Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

03 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Тарих
6 сынып
Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Мақсаты: Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру. Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу. Күтілетін нәтиже: - Тақырыптың негізгі идеясын таныту - Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, пікір айту дағдыларын жетілдіру, топтық жұмыс арқылы оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау. - Тақырыпты талдау арқылы сыни ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасау білу қабілеттерін жетілдіру Көрнекіліктер: АКТ, маркер, стикер, карта, тест
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сабаққа назар аударту Берілген смайликтер арқылы 4 топқа топтасып, смайликтегі көңіл - күйді көрсету

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу: Топтың атын таңдау
1 - топ: «»
2 - топ: «» 3 - топ: «» 4 - топ: «» «Жұлдызды сағат ойыны»
Оқушылар алдарындағы алтын сандықтың ішіндегі сұрақтарды алып, сол жерде жауап беру.
1. Сақтар б. з. б қай кезеңде өмір сүрді?
2. Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан?
4. Геродот сақтарды қалай атады?
5. Сақтар мекендеген аймақтары?
6. Грек тарихшылары сақтарды қалай деп сипаттады?
7. «Ратайштар» деген кімдер?
6. Сақтарды аса жоғары құрметтеп, әлемдегі ең әділ ең шыншыл халық деп атаған кімдер?
7. Сақтар туралы деректерді жазған кімдер?
8. Грек авторы Ктесий сақ әйелдері туралы қалай деп баяндайды?
9. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында?
10. Сақтардың батыстағы көршілес жатқан тайпалары кімдер?
11. Сақ патшайымынан кімдерді білесіз?
12. Тарих атасы?
13. Сақ малшыларының арасында «сегіз аяқтылар» дегендер кездесті. Олар кімдер?
14. Сақтар қандай баспанада тұрды?
15. Сақ қоғамы неше топтан тұрды және олардың киімдері қандай түсте болды?
Дұрыс жауап берген оқушыларды марапаттап, смайликтер тарату.
(4 - топқа 4 түрлі тапсырмалар беру) 1 - топ. Сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыр (Томирис, сақ жауынгерлерінің суреті) 2 - топ. Сақтар тұрмысында қазіргі біздің өмірімізге тән қандай ұқсастықтар, айырмашылықтар бар. 3 - топ. Сақтар шаруашылықтың қай түрімен айналысқан? Олардан қандай өнім алған? 4 - топ. Діни - наным сенімдері, бүгінгі күнмен салыстыру Жаңа сабақ: «Қар үйіндісі» әдісі бойынша тақырыпты топпен талдау, бір - біріне сұрақ жолдайды. 1 - топ. Кир әскерінің басып кіруі 2 - топ. Шырақтың ерлігі. 3 - топ. Александр Македонский сақ еліне жорығы 4 - топ: Томирис пен Кирдың шайқасы туралы
Театрландырылған көрініс. 1, 2 - топ. Айнала қоршаған парсы жауынгерлері, ортада әдемі киінген Кир патша. Ол былай деп сөз бастады:- Сақ патшасы Томирис – біз үшін өте қауіпті жау. Сондықтан жауды ашық айқаста күшпен алудан гөрі айламен қолға түсіру тиімді. Менің жоспарым мынадай. Жан - жақты дауыстар: - Айтыңыз, тыңдап отырмыз. - Біз сізді ұятқа қалдырмаймыз. Кир патша орнынан тұрып, әрлі – берлі жүріп, қолындағы әдемі аса таяғын жоғары көтеріп, былай дейді: - Дариядан өтіп, жаудың шегінген жерін едейін баса - көктеп барайық та мынадай айла жасайық. Өз қосымызда көп қой сояйық та, мол етіп ас - су әзірлейік. Әсіресе, шарап жағы мол болсын. Осының бәрін әзірлеп болған соң, орнымызға біраз ғана жауынгерді қалдырып, өзгеміз тығылып отырамыз дейді. Менің ойымша, жау қалған аз қолды жеңгеннен кейін, тау болып үйіліп тұрған тамақты аттап кете алмайды, жабылып тарпа бас салады. Тамаққа кеңеліп, шарапқа мас болған жауға одан әрі не істеу керек деп ойлайсыңдар, менің жауынгерлерім? - Жауды жатқан жерінде құрту керек! - Дұрыс, дұрыс - Өте қонымды - Жауды жайратамыз деді!- деді жауынгерлер жарыса Жүргізуші: Міне, балалар, жеңіс желіктірген сақ жауынгерлері жанында жау бар екенін естен шығарып, пісіп, жеушісін күтіп тұрған тамақты тоя жеп, шарап ішіп, алаңсыз ұйқыға кетеді. Осыны күткен парсылар сақтарды шетінен қырып, біразын тұтқынға алады. Осы тұтқынға алынғандардың ішінде Томиристің де сүйікті, жалғыз ұлы Спаргапис те болды. Тұтқынға түскен Спаргапис мастығынан айығып, қандай күйге ұшырағанын сезген соң, қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін - өзі өлтіреді.
Сақтардан келген хат
1. «Кир патша сақтарды ашық айқаста күшпен алудан гөрі айламен әлсірету жағының тиімді екенін ескерді»дегенді қалай түсінесіз?
2. Томиристың ұлы Спаргапис бастаған сақ әскерінің парсылардан жеңілуінің негізгі себептері неде деп ойлайсыңдар?
3. Спаргапис неге бұндай әрекетке барды?
4. Осы көріністен кейін сендер қандай қорытынды жасайсыздар?
5. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Томирис Кирге жаушы арқылы жолдаған хатында не айтты?
- Бұл көріністің тәрбиелік мәні барма? (Отан қорғау өте жауапты, ешқашан жауыңа женбе, адамдар шарап ішуден аулақ болулары керек, басшы адам жан - жақты бәрін ойлауы керек).

Орал қаласының
М. Б. Ықсанов атындағы ЖОББ №36 мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі: Садыкова Жанар Амангельдиевна
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жүктеу
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі слайд жүктеу
1 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген күресі туралы баяндау, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іскерлік дағдысын дамыту, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар
Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар
Оқу – жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, дауысты дыбыстар туралы білімдерін кеңейту; Мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету; Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анықтау
Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Н. А. Жумагалиева
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің тарих пәні мұғалімі Жәнділов Жасұлан Темірбекұлы Сабақ презентация түрінде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×