Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІғ.басы)

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Ресурстар:- Интертақта, интернет, видеоролик, слайд, таратпа материалдар.
Сабақтың міндеті: - Тақырып тұжырымдамасы туралы ақпараттандыру,
- Ел тарихын білуге және бағалай білу дағдыларын қалып тастыру,
- Логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушының оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, оқиғаны дәлелді баяндауға баулу, шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі:
- шығармашылық тапсырмалар беру арқылы қызығушылықтарын ояту,
- топта ашық ой - пікір қатынастарын қамтамасыз ету,
- Сөйлеу мәдениетін, терең ойлау қабілеттерін дамыту.
Негізгі идея: Қыпшақ хандығы жайлы тарихи құжат, естелік, баспасөз материалдарымен, көркем әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
Тапсырма көздері:
1 - тапсырма. « Кім жүйрік?» ауызша сұрақ - жауап сайысы. 1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2 - тапсырма. Шығармашылық стратегиясы. Тақырып бойынша әр топқа тапсырма (әңгіме, өлең, жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус құрау) беріледі.
2 - модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сергіту сәті. «Қызыл өрік» музыкалық жаттығу. 4 - модуль. АТК.
3 - тапсырма.«Тарихи диктант». Тақтаға тақырыптан бірнеше сөйлемнің бір сөзін тастап жазып, топтарға таптыру, топтарды бір - біріне бағалату.
1 - модуль. Оқытудағы жаңа тәсілдер.
4 - тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс. Тақырыптағы жаңа сөздерді дәптерлеріне жазғызып мағыналарын анықтату.
2 - модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Бағалау. Оқуды бағалау, топты бағалау, ОүБ, кері байланыс.
Кейінгі тапсырма: Қыпшақ хандығы - эссе жазу, тест құрау.
Рефлексия. «Екі жұлдыз - бір тілек».
Ұйымдастыру
Сыныппен байланыс орнату.
- Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік
- Балалар сәлемдеседі.
- Балалар, сабағымызды сұрақ - жауап арқылы тәлім сәтінен бастайық.
- Балалар, көңіл - күйіміз қалай?
- Жақсы!
- Ерекше сабақ өтуге дайынбыз ба?
- Дайынбыз!
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды
осындай көңіл - күймен бастайық.
Хормен:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.
Әрбір адам - туыс, дос, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің - шындық,
бірлік, адалдық.
Топқа бөлу
Оқушыларды суреттерді таңдау арқылы үш топқа бөлдім:
- оқушылар топқа бөлінеді.
1. Алма тобы.
2. Шаңырақ тобы.
3. Жүрек тобы.
Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Өткен тақырыпқа шолу.
- Өткен сабағымызда қандай мемлекеттің тарихымен таныстық? Оқушылардың болжамды жауаптары
- Қарақытай мемлекеті тарихымен танысып, білдік.
«Кім жүйрік?» жалпылама ауызша сұрақтар арқылы тақырыптық білімдерін анықтаймын.
Интербелсенді әдіс: бір - бірінің ойын жалғастыру, қарсы сұрақ қою
Оқушылар болжамды жауаптары: Қарақытай мемлекетіне байланысты сұрақтарға жауап береді және топтар бір - бірін бағалайды..
Сабақ тақырыбын ашу. Сұрақ: ХІ – ХІІІ ғ. бас. Алтай мен Ертістен бастап, Днестрге дейінгі кең - байтақ аймақты алып жатқан ел қайсы ел екенін білесіңдер ме?
- Ол жерде кезінде саяхатшылар П. Карпини мен Г. Рубрук болған, олар туралы еңбектерінде көп деректер келтірген.
Оқушылар болжамды жауаптары: - Қыпшақ хандығы болар...
Қыпшақ хандығы туралы деректер П. Карпини, Г. Рубрук, Петахья, И. Баттута, Әл - Омари еңбектерінде кездеседі.
Тысаукесер Қызығушылығын ояту. Видеоролик көрсету. «Түркі әлемі
Логикалық ойлауға жетелеу
Миға шабуыл:
- Түркі әлемінде Шыңғысханның жаугершілік жорығына дейін ұланғайыр қазақ даласында қандай мемлекет өмір сүрген?
- Дешті Қыпшақ мемлекеті.
Есіл, Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірлерінде көшіп қонып, біздің Маңғыстауда, Үстіртте қыстайтын тайпалар туралы не айта аласыңдар?
- Жалпылама қыпшақтар деп атаған.
Электронды оқулықты пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.
Слайд көрсету, тірек сызбалар, пайдаланамын.
Картада біздің қазақ даласы түгелдей Қыпшақ хандығының құрамында болған.
Негізгі бөлім Түсіну үшін тапсырма
2 - тапсырма.
Шығармашылық стратегиясы арқылы топтарға тақырыптарды бөліп беріп, еркін тапсырмалар (өлең, жұмбақ, сөзжұмбақ, әңгіме, ребус т. б. құрау) беру.
Оқушылар тапсырмаларды бірлесе орындап, топпен қорғайды және топтар бір - бірін бағалайды.
3 - тапсырма. Слайдтағы «Тарихи диктантты» топтарға орындату.
Топтар сөз табудан жарысады.
Сергіту сәті.
«Қызыл өрік» әніне жаттығу жасату.
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Кейінгі тапсырма
4 - тапсырма. Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын дәптерлеріне жаздыру.
Тақырыптағы түркі сөздерінің мағыналарын дәптерге түсіреді.
Слайдпен жұмыс. Тақырыптың басты мәліметтерін қайталау, қиын тұстарын, түсінбеушіліктерді түсіндіру.
Оқушылар түсінбеген жерлерінен сұрақтар қойып, пікірлесу атмосферасын қалыптастырды.
Қорытынды Сабақтың басты сәттеріне тоқталу
- Сабақтағы ең құнды мәлімет не болды?
- Қыпшақ хандығы жайлы тарихи деректер
- Сабақтағы ең жеңіл сұрақ
қандай болды?
- Оңай сұрақ жоқ.
- Балалар, бүгінгі сабақ қалай өтті?
- Өте қызық, түрлі тапсырмалар орындадық, тарихтың қызық екенін сезіндік.
Бағалау.
Топтық бағалау
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар сабақты шеңберге тұрып, бір - біріне тілек айтумен аяқтайды.
5 064
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіреді, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіре отырып, зерттейді.
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Оқушылардың дағдысының дамуы мен ойлау қызметінің тәсілдерін дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту.
Әбілхайыр хандығы
Әбілхайыр хандығы
Тақырыбы: Әбілхайыр хандығы.
Шығармашылық есеп
Шығармашылық есеп
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тоқтаған Манарбек
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×