Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың Ғаниы

09 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Қазақтың Ғаниы. (110 жасқа толуына орай)
Мақсаты: Ғани Мұратбаевтың есімі, оның қайраткерлігі ұрпаққа үлгі. Ғ. Мұратбаевтың өмір жолы, жарқын ісі жас ұрпаққа үлгі.
Көрнекілігі: карта, бүктемелер, тест, слайд, видео.
Жоспары 1. Кіріспе
Ғани Мұратбаев - комсомол, революционер, саяси - ағартушы.
2. Негізгі бөлім Ғанидың өмір жолы.
3. Қорытынды Ғани ісі – жас ұрпаққа үлгі.

Кіріспе сөз. Тарих пәнінің мұғалімі Ж. Байғараева.
Ғани Мұратбаев (3. 06. 1902 - Қазалы ауданы - 15. 04. 1925 Мәскеу) - Орталық Азия мен Қазақстан жастар қоғамын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс - қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесі жолындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы - лекторлар курсын (1919 - 1920) Ташкенттегі мемлекеттік үлгі - тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 - 1921) бітірген. «Правда» газетінде «Ғани Орта Азия жастарының өте қымбаттысы, жауынгер жолы еді. Орта Азияда ешбір жастар ұйымының жұмысы оның қатысуынсыз өтпейтін, ол шаршамайтын, шалдықпайтын комсомол еді» деп жазған-ды бұрынғы Түркістан Орталық партия комитетінің төрағасы Нәзір Төреқұлов өз мақаласында.
Енді оқушыларға кезек берейік.
Жарық жұлдыз баяндама.
9 «А» сынып оқушысы Құрманиязова Набира.

Қасиетті Сыр топырағында туған-тумасы бөлек тұлғаның бірі - Ғани Мұратьаев. Ол ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымының аса талантты өкілі. Оның бойына біткен күш - жігер мен ақыл - парасат қаршадайынан халықты өзіне қаратты.
Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр салғасына жақын Қазалы аймағында дүние келген. Төрт жасында әкесі Мұратбай, он төрт жасында анасы Бәтима өмірден озды. Әке - шешеден етек - жеңін жимай айырылса да, қайсар бала қатігездікке мойымай, жетімдіктің жетегінде кеткен жоқ.
Анасы Ғаниды көзі тірісінде ояз орталығы Қазалы қаласындағы орыс - түзем мектебіне оқуға берген-ді. Бұл мектепте үш жыл, содан соң бастауыш училищеде үш жыл оқып, 1917 жылы орыс революциясының өршіп тұрған кезінде Қазалыдағы оқуды тәмамдап, бір жылдай революциялық комитет құрамында қызмет істеді. Он бес жастағы жасөспірім баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тегін емес. Саяси көзқарасы мен саяси - сезімі әлі қалыптаспаған жас Ғанидың аз уақыт болса да осы ұйымға мүшелікке кіруі оның қатарластарына қарағанда ерте есейгендігін аңғартса керек.

Алғыр ойлы жігіт білімсіз іске аспайтынын түсініп, 1918 жылы революциялық комитет құрамынан өз еркімен шығып, Ташкент қаласына оқу іздеп барады. Мұнда педагогикалық училище және Финкельштейн атындағы мемлекеттік мектепте оқып, білім алады. 1919 жылы жастар ұйымына мүшеллікке қабылданады. Осы күннен бастап Ғанидың жалындаған өмірі жастар ұйымымен тығыз байланыста өтті. 1916 жылғы, одан кейінгі оқиғалар салдарынан аштыққа, жалаңаштыққа ұшыраған жетім балаларды интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарту ісіне белсене араласты.
1921 жылы 22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркістан Республикасы Комсомолының үні - «Жас Алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарық көрді. Бұл Алаш жұртының рухани өмірінде, баспасөз тарихында мәңгілік есте қалар оқиғаға айналды.
Ғани Мұратбаевтың азаматтық және қайраткерлік тұлғасы, абырой - беделінің биік екендігін білесің.

Өлең Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығына арналған мүшәйрада I орын алған Гүлзаһира Талғатқызы Мұнара
оқитын Қарабаева Тоғжан

Мұнараны көріп қайтты анамыз,
Әдейілеп ат терлетіп Қызылдан.
- Басына жан бармайды екен,- деп қалады,
Дауысымен қапаланып бұзылған.

