Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы

07 қыркүйек 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы,
Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін
мектептің тарих пәні мұғалімі Т.А.Дюсегалиева

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, түрік қағандығының қоғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата - бабалары түріктердің жан - жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тест, тірек - сызба, сәйкестендіру тесті, топтық жұмыс әдісі және ауызша баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Түркі дәуірінің картасы 2. Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті. 3. Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Сабаққа әзірліктерін тексеріп, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І кезең. Тарихи блиц. Әр топқа сұрақтар оқылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
І топ.
1. Қытайлық ежелгі деректерде ғұндар қандай атпен белгілі болды? (хунну)
2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болды? (Шунь – вей «Шоң би»)
3. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады? (Шаньюй)
4. б. з. б 188 ж болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімнің жеңісімен аяқталды? (ғұндар)
5. Ғұндар әскерінің негізін кімдер құрады? (атты әскер)
6. Еділ патша батыс ғұн империясының тағына отырған жылы? (434 ж)
7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі енді тарихта қандай атаумен белгілі болды? (Византия)
8. Ғұн қоғамында бұқа ненің нышаны болды? (күш пен билік)

ІІ топ.
1. Еуропалық тарих ғылымында ғұндар қандай атпен белгілі болды? (халықтардың ұлы қоныс аударуы)
2. Аманат дегеніміз не? Юечже еліне аманатта болған кім? (кепілдікті білдіреді, Мөде)
3. Ғұн қоғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атқа ие болды? (Аспан ұлы)
4. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады? (б. з. б 55 ж)
5. Ғұндардың негізгі қаруы? (садақ, найза)
6. Оңтүстік ғұндар кімдерге бағынышты болды? (Хань империясы)
7. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады? (ақ ғұн)
8. Ғұн қоғамында бұғы ненің нышаны болды? (бақыт пен жақсылық)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Түрік қағанаты
Түрік қағанаты
«Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет - түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Түрік қағанаты (552 - 603 жж)
Түрік қағанаты (552 - 603 жж)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ тарих пәнінің мұғалімі Унгарбаева Шолпан Ботайқызы
Ертедегі түріктер
Ертедегі түріктер
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ключев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Сандуғаш Сайлаубайқызы
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×