Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің пайымдауымдағы білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру

14 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Алматы облысы, Карасай ауданы,
М. Габдуллин орта мектебі - мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика және информатика пәнінің мұғалімі Ж. Темиргалиева

Менің пайымдауымдағы білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру.

Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген өзекжарды мәселелердің бірі – ұлттық білім беру. Ұлттық білім берудің ғылыми негізін қалаған белгілі ағартушылар мен ғалым - педагогтар – Я. А. Коменский, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев.
«Орыс мектебін орыс мектебі қылу қажеттілігі туралы» деген мақаласында К. Д. Ушинский сол кездегі орыс мектебінің кемшіліктерін сынай келе, мынадай қорытындыға келеді: «Швейцария, Германия, Англия мен Америкада білім 3 түрге бөлінеді: қажетті, пайдалы, ұнамды. Соның ішінде ұлттық білімнің негізіне қажетті білім алынады. Қажетті білім баланың жанына, ең алдымен, негіз болып ұялаулы тиіс. Әр адамға сондай қажетті білім болып табылатын: өз тілінде оқи білу, жаза білу, санай білу, өз дінінің негізі мен өз Отанын білу».

Бұл ойлардың бүгінгі ұлттық мектептерге, соның ішінде жаңадан қалыптасып келе жатқан Қазақстандағы ұлттық білім беруге де тікелей қатысы бар.
Білім берудің «жансыз», дәрменсіз болуының басты себебі – ұлты мен дербестігінің жоқтығында. Әрбір білім беру орны адам тәрбиелеуді жалпы міндет тұтса, ел алдымен оны белгілі елдің азаматы қылып, сол қоғамның талабына сәйкес тәрбиелеуге міндетті. Бағыт – сол ұлттың мінезі мен болмысы жалпыға бірдей тәуелді болуы тиіс. Білім беру жүйесі қоғамдық күйзеліс жағдайында, дәстүрлердің құлдырап тұрған кезінде отбасының жоғалтқан кейбір міндеттерін өзіне алып, ұлттың әлеуметтік денсаулығын сақтап қалу керек. Ол үшін білім беру жүйесі ұлттық деңгейде болуы қажет. Білім мен тәрбиенің негізі міндетті түрде ұлттық болмай, өз Отанының алдындағы борышын өтемей, жалпы адамзатқа қызмет істеу мүмкін емес. Орыстың ғалым - педагогы С. И. Гессеннің: «Егер білім беру жүйесі ғылымдық, көркемдік және адамгершілік талаптарға сай келсе, сонда ғана ол шынайы ұлттық болып есептелуі керек» деген пікірі ойды толықтыра түседі.

Ұлттық білім мазмұны қандай болуы тиіс? Бұл мәселелермен шұғылданып жүрген ғалымдардың пікірін байқап көрейік. А. Я. Данилюктың пайымдауынша «Ұлттық білім беру – оқушылардың әлемдік мәдениет аясындағы ұлттық мәдениетті меңгеруге, сонымен қатар оны шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған әлеуметтік қызмет атқаратын білім жүйесінің гуманитарлық құрамдас бөлігі. Ұлттық білім жүйесінің негізін қалайтын ең алдымен, гуманитарлық пәндер деп ойлаймын. Себебі, гуманитарлық білім жүйесінің басты міндеті – объективтік тарихи - мәдени үрдістің сәйкес келуімен қатар отандық мәдениетке оқушылардың танымын қалыптастыру болып табылады. Бұл пәндер отандық мәдениетті сол қалпында сақтап қана қалмай, оның дамуын қамтамасыз етеді. Бұл пәндер арқылы ұрпақтан - ұрпаққа мәдениет жалғасып отырады.
Қорыта айтқанда, басқаның мәдениетін өз мәдениеті арқылы қабылдау қағидасы жүзеге асырылуы тиіс. Алдымен оқушының жанын, көкірегін тазалап тәрбиелемеген соң, оған математиканы ұқтырып не керек, шет тілін жаттатып не керек?
Сонымен ұлттық білім орны деп -- өз ұлтының тарихын, өз ұлтының мәдениетін, өз ұлтының тілін, әдебиетін оқытатын орынды айтамыз. Оның басты белгісі – онда халықтың ұлттық рухы болуы тиіс.

Ұлттық білім барлық жұмыс түрлерінен, білім берумен қатар тәрбие жұмыстарының барлық мазмұнынан көрінуі қажет.
Ұлттық мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері:
1. Оқушыны ұлт алдында тұрған ерекше істерді шешуге даярлау.
2. Өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, түп тамырынан үзіле жаздаған ұрпақты ата - баба салты мен дәстүрі, әдет - ғұрпымен қайта табыстыру.
3. Тәрбие жүйесін ұлттық мәдениет пен ұлттық педагогикаға негіздеу.
4. Ұлттық білім берудің тұжырымдамасын жасауда ұлттың жалпы санын, орналасу аудандарын, оқулық шығару мүмкіндіктерін ескеру.
Ұлт болашағы мен ұлт өкілінің тағдыры бір - бірімен тығыз байланысты, бір - біріне тәуелді. Сондықтан қазіргі қазақ мектебінде ұлттық білім беру - ұлттың болашағына сәуле шашумен тең. Бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалысты ХХ ғ. басында Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар жалғастырды. Қазақ халқының іргелі ел болуы үшін олар ұлттың тілі мен әдебиеті, мектебі мен баспасөздің аса қажет екеніне барша жұрттың назарын аударды, білім берудің ұлттық жүйесі болу үшін онда сол халықтың қаны мен жаны, рухы болуы тиіс деді.

Айтылған ой - пікірлер білім берудің ұлттық моделін былайша құрастыруға мүмкіндік береді:
Мақсаты: Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру. (М. Дулатов)
Міндеттері: 1. «Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығару». (М. Дулатов)

2. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуі тиіс». (М. Жұмабаев)
Мазмұны: «Оқу - жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс». (А. Байтұрсынов)
Әдіс - құралдары: « Әдебиетті, тарихты және географияны біріктіріп (интеграциялап) «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет. Өлкенің географиясын оның тарихы мен әдебиетінен бөліп қарауға болмайды. Алдымен балаларды күнделікті өмірдің тұрмыс - салты, тіршілігімен байланысты өз жұртының тарихын оқытудан бастаған жөн». (М. Дулатов)
«5 жылдық бастауыш мектептің алғашқы үш жылын тек қазақ тілінде оқыту». (А. Байтұрсынов)
«Баланың тіл байлығын арттыруға, еркін сөйлей білуіне көңіл бөлу басқа тілдердің тіл үйренуге көмекші құрал болуын қарастыру».
(Ж. Аймауытов)

Нәтижесі: «Мұндай балалар мектеп бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлттың ұлы болып қалады». (М. Дулатов)
Бұл сонау ХХ ғасырдың басында зиялы азаматтардың ұлт болашағын ойлап, ана тілінің табиғи тазалығы туралы, оқытылатын пәндердің бәрі ұлттық болмысымызға үйлесуі қажеттігін көрегендікпен болжап, зерделі ой тастағанын көрсетеді.
4 738
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×