Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері

19 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Ашық сабақ: «Қазақ халқының әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым - қатынасындағы ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік. Қазақ халқының әдет - ғұрпымен салт - дәстүрлері туралы оқушыларға баяндап түсіндіріп, маңызын көрсету.
Дамытушылық. Оқушылардың жемісті ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, түрлі проблемаларды көріп, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру
Тәрбиелік. Адамгершілігі мол, парасатты, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың түрі: Баяндау сабағы.
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: Слайд, тақырыпқа сәйкес кітаптар, буклеттер, альбомдар, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 3мин.
1. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Оқушылардың оқу - құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау: 8мин.
1. «Жеті жарғы» не?
2. Ақсүйектер туралы не білесіздер?
3. «Жеті жарғы» қандай құқықтарды көрсетеді?
4. Билер кеңесі?
5. Мүлік мәселесі?
6. Салықтың қандай түрлері болады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру: 19 мин.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет - ғұрыптары
мен салт - дәстүрлері».
Жаңа сабаққа оқушылар алдын ала дайындалып келіп, өздері түсіндіріп береді. Содаң кейін мұғалім жаңа сабаққа қорытынды жасайды. Қосымша деректермен сұрақтарға жауап береді.
Ұлттық салт - дәстүрлер. Ұлт дегеніміз — белгілі бір аймақта тарихи қалыптасқан адамдар тобының әлеуметтік - этникалық бірлестігі. Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен, ру - тайпалық дәрежеден бастап, XIV — XV ғасырларда тұтас халықтық дәрежеге жеткенше талай салт - дәстүрлерді басынан өткізді. "Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар" дегендей, бізге жеткен тәрбиелік мәні зор бүгінгі ұлтты салт - дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.

Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамның негізгі арқауы болған қаңлы, үйсін, керей, найман, т. б. ру - тайпалардың әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері дамып, жалғасып бізге жетіп отыр. Біздің міндетіміз — оны келешекке жалғастыру. Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский салт - дәстүрдің өміршеңдігі туралы: "Әдет - ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата - бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан - руға, ұрпақтан - ұрпаққа жетеді. Онсыз халық бет - әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді..."— деп, салт - дәстүрсіз халықты тас мүсінге ұқсатқан.

Қазақ халқының шаруашылығына байланысты әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер. Халқымыздың шаруашылығының басым түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Сондықтан халқымыз мал өсіруге баса көңіл аударып келді. Өзінің өсіріп отырған малының басы аман болуын тілегендіктен, оларға байланысты әр түрлі әдет - ғұрыптар, салт - дәстүрлер дүниеге келген. Сондай әдет - ғұрыптардың бірі — отпен тазарту. Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан кешерде қыстау мен малды тазарту үшін қыстаудың әр жеріне от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген. Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді. Ел жайлауға көшкенде, әрбір ауыл көштерінің салтанатты, сәнді безендірілуіне ерекше көңіл бөлінген. Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілемдермен жабулап, қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көшті "қарқаралы көш" деп атаған. Қарқаралы түйені ауылдағы құрметті әйел немесе жас келін жетекке алған. Халық түсінігі бойынша, қырғауылдың қауырсыны кешке көз тиюден немесе жол - жөнекей көшті анау - мынау қолайсыз жағдайдан сақтайды.

Отбасына байланысты әдет - ғұрып, салт - саналар. Халқымыздың тіршілігінің басты негізі отбасы болғандықтан, бұл мәселеге байланысты әдет - ғұрып өте көп.
Құда тусу салтын жігіттің ата - анасы немесе оның жасы үлкен туған - туыстары жүргізген. Құда түсуден бұрын жігіттің ата - анасы құда түсер үйге жасырын барлау жүргізіп алады. Содан кейін, құда түсу үшін өзінің сенімді адамын жаушы етіп жібереді. Егер қыздың ата - анасы ұсынысты қабылдаса, құдалардың келу күнін белгілеп, келген жаушыға шеге шапан деп аталатын шапан жабады. Бұдан кейін күйеудің әкесі айтылған мерзімде құдалар жіберіп, қалыңмалдың көлемі, тойға жұмсалатын шығындар, жасау - жабдық, қалыңмал төлеу мерзімі және тойды өткізетін уақыт туралы ресми келіссөз жүргізеді.

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын - сауықтары алуан түрлі. Жастар бас қосқан жиында "Хан - уәзір", "Көрші", "Жылтыр кетті", "Мыршым" сияқты күлдіргі ойындар ойналатын. "Айгөлек", "Белбеу тастау", "Саққұлақ", "Ақсүйек", "Соқыртеке", "Тымпи", "Алтыбақан", т. б. ойындарды жастар түнімен ойнап, ол қой күзету кезегіне де пайдасын тигізген. Сонымен қатар қазақта есептеп, санауға үйрететін "тоғыз құмалақ" ойыны болған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтардың рухани мәдениеті
Қазақтардың рухани мәдениеті
Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу машықтарын жетілдіру, қосымша деректерді пайдалана білуге үйрету; Халықтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпына құрметпен қарап, мақтаныш етуге және еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Семей ішкі округінің құрылуы
Семей ішкі округінің құрылуы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің Тарих пәні мұғалімі Сулейменова Нұргүл Асқарқызы
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Оқытушы: Солтанбек М. Б.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының мұғалімі, Әл - Фараби атындағы ҚҰУ әлеуметтік ғылымдарының магистрі Симбетова Индира Жұмамұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×