Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша ашық сабақ.

Тақырыбы: «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тарауын қайталау
Мақсаты:
Білімділік: «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау, құқықтық білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау
қабілетін жетілдіріп және сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік. Оқушылар бойына отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиені сіңіру; алған білімдері негізінде құқықтану саласындағы мамандықты қоса игерту.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, жетондар, тест тапсырмалары, қосымша материалдар және тағы басқалары.
Сабақтың түрі: «Бизнес - жарғы» Іскерлік ойын – сабақ.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, екі топқа алдын ала бөліп қою, көңілдерін сабаққа бейімдеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1991 жылы Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқарушы – Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес тағы басқалары құрылды. 1995 жылы бүкіл халықтық референдумда дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жаңа мемлекеттік органдарды заңдастырып қана қоймай, сонымен бірге азаматтардың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті. Сонымен бірге азаматтардың міндеттері туралы да айтылды.
Біздің өз мемлекетімізді, оның құрылымын білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет алдында қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет.

«Азамат» демек, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы сөзге байланысты болып тұр екен. Жалпы «Азаматтық, азамат» деген ұғымның адамгершілік және заңды деп аталатын екі тарихи жағы бар. Адамгершілік тұрғыдан «азамат» сөзінің мағынасымен таныссыңдар.
Мысалы: үйдегілер біреумен ренжісіп қалса – «менің оған құқығым бар» - деп дауыс көтеріп жатады немесе әкелеріңнің автомобиль жүргізуге құқығы бар, себебі ол кісінің жүргізушілік куәлігі бар, тағысын тағы.

Демек батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Азамат жолы – ар жолы» деп бекерге айтпаған екен ғой, яғни азамат болып ешкімнің ала жібін аттамауымыз үшін заңды да білуіміз керек екен.
Бүгінгі мақсатымыз осы заңды тұлғаға тоқталу. «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбы бойынша өткендеріңді негізге ала отырып « Бизнес – Жарғы» іскерлік ойынын бастайық.
Бүгінгі сабағымыз 5 - бөлімнен тұрады.
1. «Мағынаны тану» клиенттерге тапсырма сұрақтар.
2. «Жағдаят шешу»
3. «Кубизм»
4. «Ой – толғау»
5. Қорытынды.
Ең алдымен «бизнес» сөзінің мағынасымен таныстыра кетейін. Бизнес – экономикалық кәсіпкерлік пайданы арттыруға бағытталған іс.

«Бизнес – жарғы» іскерлік ойынының шарты:
1. «Банкир» - мұғалім. Ондағы қор – білім.
2. «Клиент» - оқушы. Ол білімге сұраныс тудырушы.
3. «Кеңесші» - топтың көмекшісі, бағыт беруші.
Банкир клиенттер мен кеңесшіге тапсырмалары бар үлестірмелер мен несиеге жетондар береді. Сұрақтар бойынша қиындықтар туып қалса, клиенттердің кеңесшіден көмек сұрауына болады. Клиенттер дұрыс жауап беруге көмектескені үшін кеңесшіге бір сұраққа 1 жетон береді.
Егер кеңесші топтың сұрағына дұрыс жауап бере алмаса, банкирге 2 жетон береді. 1 - топтың сұрағына жауап беруге қиналған жағдайда 2 - топ ол сұрақты сатып ала алады. Егер клиенттер кеңесші көмегінсіз өздері дұрыс жауап бермесе, банкирге 1 жетон береді. Дұрыс жауабы үшін қоржындарына 1 жетон жинайды. Ойын соңында клиенттердің жетон санына байланысты ұпайлары шығарылады.
Дербес өмір сүруге әзірлеп жүрген өздеріңдей жастарға осының бәрін біліп қана қоймай, өзін мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсене қатысатын азамат етіп қалыптастыру үшін де маңызды болмақ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата заң – алтын діңгегім!
Ата заң – алтын діңгегім!
Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Біз құқығымызды білеміз бе?
Біз құқығымызды білеміз бе?
№3Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Ата заң аппақ үміт, асқақ мақсат
Ата заң аппақ үміт, асқақ мақсат
Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×