кімге арнады?
2. Не себепті Мұса жаяу атанды?
3. «Қарқаралы» әнін кім шығарды?
4. Жез киікке неге оқ дарымайды?
5. Мұхит кімнен бата алады?
6. Дәстүрлі әндер мен күйлер қазіргі уақытта қалай жалғасуда?
7. Өзіңе ұнаған қандай әндер мен күйлерді ерекше атай аласың?
8. Дирижер міндеті не?
9. Болат Сарыбаев қанша көне саз аспаптарын қайта жаңғыртады?
10. Шертер аспабының домбырадан айырмашылығы неде?
11. «Отырар сазы» оркестрінің негізін құрған кім?
12. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Отырар сазы» оркестрінің арасында қандай айырмашылық бар?
Екінші бөлім «Бұл кім?»
Тапсырма «Алғырлар» тобына беріледі?

1. Ол Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол өмірінің қиындығына қарамастан, өте ақ жарқын, көңілі кең адам болған. Өмірі мен тағдырына мұңаймаған оның әндері жеңіл, әрі әзілге толы болды. Ол өзінің асқан әншілігімен қатар орыс тілін жақсы меңгеріп, скрипка мен балалайкада ойнай алған.(Жаяу Мұса)
2. Үлкен жәрмеңкелер мен той - думандарға қатысып, ән салып, атағы елге ерте тарап кеткен дүлділ әнші. Ол ХІХ ғасырда қазіргі Орал облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Оның кең ауқымды, күрделі де асқақ әндерінің дүниеге келуі, сол кездегі Бөкей ордасында қалыптасқан дауылды күйшілік дәстүрдің әсері екені сөзсіз. Оның «Паң көйлек», «Зәуреш», «Айнамкөз» сынды көптеген әндері елге танымал. (Мұхит)

Тапсырма «Тапқырлар» тобына беріледі?
1. Арқа дәстүріндегі оның әндері оқшауланып дара тұр. Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Өз басынын өткізген ауыртпалық пен қиындықты өз әндерінде бейнелеп отырды. Ол әділетсіздіктің күрескері ретінде шерлі, мұңды, жан сезімін баяндайтын әндер туғызды.. Оның “Үшқара ”,“Қарқаралы” «Қаракесек» сынды әндері халық арасында кеңінен танымал болды.(Мәди)
2. Ол Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы қобыз, домбыра жасаған, ал әкесі асқан күйші қобызшы болған. Ол 7 - 8 жасынан бастап әкесінен қобыз үйренеді. 15 жасынан бастап елге таныла бастайды. Ол атақты Жанақ пен Шөже ақынның батасын алады. Оның ұлы да қобызшы болады. Оның «Жез киік», «Шыңырау» сынды көптеген күйлері бар.(Ықылас).

3 - бөлім «Музыка тыңдай білеміз бе?
1. Сүгір. «Бес жорға».
2. Т. Момбеков. «Салтанат».
3. Халық күйі «Қасқыр».
4. Ықылас. «Шыңырау».


4 - бөлім «Әнді сүйсең - менше сүй».
Бұл бөлімде тыңдаған әннің атын табу. (1 куплет қайырмасымен орындау).
1. Б Бейсенова «Ұстазым».
2. «Алғашқы ұстаз»
3. «Туған жер».
4. «Туған жердей жер болмас».
5. «Жаса, жайнаа Қазақстан».

5 - бөлім «Білімді мыңды жығар» Бұл бөлімде музыка сабағында өткен ережелерді еске түсіріп айтып береміз.
4 а сыныбын «Алғырлар тобына»:
1. Дыбыстың бояуы қалай аталады?
2. Симфониялық оркестрге арналған шығарма қалай аталады?
3. Сахнада қойылу үшін жазылған, басынан аяғына дейін әнмен өрнектелген, көлемді музыкалық - драмалық шығарманы не дейміз?

4 б сыныбына «Тапқырлар»тобына:
1. Дыбыстың көлемі қалай аталады?
2. Операның либреттосы дегенді қалай түсінесің?
3. «Фортепиано» аспабының итальянша атауы?

Сайланып келіпсіздер мына бәрің,
Арналып, шырқалады сендерге әнім,
Тілеймін талаптарың құтты болсын,
Сайысқа дайындықпен келген бәрің,- дей келе әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша сынып ұлдарының биін тамашалаңыздар.
Сайыс қорытындыланып, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.
4 719
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті атаңды білесің бе?
Жеті атаңды білесің бе?
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Матикова Роза Сариевна
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Тапқыр болсаң  тауып көр
Тапқыр болсаң тауып көр
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы Бахрадинова Құндыз
Білімің, ұшар қанатың
Білімің, ұшар қанатың
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурсеитова Арайлым Кабаровна
Тапқыр болсаң - талас жоқ
Тапқыр болсаң - талас жоқ
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хасенова Галя Рахымжанқызы
Тапқыр болсаң, тауып көр
Тапқыр болсаң, тауып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×