Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интербелсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану

02 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Алматы облысы, Іле ауданы,
«№20 орта мектебі» мкм - нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оманова Гүлзат Төребекқызы

Интербелсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану

Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006жылы мамыр айында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында осы мәселені келесі сөздермен дәлелдеп берген: «Қандайлық жақсы және кәсіби болса - дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды».(Н. Назарбаев Инновациялармен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына.- Егемен Қазақстан 2006ж, мамыр)

Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді әдістердің айырмашылықтарын көруге болады

Дәстүрлі сабақ
1. Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді, белсенді
2. Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.
3. Оқытудың басым түрі - түсіндіру
4. Сабақтың негізгі бөлігі - жеке - жеке бағалау
5. Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді

Интербелсенді әдіс
1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды
2. Мұғалім - бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды
3. Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді
4. Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады
5. Жұппен және топпен жұмыс

Р. М. Микельсон өзіндік жұмыстарды: «Оқушылар тапсырманы ешқандай жәрдемсіз, бірақ, мұғалімнің бақылауында орындайтын іс»- деп ескертеді. Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді. Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып, соларды қайталап беруді талап етеді. Мен айтып берсем - оқушы түсінеді»деген қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады. Бүгінгі күні мұндай түсінік тіпті ескіріп кеткен. Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек(ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру т. б)
Мектепке жаңа келген мұғалімсіз. Оқушылардың назарын қалай аударасыз. Бұл кезде мұғалім интербелсенді оқытудың мына шарттарымен таныс болуы керек:
- Жағымды психологиялық орта орнату(мыс, биопоэма, ізгі - тілектер т. б)
- қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақты сұрақтар қою (мотивация, ұмтылыс тудыру)
- ұжыммен жұмыс жүргізу(психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру)
Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз, өзіңізді қандай ұстаз екендігіңізді байқатасыз, әрі оқушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады.

Мұғалім оқушыда қызығушылық тудыруы үшін мынадай тәсілдерді қолдануына болады:
1. Газет - журналдардан қызықты бір оқиғаны айтып беріңіз.(оқушылар газет - журналға қызыға бастайды)
2. Даулы немесе басқалардың көзқарасына кереғар пікір айтыңыз. ( оқушы өз ойын еркін жеткізуге әрекеттенеді)
3. Өз өміріңізден немесе іс - тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.( сізге ұқсауға немесе мамандық жайында пікірі өзгереді).
4. Ситуациядан шығатын тапсырмалар беріңіз, қалғанын оқушы жалғастырсын ( шығармашыл болуға әрекеттенеді).

Егер мұғалім төмендегідей жұмыс жүргізсе, оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.
1. Мұғалім оқушымен аз араласса;
2. Мұғалім білімді өзі беріп, оқушының ой - пікірімен санаспаса;
3. Мұғалім оқушылардың кемшіліктерін бетіне айтса;
4. Оқушы ойын бөліп, тек өзі сөйлей берсе;
5. Төтесінен қойылған сұраққа жауап беруде қиналса т. б

Енділікте білімнің басты мақсаттарының бірі «Диалог пен қарым-қатынасқа үйрету» деп қарастырамыз. Сайып келгенде тіршіліктің негізі осындай қарым-қатынас пен диалогқа орнығады. Өмірде ең керекті білім - қоғамда қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу.
Бүгінде диалогтың екі түрі айқындалады: ақпараттық және түсіндірмелік (интерпретациялық). Ақпараттық диалогтағы қарым - қатынасқа қатысушылардың арасында білім деңгейлері тұрғысынан алшақтық болады, ал интерпретациялық диалогта қатысушылардың білімдері біркелкі болып, тек түсініктері ғана әртүрлі болады.(О. Гойхман, Т. Надина, 131)
Әдетте оқу/оқыту процесінде ақпараттық диалог жиі кездеседі, өйткені көп жағдайда оқытушы сабақты өзінің мол тәжірибесінен оқушыларға беру процесі деп түсінеді.
Диалогты интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, өйткені мұндай әдістер қарым - қатынас процесінің қатысушыларын ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына әкеліп, өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.

Мотивация ережелері:
 Қызығушылық тудыру;
 Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап қолдап отыру;
 Жүргізуші ( мұғалім ) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі;
 Таңдауды әрдайым үйренушілердің өздері жасаған жөн.

Топтық жұмыс
Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір - біріне деген жылы сезімдер орнайды.
1. Жұмыс ережесі айқындалып, уақыт белгілеу керек
2. Тапсырма берілген соң, топ ішінде талқылануы керек
3. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырмау керек
4. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап немесе ол туралы есеп беруі керек

Мұнда келесідей талаптарды ұстануға болады:
 Тыңдай білу керек!
 Бірлескен жұмыстарда көрермендер жоқ - бәрі де қатысушылар!
 Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек!
 Жанжалдарды болдырмау керек!
Сабақ аяғында (кері байланысты ұйымдастыруда) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды.
Сабақ кезінде оқушыларды жалықтырмас үшін, ойсергектер өткізуге болады. Мысалы: есім - акроним, « өзіңе тілегенді - басқаларға тіле!», көршінің суреті, тақырыпты жасыру т. б.
Пікірталас
Оқушылардың бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасу әрекеттері. Пікірталаста оқушы өз ойын еркін, ашық айтады, тосыннан сұрақ қояды, талқылайды, білім аясын кеңейтуге әрекеттенеді.
Пікірталас ережелері:
1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеті сыналмай, тек пікірлермен көзқарастар сыналуы тиіс.
2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету
3. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды
4. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.
Кейде теледидарда біз өзі жақтаған позицияға қарсы айтылған ұғымды дәлелді, сабырлы түрде қабылдай алмаған жүргізушілердің күйіп – пісіп, пікір білдірушінің сөзін бөлетіндігін көріп жатамыз. Бұл – пікірталасты сәтсіз тұрғыдан жүргізу үлгісі. Ұстаз пікірталаста шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей біліуіне үйренуге шақырады.
5 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа талпыныс, жаңа бағыт
Жаңа талпыныс, жаңа бағыт
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.
Ақпараттық технологияларды cабақтарда пайдалану тиімділігі
Ақпараттық технологияларды cабақтарда пайдалану тиімділігі
Адамдардың мәлімет алмасуына, қарым - қатынасына ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатыр.
АКТ – нәтижелі білім берудің көзі
АКТ – нәтижелі білім берудің көзі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханбетова Күнсұлу Нұраддинқызы
Шығармашылық есеп
Шығармашылық есеп
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тоқтаған Манарбек
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Даулетиярова Айман Біржанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебі
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×