Кім барады ұрпақ жоқ қой, ұрпақ жоқ,
Ғани қалды зиратында орыстың.
Жалғыз қызы Қарақалпақ әрі асты,
Бай - бағланға туған кезде теріс күн.

Кім барады алай - дүлей заманы,
Ескілік деп мансұқтады моланы.
Ал анасы Қараөзектен тұр қарап,
Жауын жауса мұнарасы сорғалап.

- Бір мұсылман шыққан жолға аман ба
Жаны ауырған тірі түгіл өліге.
Ғаниға әже мұнарадан қарайды,
Шыбын жаным қалмады деп келіге.

- Ескерткіш қой өлеңменен,- дейді анам,
Ескерткішің өлеңдетсін ерлерді.
Ғани ұлы өлер ме еді анаңның,
Біздер үшін баспаса шет жерлерді

II орын алған Абай Серікұлы Ғаниым - Ақтаңгерім оқитын Батырбай Гүлбике мен Алдаберген Гүлмира

Қысқа ғұмыр бұйырған тар маңдайға,
Аққан жұлдыз артына қарайлай ма
Арайланып шығыстан атқан ақ таң,
Күндей болып күлімдеп тұр батыста.

Соңғы тұрақ Москва Ваганкова,
Комсомолец, матрос ғани мұнда.
Қазалының қыраны, Тартүбектің
Ұланына бас иді Еуропа.

Жалындатып жастардың жүрек отын,
Қамқор болып жүретін жетімдерге.
23 жаста - ақ сөді ол алау болып,
Жалау болып көгіне тігілетін.

Түркістан боп, Шығыс боп Қазақстан,
Оңшыл - солшыл саясат заман қысқан.
Білім алу, көз ашу арманы боп,
Ұрандады жас Ғани жасымастан.

III орын алған Ренат Әбдіхалық Тағылым мен тарихымның орбасы. Оқитын Феруза
Тағылым мен тарихымның құн жетпейтін ордасы,
Қазалыдан басталғандай ұлық жандар отбасы.
Осы жерден нәр алғанбыз, алған бұрын Ғани да,
Жусан исі айналғандай әр перзенттің жолдасы.

Еңбек етіп аз өмірде жүргені жоқ бекер - ді,
Ұрпағына саралатып салған жолы жетеді.
Ғани аға мұрасына өлмейтұғын ешқашан,
Қазалыда Мұратбаев музейі бой көтерді.

Жолым түсіп күн шуақта бардым іздеп Ғаниды,
Байқай салсаң сол Ғаниды бүкіл қазақ таниды.
Сол музейден жас Ғаниды, дос Ғаниды әрбіреу,
Жетік білім мұңдасым деп, сырласым деп таниды.

Музей іші үнсіздікпен бойды алып барады,
Тап дүрсілі жүрегімнің тынышта құлақ жарады
Балқымасқа қоймайтындай қоршаған сені мұралар,
Емірентпек әрбіреуді, әрбір жанды саналы.

Ғаниды еске алу оқитын Қыстаубай Жандос

Ғанидың көп уақыты кітап оқумен өтетін. Күн сайын екі - үш кітап оқып, оны қысқаша жазып, оқыған кітабы жайлы пікір алысып, әңгімелесетін. Ол жаңалықты білуге құмар еді.
- Адам ойға, пейілге бай болсын. Дүниеқұмарлық кісіні аздырады,- дегенді көп айтатын.
Шынында біздің Москвадағы үйіміздің ең қымбат жиһазы кітап болатын. Сол кітаптағы білім бұлағынан қатынасып жүрген студент - жастардың көпшілігі - ақ сусындаған. Кітапқа деген сүйіспеншілікті маған да дарытқан сол.
Бақытжан Құрманбаева,
Ғанидың зайыбы.

... Бір күні менімен бірге оқитын Омар дейтін кісі маған төртінші курстың студенті Қалыбаевты көрсетіп
- Ей, достым ана Қалыбаевқа қарашы, ол Ғанидан аумайды. Қалыбаевта Қазалыдан, ал мен Түркістаннанмын. Бізді осы оқуға сол Ғани орналастырды. Сен оны көрмегенімен сені де оқуға орналастырған сол. Ол ешқашанда адамдарды ноғай, қырғыз, қазақ деп бөлмейді.
- Жоқ,- деп мен келіспедім. – Мені оқуға орналастырған Ғани емес, комсомол.
- Ех, байғұс,- деп Омар сақылдап күлді. – Комсомол деген қазақша айтқанда жастар деген сөз. Ал, Ғани жастардың арасындағы ең бастысы, ең үлкені.
Аалы Тоқамбаев,
Социалистік Еңбек ері, қырғыз ақыны.

