Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзіңе деген махаббат

01 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мақсаты: Мұғалімдерге сабақтың тақырыбы туралы мағлұмат беру. Махаббаттың жалпы құндылықтары арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Міндеттері: Мұғалімдердің шығармашыл тұлға ретінде дамуына жағдай жасау
Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, үнтаспа, жүрекше, ашық хаттар

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Өзіңе деген махаббат – тамаша нәрсе, өйткені ол – адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі. Адам өзін – өзі қабылдай білсе, істеген іс-әрекеттерін бағалай алса, сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса, біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болады. Өмірімізде қызыққа толы ғажайыптар көбірек болады. Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді. Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыратын едік. Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.

ІІ. Тыныштық сәті
Шаттық шеңбері кезінде
Мағынаны тану
Гүлдің сыры аңызы оқылып, талданады.

Ой қозғау
Әрбір адамның яғни сіздің бұл өмірге келуіңіз кездейсоқ емес, демек әлемге сіз керексіз, әйтпесе сіздің орныңызға басқа адам келетін еді. Әр адам өмірге келген соң өзіне лайықты міндеттелген борышын атқаруы тиіс.
Не үшін сіз басқа адам сияқты болуыңыз керек, басқа біреуге еліктеуіңіз керек?
Сіз бұл өмірге өз үлесіңізді қосу үшін келдіңіз және бұл сіздің ғана қолыңыздан келеді. Өзіңізге мұқият қарасаңыз, сіз сияқты адам бұл әлемде жоқ екендігін байқайсыз, сондықтан басқа адам болудың қажеті жоқ. Демек, адам өзі ғана өз өміріне қуаныш, жарық, нұр сыйлай алады.

ІҮ. Кейіпкерге хат
Аңыздағы өзіңізге ұнаған кейіпкерге хат жазыңыз.
(Жұп болып орындайды)

Ү. Ойын “Мен кіммін?”
Берілген тапсырма бойынша психологиялық тест беріледі.

ҮІ. Ой толғаныс
Бүгінгі сабақты қорытындылай келе түйгенімізді ортаға сала отырып, әрқайсысымыз өз жүрегімізге деген тілегімізді және махаббатымызды білдіру үшін тілек кемесі арқылы хат жазамыз.

ҮІІ. Талқылау
Сөз соңында айтарым ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды. Барлық іс – әрекет тіршілікпен негізделсе, демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый құрметімен махаббаты болуы керек. Шығыс даналығы айтқандай сіз басқа адам бола алмайсыз, тек қана өзіңіз ғана бола аласыз. Сол себепті сабыр сақтаңыз. Қоршаған орта сізді дәл осы қалпыңызда қабылдайды.
ҮІІІ. Жүректен жүрекке

“Алғашқы махаббат” әні айтылады.
“Алғашқы махаббат”
1. Өртенген сезімді
Қалайша өшірем
Балауса кезімді
Қайтып мен кешірем.
Қайырмасы:
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді.
Мәңгілік бақ құсы
Қоштасқым келмейді
2. Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған
Қайырмасы:

Барлығыңызға жақсылық тілейміз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
Өзіңе сенімділік неден құралады. Луиза Хейдің кеңесі
Өзіңе сенімділік неден құралады. Луиза Хейдің кеңесі
Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе - теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.
Махаббат – өмір нәрі
Махаббат – өмір нәрі
Астана қаласы, № 53 лицей - мектептің биология және өзін - өзі тану пән мұғалімі Малгельдинова Қизат Айдарханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×