Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

06 наурыз 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Пән атауы: Қаржы және салық құқығы
Тобы: 7/14. 21
Сабақтың тақырыбы: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Салық органдары құрылымы мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде, сондай - ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерін терең ұғындырып, жетік меңгерту;
2. Тәрбиелілік: Студенттерді құқықтық сауаттылыққа, топпен жұмыс істей білуге, өз пікірлерін ашық айта алуға, жауаптылыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа, өз - өздерін бағалай білуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: ҚР Салық кодексі мен салық және салық салу оқулығына сүйене отырып, студенттердің ойлау қабілеттіліктері мен сөз шығармашылық жүйесін дамыту. Сондай - ақ ҚР Салық кодексімен жұмыс істей білу қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап алмасу, талқылау, студенттерді деңгейлеп тексеру
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР Салық кодексі, Салық және салық салу оқулығы, слайд, видео, буклет, сұрақтар жасырылған карточкалар, тест тапсырмалары, әртүрлі ойындар, интерактивті тақта, күнделікті сабақ барысынан көрініс көрсетілген фотолар жабыстырылған плакат, баллдық жүйемен бөлінген плакат

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен сәлемдесу және сабаққа қатысын түгендеу, бөлменің тазалығын тексеру, студенттердің назарын сабаққа аудару, сабақты бастау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Топқа үй тапсырмасы ретінде берілген видеоролик арқылы міндетті төлемдер (салық, алым, төлемақы, мемлекеттік баж) ұғымын түсіндіру кезіндегі студенттердің әртүрлі рөлдік негізге енуін қарап, пысықтау
2. Мысалдар келтіру негізінде өткен тақырыпты қорытындылау
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)
2. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)
3. Орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)
5. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін төленетін төлем? (алым)
6. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін төлем? (алым)
7. Нотариаттық іс - әрекеттер жасағаны үшін алынатын төлем? (мемлекеттік баж)
8. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін алынатын төлем? (мемлекеттік баж)
9. ҚР азаматтығын алу, қалпына келтіру және тоқтату туралы алынатын төлем? (мемлекеттік баж)
10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін алынатын төлем? (мемлекеттік баж)
3. Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалары арқылы деңгейлеп тексеру

І НҰСҚА
1. Ақша айналымы ұғымын көрсетіңіз:
А) ақшаның айналымдағы қозғалысы, яғни айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі
Б) мемлекеттің халықаралық есеп айырысу мәмілелері
В) валюталық құндылықтармен байланысты мәміле
Г) нормативтік - құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары
2. Валюталық реттеу түсінігін анықтаңыз:
А) нормативтік - құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары
Б) мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызмет
В) ақшаның айналымдағы қозғалысы, яғни айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі
Г) дұрыс жауап көзделмеген
3. Бюджетті әзірлеу, жоспарлау, бекіту, қарау, атқару, нақтылау, бақылау жөніндегі бюджет заңдылығымен регламенттелінген қызмет дегеніміз:
А) бюджеттік келісім
Б) бюджеттік жүйе
В) бюджеттік процесс
Г) бюджеттік құрылым
4. Кіріс дегеніміз:
А) орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөлу
Б) мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету
В) мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынас
Г) бюджет элементтері мен құқықтарының жиынтығы
5. Венчурлық кәсіпорын дегеніміз:
А) ғылыми - зерттеулермен, жаңалықтар ашумен және енгізуімен шарт негізінде айналысатын шағын кәсіпорын
Б) заңды тұлға құқығы бар, бірақ жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын
В) меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын
Г) жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға
6. Экономикалық - математикалық әдіс дегеніміз:
А) қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу
Б) жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады
В) ұзақ периодқа болжаулар жасау үшін әртүрлі есептеу варианттары қолданылады
Г) шығындарды жабу үшін қолданылатын әдіс
7. Нормативтік әдіс – бұл:
А) қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу
Б) жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады
В) ұзақ периодқа болжаулар жасау үшін әртүрлі есептеу варианттары қолданылады
Г) шығындарды жабу үшін қолданылатын әдіс
8. Қаржы министрлігі құрылымы бойынша департамент және комитет санын көрсетіңіз:
А) 19 департамент, 6 комитет
Б) 6 департамент, 10 комитет
В) 10 департамент, 5 комитет
Г) 11 комитет, 6 департамент

Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі. жүктеу
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі. слайдты жүктеу
1 725
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы Конспект Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген. Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері –
Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер
Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер
Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру мақсатында білім алушыларға нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ұғымы, есептелу тәртібі жөнінде білімді меңгерту.
Қалан салығы
Қалан салығы
Жалпыға ортақ салық түрі. Қ а л а н деген (құшыр деп аталатын жан басына салынатын алымсалықтан өзгеше) жеріне қарай салынатын алым-салық болды.
Арнаулы салық режимі
Арнаулы салық режимі
Логикалық ойлау белсенділігін, ой ұшқырлығын, интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру, топтық құрамда жұмыс жасауға икемділіктерін және лидерлік қабілеттерін әрі қарай дамыту
Салық. Салық жүйесі
Салық. Салық жүйесі
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Қарақытайлар
Қарақытайлар
ОҚО. Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×