Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық жасай білейік

28 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ертегі суреттері, слайдтар, оқулық, дәптер, сюжетті суреттер, ақ қағаз, көк қағаздан қиылған тамшылар мен дария.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен «Өзін - өзі тану» пәнінің кезекті сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін құрайық. Осы шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.
Жақсы болу - өзіңнен, “
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?” деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
“Өзіңді тану” пайдасы.

«Сәлемдесу» ойыны.
Балалар, қане, бір – бірімізбен ерекше амандасайық. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір біріңмен тез тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... өкшемен... арқамен.
– Балалар, «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылық жасай білейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
Әңгімелесу.
• Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Жақсылық жасау деген не?
• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
Мәтінмен жұмыс.
«Мозайка» ойыны. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Балалар мозайка құрастыру арқылы ертегілердің аттарын табады, сол бойынша топтарға бөлінеді. Жигсо әдісі бойынша «Жақсылық пен жамандық» ертегісімен таныстыру.
Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
“Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың” деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?
- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Өзіммен - өзім.
Балалар, Махаббат жақсылық әлемінен сиқырлы таяқ әкеліпті. Сиқырлы таяқты бір ермесең болғаны, біз жақсылық әлемінде болады екенбіз. Кім жақсылық әлеміне барғысы келеді?
Олай болса, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бір, екі, үш біз жақсылық әлеміндеміз. Адамдары қандай сыпайы, мейірімді, бір - бірінен қамқорлығын аямайды. Риясыз жақсылық жасауда. Біздің бойымызға да осы қасиеттер даруда. Осы сезімдермен біз де бұрынғы қалпымызға оралайық Көзімізді ашайық. Балалар, енді біз де бір - бірімізден жақсылығымызды аямайық!

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
№4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Жарикова Гульназ Абдешовна

Толық нұсқасын жүктеу
75 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың “қайырымдылық, ” “қамқорлық,” “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Семей қаласы. Приречное ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлығаш Кабыкеновна
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×