Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтардың ұлы қоныс аударуы

19 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
І Қызығушылықты ояту сатысы:
«Жасырын микрофон» дауысын естіген соң
Мұғалім: «Бұл кім деп ойлайсыңдар?» деп сұрайды
Оқушылардың ықтимал жауабы: ғұндар немесе ғұн жауынгері екенін айтады.
Мұғалім: «Ендеше бүгін біздің сабақта ғұн жауынгері рухы қонақта. Ол біздің жұмысымызды бағалаушы, көңілі толған оқушыға ғұн көсемі - Аттила бейнесі бар медальондар ұсынады. Алдарыңызда ғұн құмырасы тұр, алған медальондарды әр оқушы өз құмырасына жинайды. Сабақ соңында сендер осы медальондар арқылы бағаланатын боласыздар.
Оның сіздерге бірінші тапсырмасы: «Ғұндар деген кімдер, Ғұн мемлекеті қандай мемлекет?»
6 топ бір - бірден өз білгендерін бір сөзбен айту керек:
«Ассоциация құру»
Оқушылар ауызша ассоцация жасағаннан кейін интерактивті тақтада слайдтан дайын түрінде көрініп нақтыланады:
Қытай деректерінен белгілі Алғашқы шаньюй - Моде б. з.. б. 4 ғ.- б. з. 3 ғ
Шаньюй туысқандары - түменбасы
24 ру, әр рудан - 10000 әскер
Қытаймен соғысты
әскери - демократиялық мемлекет
Оқушылардың ықтимал жауаптары:
Өйткені... ғұндар басқа елдерге жорық жасаған
Өйткені.... ғұндардан сақтану үшін Қытай елі әлемнің жеті кереметтерінің бірі - Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен
Өйткені... ғұндар жауынгер халық болған
өйткені... ғұндардың батыр көсемі Мөде, Чжи - чжи, Еділ (Аттила) сияқты ержүрек ұлдары болды және олар жеңілуді білмеген шебер әскербасшылары болған
Мұғалім: Өйткені олар Батысқа қоныс аударып «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» жасады

ІІІ. Мағынаны тану сатысы:
1. Мәтінмен жұмыс жасалады. Топтарға мәтін бөліктері бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топ өз жұмыстарын топта ақылдаса отырып презентациялайды
І топ:: «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» туралы әңгімелейді
ІІ топ: «Ғұндардың Рим империясын басқаруы»
ІІІ топ «Ғұн жорықтарының маңызы» Сипаттама беру
ІV топ «Ғұндардың жеңу себептері»
V топ: « Тарихтағы ғұндардың сипаттамасын табу»
VІ топ: «Аттила - ержүрек ғұн көсемі»

2. «Сиқырлы торкөздер» блиц - турнир
Ақылды Әдепті
1 Суретті сұрақ
2 Бейне сұрақ
3 Бейне сұрақ

Шарты: Интерактивті тақтада көрсетілетін сиқырлы торкөздерді ашқанда ашылған торкөздегі сұрақтарды топтар өз реті саны қарай таңдайды, торкөздерге жасырынған сұрақтарға жауап береді Әр дұрыс жауапқа ғұн көсемі - Аттила бейнеленген медальон беріледі, әр топтағы дұрыс жауап берген оқушы өз қыш құмырасына ұпай жинайды

«Сиқырлы торкөздер» ойынының тапсырмалары
А - 1 - топқа: ақ түс – Ғұндардың Еуропаға жорығын кім басқарды?
Ә - 2 - топқа: күлгін түс - суретте кім бейнеленген?
Б - 3 - топқа: ашық жасыл – Ғұндардың батысқа жылжуы қай ғасырда басталды?
А - 4 - топқа: көк түс - бейне сұрақ
Ә - 5 - топқа: жасыл түс – «Аттила» операсын жазған итальяндық композитор?
Б - 6 - топқа: қызыл түс – бейне сұрақ
А - ақылдылар, Ә - әдептілер, Б - балалар

ІІІ. Ой - толғаныс сатысы "Алты қалпақ" әдісі
І топ «Ақ қалпақтылар» тобы:
Ғұндардың Қазақстан аумағы бойынша қоныс аударуын сызба картадан белгіле
Халықтардың ұлы қоныс аударуын карта сызбада сызу
ІІ топ: «Сары қалпақтылар» - Интерактивті тақтада тірек - сызба құру: «Ғұндардың соғыстарда жеңу себептері»
ІІІ топ: «Қара қалпақтылар»- «Ғұндардың қоныс аударуы мен жорықтарының зардаптары
ІV топ: «Көк қалпақтылар» тобы - Венн диаграммасы арқылы ортақ белгілерін табу «Ғұн жауынгері мен сақ жауынгері»
V топ: «Жасыл қалпақтылар» тобы - РАФТ әдісі арқылы «Ғұн көсеміне хат»
VІ топ: «Қызыл қалпақтылар» тобы - Шығармашылық жұмыс:
5 жолды өлең құрастыру

Үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілейді
Бағалау
7 431
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы Конспект 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның келбетін сипаттап жазды: “Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей,
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы Конспект Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б. з. б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша
Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Батыс Қазақстан облысы, Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т.А.Дюсегалиева
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы № 10 орта мектеп тарих пәні мұғалімі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×