Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салық құқығы

05 маусым 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
әлеуметтік - экономикалық пәндер оқытушысы
Матжанова Айзада Бауржановна

Тақырыбы: Салық құқығы
Мақсаты:
Білімділік: Салықтардың анықтамасын беру және олардың жіктелуін түсіндіру. Үкіметтің өз ақшасын қалай табатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ой қозғау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өздігінен ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, сиқырлы сандықша, слайд, тест, сынақ хат.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Интерактивті оқыту технологиясы, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ой қозғау
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
1. Студенттермен сәлемдесу, оларды сабаққа дайындау.
2. Кабинет тазалығына мән беру.
3. Студенттерді топқа бөлу (І топ – Жеке тұлғалар, ІІ топ – Заңды тұлғалар).
4. Бағалау (банкноттарды үлестіру арқылы бағалаймын).

Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы екі топқа кезек – кезегімен «сиқырлы сандықша», тест тапсырмалары, топпен жұмыс және ассоциация әдісі арқылы тексеремін.

I – тапсырма.
1. Ауыр жұмыс атқаратын қызметкерлер мен қалыпты жұмыс атқаратын қызметкерлердің айлық жалақысы қандай мөлшерде төленеді? (қалыпты қызмет атқаратын қызметкерлермен бірдей жалақы алады және оларға жоғарғы лауазымдық айлық ақы төленеді немесе қосымша ақы төленеді)
2. ЕК 64 - бабында көрсетілген тәртіптік жазалар (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу).
3. Жеке еңбек шарты қандай мерзімге жасалынады?(белгісіз мерзімге, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін)
4. Еңбек шартын тоқтату негіздері (тараптардың келісімі бойынша бұзу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, жұмыс берушінің бастамасы немесе қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, және т. б.).
5. Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты қандай мерзімге жасалған деп есептелінеді? (белгіленбеген мерзімге)
6. Өндірістің экономикалық жай - күйі нашарлауына байланысты қысқартылған қызметкерге

II тапсырма.
Түнгі уақыттағы жұмыс
ҚР ЕК 76 - бап. Түнгі уақыттағы жұмыс:
1. 22 сағаттан бастап, таңғы 6 - ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.
2. Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі.
3. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
ҚР ЕК 68 - бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы:
1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

III тапсырма.
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы. Тест орындау.
1. Еңбек құқығы:
A) экологиялық құқықтық қатынастар
B) жалдамалы еңбекті қолдану саласында пайда болатын қатынастарды реттемейтін құқық саласы
C) жер құқықтық қатынастары
D) кәсіпкерлік қатынастар+
E) әкімшілік құқықтық қатынастар

2. Еңбек құқығының жалпы құқықтық қағидалары:
A) Заңдылық+
C) Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау
D) Азаматтар мен ұйымдардың меншік құқығын қорғау
E) Азаматтардың денсаулығын қорғау
F) Құқықтар мен бостандықтарды соттық қорғау

3. Еңбек құқығының қайнар көздері болып келесі актілер табылады:
A) Халықаралық шарттар
C) ҚР Еңбек кодексі 23 қараша 2015жыл+
D) ҚР Жер кодексі 20 - маусым 2003жыл
E) ҚР«Кәсіпкерлік қызмет туралы» Заң
F) ҚР Экологиялық кодексі 9 - қаңтар 2007жыл

4. Әлеуметтік әріптестік міндеттері:
A) Жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
B) Тиімді механизм қалыптастыру
C) Өкім қабылдау
D) Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысу+
E) Сотта өкілдік ету

5. Материалдық жауапкершіліктің нысандары:
A) Жеке
B) Жалпы
C) Жеке, ұжымдық+
D) Бөлімнен
E) Ерекше

6. Еңбек дауларының туындауы:
A) Әлеуметтік - құқықтық факторларда+
B) Еңбек тәртібінің нығая түсуі
C) Локальдық құқықтық реттеу
D) Кәсіпорындарының дұрыс жұмыс істемеуі
E) Өндірістік факторларда

7. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі міндеттері:
A) Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу+
B) Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу+
C) Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу+
E) Әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесі+
F) Жұмыспен қамту қызметтері+

8. Жұмыссыздар ретінде танылмайтын азаматтар:
A) Лауазымы төмендетілген қызметкер+
B) Жұмыс орнын ауыстырған қызметкер
C) Баланы күту бойынша демалыстағы тұлға
D) Еңбек өтілі бойынша зейнеткерлікке шыққан тұлғалар

Негізгі бөлім – Жаңа сабақ.
Ассоциация әдісі:
- Студенттер, біздер өткен сабақта не туралы білдік?
- Еңбек құқығы туралы білдік.
- Еңбек дегеніміз не екен?
- Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыруы.
- Еңбек қатынастары дегеніміз не?
- ҚР - ның еңбек заңнамасында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде қызметкер мен жұмыс беруші арасында туындайтын қатынастар.
- Еңбек шарты дегеніміз не?
- Қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім.
- Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері?
- 16 жас.