(Ғани туралы монолог
Авторы Жетіскен Мәкеналы
Оқитындар
1. Арасат
2. Азамат
3. Аян
4. Данияр
5. Бағдаулет
6. Данияр

Мен - Ғанимын

Мен Ғанимын -
Ұлымын Қазалының,
Ел - жұртыма жетеді азалы үнім.
Қыршын кеттім өмірден жазамын деп,
Қаіретін қырсыққан қазағымның.

Мен Ғанимын -
Жалынмын лапылдаған,
Қалды артымда таңдарым атырмаған.
Халқым үшін қаңтарда мұз жамылдым,
Мәселе жоқ басымды қатырмаған.

Мен Ғанимын -
Мертіккен арыстанмын,
Қас жауымен халқымның алысқанмын.
Жеткізем деп бақытқа ұрпағымды,
Заманыммен жармасып, жарысқанмын.

Мен Ғанимын -
Шығыстың шынарымын,
Ұлы істерге бастаған Ұларымын.
Арман - мұңын халқымның іліп алып,
Шарықтаған қияда қыранымын.

Мен Ғанимын -
Шын сөздің ұстасымын,
Әлихан, Міржақыптың тұстасымын.
Мағжан мен Ахметтің бауырымын,
Жалын жүрек жастардың ұстазымын.

«Жас Алашпын»– халқымның үнімін мен,
Аппақ арым, тап - таза тілімін мен.
Қармалаған халқымның қараңғыда,
Шыға келген алдынан Күнімін мен.

«Жас Алашпын» –
Алаштың ұранымын,
Айбынымын, ұлтымның құралымын.
Қат күндерде жағылған шырағымын,
Шат күндерде сағынған жыр - әнімін.

Қорытынды. Мұғалім сөзі
Расында 110 жасқа толған 23 жасар бала тұлғасы – елдікті қастерлеген, ерлікті ұлықтаған еліміздің әрбір азаматы, өскелең ұрпақ, жас өркен болуы үшін алыстаған сайын жақындап, жақындаған сайын асқақтай түсер бір ерен бітім.
Аз ғұмырында артында өшпес із қалдырған Ғани өмірі - бүгінгі тәуелсіздігімізге жетер жолдағы күрес тарихының қастерлі бір парағы, қара басынан қалың бұхараның қамын, бұхараның қалын жоғары қоятын парасаттылықтың баяны, жақсылыққа жетелеген ізгіліктің үлгісі деп танимыз. Сондықтан да Ғани рухын құрметтеу ұрпақ парызы деп білеміз.
Оның бейнесі біздің жадымызда 23 жастағы жігерлі де қайратты жас күйінде қала бермек.
4 343
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани                                                                      бейнесі
Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі
8 сынып оқушысы Әбдісәмет Қаракөз Ерланқызы Жетекшісі: Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әнуарбек Шахноза Әлішерқызы Жетекшісі:география пәнінің мұғалімі Қожамұратов Серік Игілікұлы Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Шығыс шамшырағы ұрпақтарға ұлағат
Шығыс шамшырағы ұрпақтарға ұлағат
Оқушыларға Шығыстың жарық жұлдызы атанған. ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ғани Мұратбаев өмірінен және елге сіңірген еңбегі туралы мағлұмат беру.
Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Қазалының киелі топырағында айналаны шаттыққа бөлеп Ғани дүниеге келді. Әрине, ол кезде Ғаниды шығыстың болашақ жаужүрек жалынды ұланы болатынын ешкім білген жоқ.
Ғаниға құрмет-ұрпаққа құрмет
Ғаниға құрмет-ұрпаққа құрмет
Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы - демократ, патриот жерлесіміз Ғани Мұратбаев қып - қысқа ғұмырында елі үшін елеулі қызмет атқарды.
Жалындап өткен жас ғұмыр
Жалындап өткен жас ғұмыр
Ғани – Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі. Қазақ халқының көгінде құйрықты жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, ел - жұртын жалын жүрегімен жылытып өткен Ғани Мұратбаев халықты ізіне ерте білді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×