Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер

06 наурыз 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Пәні\Предмет: Қаржы және салық құқығының негіздері
Тақырыбы\Тема: Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер
Сабақ түрі\Занятия: Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері\Методы и приемы занятия: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап алмасу, талқылау, студенттерді деңгейлеп тексеру
Сабақтың мақсаты\Цель заниятия:
Білімділігі: Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру мақсатында білім алушыларға нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ұғымы, есептелу тәртібі жөнінде білімді меңгерту.
Дамытушылығы: Әдебиеттерге сүйене отырып, студенттердің танымдық жүйесін дамыту
Тәрбиелілігі: Студенттерді нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасай білуге баулу
Көрнекі құралдар ОТҚ\Наглядные пособия ТСО: ҚР Конституциясы, ҚР Салық кодексі, Салық және салық салу оқулығы, Салық құқығы оқулығы, әртүрлі тапсырмалар
Сабақ құрылымы\Структура занятия
1. Сабақ ұйымдастыру\Организационный момент: Студенттермен амандасу және сабаққа қатысын түгендеу, бөлменің тазалығын тексеру, студенттердің назарын сабаққа аудару, сабақты бастау
2. Өткен материалдарды қайталау\Повторение пройденного материала: Өткен тақырып шеңберінде сұрақтар беріліп, сәйкесінше ҚР Салық кодексіне негіздей отырып саралап, нәтижесін бап бойынша қорытындылау.
1. Салық төлеуші ұғымы?
2. Салық органдары жүйесі қандай?
3. Салық органдарының міндетті бөлімдерін атаңыз?
4. Салық төлеушінің құқықтары қандай және қай бапта көрініс тапқан?
5. Салық органдарының құқықтары қандай және қай бапта көрініс тапқан?
6. Салық төлеушінің міндеттерін атаңыз және қай бапта көрініс тапқан?
7. Салық органдарының міндеттерін атаңыз және қай бапта көрініс тапқан?
8. Құқықтық мәртебе түсінігі?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру\Объяснение нового материала:

Жоспары:
1. Салық ұғымы және есептелу тәртібі
2. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге сипаттама
Салықтар – бұл белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Салықтың белгілері:
1. Салық мемлекеттің бекітімі. Тек мемлекет ғана азаматтардың салық салу режимін енгізе алады, оларға ақшаның белгілі бір сомасын бергізуге міндеттейді.
2. Салық әрқашан құқықтық нысанда ғана болады. Салықты заң негізінде ғана ала алады. Бұл құқықтық акті жазбаша түрде жасалып, қол мен мөр қойылып, заңдық сипатқа енеді.
3. Салық заңды белгіленген төлем. ҚР Конституциясы азаматтарды заңда белгіленген салықтарды төлеуге міндеттейді.
4. Салық мәжбүрлеу сипатына ие. Салық төлеуші өзінің салықтық міндетін өз еркімен орындамаса, одан ақшаны мемлекет күшпен ала алады.
5. Салық міндетті төлем болып табылады. Салық төлеуші заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде салық төлеуге міндетті.
6. Салықты төлеу салық төлеушінің заңды міндеті болып табылады. Салықты белгілей отырып мемлекет салық төлеуші тұлғалардың осы салықты төлеу міндетін туғызады. Бұл орайда, осы міндет заңдық сипатқа ие болады. Яғни, салық төлеуші өзінің ақша төлеу міндеттерін орындамаған жағдайда құқық бұзушы болып саналады. Конституция бұл нормативтік құқықтық акті, оның әрбір сөзі белгілі бір заңдық жүктемеге ие болып табылады.
7. Салық нақты қаржылық міндетті туғызады. Салық бұл қаржылық құқықтық құрал, осы арқылы мемлекет өзіне қажетті қаражатты алады.
8. Салық материалдық төлем. Яғни салықты төлеу әрқашанда салық төлеушінің мүлігін мемлекет пайдасына алуды көздейді. Салық міндетінің заты ақша болып табылады.
9. Салық қайтарылмайтын түрде ақша алу. Салықты төлеу кезінде құнның біржақты қозғалуы орын алады: төлеушіден мемлекетке қарай.
10. Салық, салық салу объектісінің бар болуымен сипатталады. Кез келген салық салық салу объектісі болғанда ғана алынады.
11. Салық әрқашан жеке анықталған сипатқа ие. Яғни, субъектісіз салық болмайды.

Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер. жүктеу
4 056
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Салық органдары құрылымы мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде, сондай - ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерін терең ұғындырып, жетік меңгерту;
Қалан салығы
Қалан салығы
Жалпыға ортақ салық түрі. Қ а л а н деген (құшыр деп аталатын жан басына салынатын алымсалықтан өзгеше) жеріне қарай салынатын алым-салық болды.
Салық құқығы
Салық құқығы
Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу мәселесі әрқашан наразылық тудырып отырған.
Арнаулы салық режимі
Арнаулы салық режимі
Логикалық ойлау белсенділігін, ой ұшқырлығын, интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру, топтық құрамда жұмыс жасауға икемділіктерін және лидерлік қабілеттерін әрі қарай дамыту
Салық. Салық жүйесі
Салық. Салық жүйесі
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×