Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтардың ұлы қоныс аударуы

07 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
6 - сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Сабақтың мақсаты:
● Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету.
● Белсенді, ізденімпаз, жан - жақты білімді ащзамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау, бағалау
VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Көңіл – күйлерін сұрау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?
2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.
3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.
4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Жаңа сабақтың жоспары:
Қысқаша мәлімет: Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б. з. д. IV ғасырда - ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік - батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси - қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б. з. д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде

1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
♦ Ғұн қоғамы ұшы - қиыры жоқ кең - байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

2. Ғұн жорықтарының маңызы.
♦ Аттила (Еділ) шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген.
♦ Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттила туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.

3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.
♦ 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б. з. д. II ғасырдан басталып, б. з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат - аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар(шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30 - жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.

Аттила
Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырдаЕуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.
♦ Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардыңантропологиялық түс - келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.

Сабақты бекіту:
1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?
2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.
3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.
Бағалау: Оқушылардың еңбектерін бағалау. Жетістіктерін айтып, мадақтау
Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастыру»
41 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы дала тарихы
Ұлы дала тарихы
Ғұндар және олардың қозғалысы туралы мағлұмат алу; Картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге үйренy;
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы Конспект 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның келбетін сипаттап жазды: “Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей,
Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Батыс Қазақстан облысы, Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т.А.Дюсегалиева
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебі Сыдыкова Алтынгул Сыражовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×