Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу

16 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сыныптар: 10
Тақырыбы: Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Мақсаты:
Білімділігі: Үтіктеу жұмысында булау, тазалаудағы ерекшеліктерін түсіндіреміз.
Дамытушылығы: Оқушылардың үтіктеу жұмысына қандай талаптар қойылатындығын әңгімелейміз. СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда ой - қабілетін дамытамыз.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелейміз.

Міндеті:
1. Үтіктеу түрлерін атаймыз;
2. Бұйымды өңдеу кезінде үтіктеудің басты қажеттілігін түсіндіреміз;
3. Қазіргі заманғы үтіктің ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланылатын стратегия: «Ой қозғау», « Ұқсастық пен даралық»
Көрнекілік: Дайын бұйым, үтік, т. б.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі. Физика.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз

Үйге тапсырманы тексереміз
1. Қандай маталар тігу кезінде ерекше назар аударуды талап етеді?
2. Оңы, солы бірдей матаның атауы қалай атайды?
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
«Ой қозғау» стратегиясы:
- Ылғалды – жылулықпен өңдеуде булау, тазалау бағытында әңгімелейміз;
- Сынып оқушыларымен ой бөлісеміз;
- Ойымызды жинақтаймыз.
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы: (Бірнеше бұйым үлгілеріне қадағалау арқылы, ұқсастығын табамыз)

Мағынаны тану:
Бұйым сапалы болу үшін ылғалды – жылулықпен өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйым тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп
отырады. Үтіктелеген кезде матаның түріне байланысты қажетті температураны белгілеп, үтіктеп қыздырамыз.
- 200 С - тан жоғары емес температура (мақта - мата және зығыр кездемелер);
- 150 С - тан жоғары емес температура (жүннен жасалған және жібек маталар);
- 100 С - тан жоғары емес температура (синтетикалық мата).
Көптеген дайын бұйымдардың зат белгілерінде ылғалды - жылулық өңдеуге қажетті температура көрсетіледі. Ол үтікті қажетті температурада қыздыруға көмектеседі.
Ылғалды - жылулық өңдеуді әрбір тігісті орындағаннан кейін бөліктерді қосып болғаннан кейін және тігіп болғаннан кейін орындау қажет.
Қызығушылығын ояту: 1. Үтіктеу кезеңінде келеңсіз жағдайларын мимикалық көрініс ретінде көрсетеміз.(бұл әдіс оқушы есінде қалатындығына сенімдімін)
- Баусымды тексеру әдісін көрсетеміз
- Су қолмен тоқты қосу және өшіру кезеңіндегі көрініс
- Үтіктеу кезеңінде алаңғасарлық көрінісі.

2. Үтіктеу жолдар(бұнда оқушы киімді үтіктеудің әдісін көрсетеді)
3. Пайдалы кеңестер: Үтіктің беті қарайып кетсе қыруға болмайды. Қырған жағдайда сызылып, бұйымды үтіктеген кезде, бұйым бетінде жіптерін іліп алу не жырып өтуде мазаңызды алатындай болады. Бұндай жағдайда Ақ қағазға ас тұзын салып, үтікті қыздырып, қағаздағы тұздың үстіне үтікті үйкелеп аламыз. Үтіктің бетіндегі қара дақтан құтыламыз.

Ой қорыту: Мағынаны аша отырып, сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушының түсінігін, үтіктеу кезінде қауіпсіздік сақтау ережесін есте ұстауын қадағалаймыз.
Үй тапсырмасы: Өз бетімен үтіктеу.
15 411
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Бисквит қамырының негізін құрайтын тағамдардың өзіндік ерекшеліктерін атаймыз, СТО бағдарламасы арқылы стратегияны пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз;
Технология 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технология 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технология пәні бойынша 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Бұйымды үткітеу әдісі
Бұйымды үткітеу әдісі
Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Үй гүлдерін отырғызу
Үй гүлдерін отырғызу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Құрақ құрау
Құрақ құрау
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×