Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаман әдеттен сақтан!

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жаман әдеттен сақтан!
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - біріне және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, оқушының ой - өрісін дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал ету 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу
- Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті оқушыларым! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Біз тағыда кең және жарық сыныбымызға келіп тұрмыз.

ІІ. Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

Сұрақтар:
1. «Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен», – деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Яғни, адамның жақсы болуда жаман болуы да өз қолында. Сондықтан жақсы болуға талпынуымыз керек.

2. «Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?
Яғни, Мен де осылай жақсылық жасап біреуді қуантсам деп ойлап, сол ойды әрдайым іске асырып жүруіміз керек.
3. Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар? сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер?
Тапсырма: Өлеңді реп, опера, өз жанырында айтып шығайық.

ІІІ. Ынталандыру.
1. Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
2. Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
3. Басқаларға жақсылық жасаған кезің болды ма?
- Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне жие жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын еске түсірейік.

ІV. Сурет бойынша әңгімелеу. Бүгін бізде тақтада берілген көріністі кім әңгімелейді?

V. Жағдаятты талдау.
1. Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан хат тасушыға кездестің…
2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал көршіңнің ролигі жоқ…
3. Анам ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті…

VІ. Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық пен жамандық (ертегіні сахналау)
1. Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?
2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынани келгенше ешкімге де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар теқ қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Адал достық
Адал достық
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×