Оқушыларға сұрақ қою:
- Олай болса балалар еңбек пен салықтың арасында қандай байланыс бар?
- Салық дегеніміз не?

Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу мәселесі әрқашан наразылық тудырып отырған. Салықтың қажеттілігін ойшыл адамдар баяғыда анық ұққандығы сонша, 1789 жылдың өзінде АҚШ Тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі Бенджамин Франклин: «мына өмірде өлім мен салық ақиқат» деп жазған. Жұрттың баршасы да салық төлеуге міндетті. Салық көмегімен мемлекет көп нәрсеге, соның ішінде экономикалық процеске әсер етіп отырады. Олар белгілі бір қызмет түрлерін ынталандырып, өнеркәсіптің әртүрлі саласын дамытуға, айналымдағы ақша мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Салық көбінесе ренішпен қабылданатындығына қарамастан қазіргі қоғам да, үкімет те онсыз тіршілік ете алмайды. Орта ғасырда өмір сүрген философ, әрі ғұлама Фома Аквинский салықты «Адамды заңды түрде тонау» деген. Яғни мемлекет қарапайым халықтың есебінен күн көріп отыр. Мысалы: өнім өндіретін мекемелер олар өз есебінен қажеттіліктерін қаржыландырады, ал мына өнім өндірмейтін яғни, әлеуметтік және мемлекеттік қызметшілер мына халықтың есебінен қаржыландырылып отыр. Салық сонау 1867 - 1868 және 1886 - 1891 жылдардағы реформаларда жер саясаты патша үкіметінің отарлау негізінде жүргізілді.
"Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".
Қазақтарға жерлерін Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгілі бір мөлшерде жалға беруіне рұқсат етілді. Ал мұның өзі олардың ежелден келе жатқан атамекенінен айырылып, өздерінің жерсіз қалуына алып барып соқтырды.
Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:
- түтін салығы
- земство салығы
- қоғамдық салықтар
- мектептерге барғаны үшін салық төлеп отырды.
Қазір де салықты жинаудың басты мақсаты бюджетті толтыру болып қалғанымен де, салықтарға қойылатын талаптар өзгерді. Бүгінгі күндері салық келесі қажеттіліктерге ие болуы мүмкін:
Салық бюджетке нақты табыс әкелуі керек.
Салық төлеушіге түсінікті болу керек.
Салық жинауға ыңғайлы болу керек.
Салық түзету енгізуге оңай болуы керек.
Салық адам күші мен белсенділігін баспауы керек.

Салықтар - бұл мемлекеттің бюджетке жеке және заңды тұлғалардан алатын міндетті жарнасы.

Салықтардың басты қызметіне үкіметтің өзінің шығындарын өтеу жатады. Бірақ салықтардың басқа да қызметтері бар. Кейде салықтар өндірістің белгілі салаларын қорғау үшін алынады.
Салықтар, сонымен қатар, үкіметтің көзқарасы бойынша, зиян қызметке бөгет болу үшін қолданады. Мысалы: «күнә» салықтары деп аталатын спиртті ішімдіктер мен темекілерге салынатын салықтар ақша алу және, сонымен бірге, темекі шегу мен ішімдік ішуден адамдардың көңілін аудару мақсатымен алынады. Бұл салық акцизді салық деп аталады.

Акциз - өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын салық.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сай салық төлеу әрбір азаматтың борышы мен міндеті болып табылады.
Салықтар:
● Табыстарға (еңбекақы, пайыз, рента, пайда)
● Шығындарға (сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағаларынан)
● Мүліктерге салынады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті салықтардың құрылымы мынадай:
1. Табыс салығы
2. ҚҚС
3. Акциздер
4. Бағалы қағаздар эмиссиясы үшін жинақ

Жергілікті:
1. Жер салығы
2. Жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығы
3. Көлік салығы
4. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін салық
5. Қызмет түрлерімен айналысуға құқық
6. Аукциондық сауда – саттықтардан түсетін салықтар.
ҚР ҚК 221 - бап. Азаматтың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
- 200/1000 АЕК – ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 180 сағаттан 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.

V. Қорытындылау (Сынақ хат беру арқылы қорытылады).

VI. Бағалау.
Қай топ көп ақша жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Жеңіске бірінші жеткен топқа еліміздік туын, екінші жеткен топқа монета сақтайтын сувенир табыстау және құттықтау.

YII. Үй тапсырмасы.
Салық құқығын оқып келу. Салық кодексін қарау.

Толық нұсқасын жүктеу
7 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Салық органдары құрылымы мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде, сондай - ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерін терең ұғындырып, жетік меңгерту;
Тригонометриялық функциялардың туындысын есептеу
Тригонометриялық функциялардың туындысын есептеу
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна
Салық. Салық жүйесі
Салық. Салық жүйесі
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Көпмүшені көпмүшеге бөлу
Көпмүшені көпмүшеге бөлу
Бирманова Күнсұлу Насырқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебі математика пәні мұғалімі
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Бирманова Күнсұлу Насырқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Көлдер
Көлдер
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×